1-тақырып. Кәсіпорын шаруашылық объектісі, экономикалық жүйенің негізгі буыны ретінде


-тақырып. Кәсіпорында еңбек ақы төлеу



бет26/67
Дата12.09.2022
өлшемі261,87 Kb.
#149266
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   67
Байланысты:
1-та ырып. К сіпорын шаруашылы объектісі, экономикалы ж йені

5-тақырып. Кәсіпорында еңбек ақы төлеу
Берілген тақырыпта еңбек ақының экономикалық маңызы және қағидалары, еңбек ақыны мемлекеттік реттеу мен әлеуметтік әріптестікті дамыту мәселелері, кәсіпорындағы еңбекке ақы төлеуді ұйымдастыру қарастырылған.
Кілт сөздер: еңбек ақы, еңбек ақы қоры, тарифтік жүйе, бірыңғай тарифтік тор, тарифтік ставка, тарифтік-біліктілік анықтамалар, тарифтік разряд, мерзімді жалақы, кесімді жалақы, ынталандырушы төлемдер, компенсациялық төлемдер, лауазымдық оклад.
Дәріс жоспары

  1. Еңбек ақының экономикалық маңызы және қағидалары

  2. Еңбек ақыны мемлекеттік реттеу

  3. Тарифтік жүйе, еңбек ақыны ұйымдастырудағы маңызы және мазмұны

  4. Жұмысшылардың еңбек ақы нысандары және жүйелері

  5. Еңбек ақының тарифтік емес жүйесінің маңызы

  6. Еңбек ақыны ұйымдастырудың шетелдік тәжірибесі



1. Еңбек ақының экономикалық маңызы және қағидалары
Еңбек ақы қызметшілер мен жұмысшылардың негізгі кіріс көзі, оның көмегімен еңбек өлшеміне бақылау және тұтыну іске асырылады. Және ол экономиканы басқарудың маңызды экономикалық тетігі ретінде пайдаланылады.
Еңбек ақы категориясын әр түрлі жақтарынан және қырларынан қарастыруға болады. Жұмыс беруші үшін еңбек ақы өндірілетін өнімнің өзіндік құнына тікелей әсерін тигізетін шығын элементтерінің бірі. Жұмысшы үшін оның өзінің және отбасының қажеттіліктерін қанағаттандыратын негізгі кіріс көздерінің бірі. Сол себепті жұмыс беруші барынша еңбек ақыны аз төлеуге, ал жұмысшы көп алуға тырысады.
Еңбек ақы категориясын әлеуметтік-экономикалық қырынан қарастыруға болады. Экономикалық қырынан қарастырғанда жұмыс беруші жұмысшының жасаған жұмысының қорытындысына байланысты еңбек ақы төлей отырып, оның өндірген тауарын сату арқылы өзіне пайда табады. Әлеуметтік тұрғыдан қарастырғанда еңбек ақы жұмысшының негізгі кіріс көзі болып табылады және еңбек ақы деңгейіне байланысты оның әлеуметтік қажеттіліктері қанағаттандырылады.
Ұйымдарда еңбек ақы төлеуді ұйымдастыру мыналарды қамтиды:

  1. еңбек ақы жағдайын (нормасын) бекіту

  2. еңбек шығындарының нормасын бекіту (жұмысшының еңбек міндеттерін)

  3. еңбек ақы жүйесін анықтау.

  4. еңбек ақы төлеуді ұйымдастыруға байланысты өзгерістерді енгізу тәртібі

Жалпы еңбек ақы дегеніміз жұмысшының жасаған жұмысының саны мен сапасына және жұмыс күрделілігіне байланысты төленетін төлем.
Нарықтық қатынастар жағдайында еңбек ақы мәселесіне байланысты кәсіпорын саясатына мына факторлар әсер етеді:

  1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайы

  2. Аймақтағы жұмыссыздықтың деңгейі

  3. Еңбекақыны мемлекеттік реттеу деңгейі

  4. Бәсекелестер төлеп отырған еңбек ақы деңгейі

  5. Өмір сүру құнының деңгейі

  6. Кәсіподақ және жұмыс берушілер

Кәсіпорындағы еңбек ақыны ұйымдастыру келесі принциптерге негізделеді:

  • Шығындалған еңбектің саны мен сапасын және ұжым жұмысының нәтижелерін объективті бейнелейтін мөлшерде жұмыскерлерді марапаттау;

  • әрқилы меншік формасы негізінде әрекет ететін кәсіпорындар мен ұйымдарға еңбек ақы мәселесі жөнінде барынша дербестік ұсыну;

  • минимальды еңбек ақы мөлшерін мемлекеттік реттеу.

Еңбек ақыны ұйымдастырудың жекелеген элементтері еңбек ақы қорын қалыптастыру, тарифтік жүйе,еңбек ақы формалары мен жүйелері,ұжымдық келісімшарттар мен салалық келісімдер болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет