1-тақырып. Кәсіпорын шаруашылық объектісі, экономикалық жүйенің негізгі буыны ретінде


Өтімділік және қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері



бет64/67
Дата12.09.2022
өлшемі261,87 Kb.
#149266
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   67
Байланысты:
1-та ырып. К сіпорын шаруашылы объектісі, экономикалы ж йені

2. Өтімділік және қаржылық тұрақтылық көрсеткіштері
Баланс өтімділігін талдау кәсіпорынның несие қабілеттілігін бағалау үшін жүргізіледі. Өтімділік кәсіпорын міндеттемелерінің жабылуымен, оның активтерінің ақшаға айналу мерзімі міндеттемелердің өтелу мерзіміне сәйкес келуімен анықталады. Кәсіпорын активтері былайша бөлінеді:

  1. Неғұрлым өтімді активтер (кәсіпорынның ақшалай қаражаттары мен қысқа мерзімді салымдары) неғұрлым жедел міндеттемелерден (несие қарыздары мен басқа қысқа мерзімді пассивтер) көп немесе тең болуы тиіс;

  2. Жылдам іске асырылатын активтер (өтелу мерзімі бір жылдан аз дебиторлық қарыз және басқа да айналым активтері) – қысқа мерзімді пассивтерден (қысқа мерзімді қарыз қаражаттары) көп немесе тең;

  3. Баяу іске асырылатын активтер ( ұзақ мерзімді қаржылық салымдарды алып тастағандағы айналымнан тыс активтер) – тұрақты пассивтерден (капитал мен резервтер, болашақ кезеңнің табыстары, алдағы төлемдер мен шығыстардың резервтері) аз немесе тең.

Осы шарттар орындалғанда баланс абсолютті өтімді деп есептеледі.
Өтімділік коэффициенттері есепті кезеңде кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін төлеу қабілетін анықтауға мүмкіндік береді. Олардың арасында неғұрлым маңыздылары келесілер:

  • Жалпы өтімділік коэффициенті;

  • Абсолютті өтімділік коэффициенті.

Жалпы өтімділік коэффициенті айналым құралдарын қысқа мерзімді міндеттемелерге бөлумен есептеледі және кәсіпорында белгілі кезең аралығында оның қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеу үшін пайдаланылуы мүмкін қаражаттар жеткілікті ме жоқ па соны көрсетеді. Халықаралық стандарттарға сәйкес бұл коэффициент бірден екінің аяснда болуы тиіс.
Көбінесе өтімділікті ақшалай қаражаттар көрсеткіші бойынша бағалау сенімді болып табылады. Бұл көрсеткіш абсолютті өтімділік коэффициенті деп аталады және ақшалай қаражаттарды қысқа мерзімді міндеттемелерге бөлу арқылы анықталады. Оның оңтайлы деңгейі 0,2-0,25 тең.
Қаржылық тұрақтылық типтері:

  1. қаржылық жағдайдың абсолютті тұрақтылығы (сирек) – запастар мен шығындарды қамтамасыз ететін жеке меншік айналым құралдары;

  2. қаржылық жағдайдың қалыпты тұрақтылығы – жеке меншік айналым құралдарымен және ұзақ мерзімді қарыз көздерімен қамтамасыз етілген запастар мен шығындар;

  3. тұрақсыз қаржылық жағдай – жеке меншік айналым құралдары, ұзақ мерзімді қарыз көздері және қысқа мерзімді несиелер мен займдар есебінен қамтамасыз етілетін запастар мен шығындар;

  4. дағдарысты қаржылық жағдай – қалыптасу көздерімен қамтамасыз етілген запастар мен шығындар, кәсіпорын банкроттық жағдайында.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет