1-тақырып. Кәсіпорын шаруашылық объектісі, экономикалық жүйенің негізгі буыны ретінде


Кәсіпорындағы персоналды басқару тұжырымдамасы



бет25/67
Дата12.09.2022
өлшемі261,87 Kb.
#149266
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   67
Байланысты:
1-та ырып. К сіпорын шаруашылы объектісі, экономикалы ж йені
Mathcad для студента, OK MU MathCAD RU 2009, Создание отдельных элементов графического интерфейса, 1 Зертханалық жұмыс (1), эссе, Силлабус, Физика Жауаптар-2, ответы с 14 -25 теория, 1-6 Билеты, Изотермиялы процесс те деуі (m=const; T=const), педагогикалық мамандыққа кіріспе Силлабус-1, алгебра 7-12, тест каз мол 300 тестов, 1лек ИИ
5.Кәсіпорындағы персоналды басқару тұжырымдамасы
Персоналды басқару – кәсіпорынның еңбек ресурстарымен және олардың фирма ішіндегі қатынастарымен байланысқан менеджмент бөлігі. Ол кәсіпорын мақсатына жету үшін жұмыскерлердің потенциалын неғұрлым тиімді пайдалануға бағытталған функционалдық қызметтің ерекше түрін көрсетеді.
Персоналдың дамуы және қозғалысы кадр саясатын әзірлеумен және іске асырумен байланысты. Кәсіпорындағы кадрлармен жұмысты барлық сызықтық басшылар, сондай-ақ кейбір функционалдық бөлімдер және жеке мамандар мен менеджерлер іске асырады (кадр бөлімі, еңбек және еңбек ақы бөлімі, техникалық үйрету бөлімі, ресоналды басқару бөлімі, кадрларды басқарушылар).
Кәсіпорынның жұмыс күшіне деген қажеттілігін қанағаттандыру фирманың жеке ресурстарын тарту формасында және жұмыскерлерді басқа жақтан тарту (жалдау) формасында жүзеге асуы мүмкін. Жалдау кәсіпорынға жұмыскерлерді тарту жөніндегі шаралар жүйесін, үміткерлерді зерттеу және оларды сұрыптау процесін енгізеді.
Персоналды орналастыру – бұл қабылданған жұмыскерлерді олардың қабілеттері мен кәсіпорындағы еңбекті ұйымдастыру жүйесіне сәйкес бөлімшелер мен жұмыс орындарына бөлу.
Персоналды кәсіби үйрету жұмыскердің қабілеті мен мүмкіндігін жұмыс сипаты мен мазмұнына сәйкестендіруді қамтамасыз ету қажеттілігімен байланысты. Персоналды үйретудің екі негізгі формасы бар: ішкі өндірістік (тікелей жұмыс орнында) және өндірістен тыс.
Еңбек жағдайы – бұл еңбек қызметін іске асыру процесінде кәсіпорын жұмыскерлерінің денсаулығы мен жұмысқа қабілеттілігіне әсер ететін псхофизиологиялық, санитарлық-гигиеналық және эстетикалық факторлардың жиынтығы. Еңбек жағдайын бағалаудың санитарлық-гигиеналық критерийлеріне сәйкес төрт класс бөлінеді: қалыпты, жіберілетін, залалды және қауіпті.
Ұсынылатын әдебиет тізімі

  1. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 414 Кодексі

  2. Әбдікерімова Г.И. Кәсіпорын экономикасы: Оқу құралы. – Алматы:Экономика, 2008

  3. Дуламбаева Р. Кәсіпорын экономикасы. Оқу құралы – Алматы: Қазақ университеті, 2011

  4. Ниязбекова Р.Қ., Рахметов Б.А., Байнеева П.Т.,Кәсіпорын экономикасы: Оқу құралы/ Алматы: Экономика, 2008

  5. Экономика предприятия. Учебник под ред. В.Я.Горфинкеля. – М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2012

  6. Выварец А.Д. Экономика предприятия. –М.: ЮНИТИ-ДАНА, 2012

  7. Скляренко В.К., Прудников В.М. Экономика предприятия: Учебник. – М.: ИНФРА-М, 2009

  8. Куатова Д.Я. Экономика предприятия: практический курс – Алматы, 2015





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   67




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет