1-тақырып. Кәсіпорын шаруашылық объектісі, экономикалық жүйенің негізгі буыны ретінде


Кәсіпорын персоналы: түсінігі және сипаттамасы



бет32/102
Дата14.12.2021
өлшемі261,74 Kb.
#126193
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   102
Байланысты:
КЭ дәріс

Кәсіпорын персоналы: түсінігі және сипаттамасы

  • Кәсіпорынның еңбек ресурстарына қажеттілігін анықтау

  • Еңбек өнімділігі: мәні, кәсіпорынды дамытудағы рөлі есептеу әдістері

  • Еңбек өнімділігін өсіру факторлары және резервтері

  • Кәсіпорындағы персоналды басқару тұжырымдамасы


    1. Кәсіпорын персоналы: түсінігі және сипаттамасы

    Кәсіпорынның «еңбек ресурстары» және «персонал» түсініктерін ажыратады. Еңбек ресурстары – бұл халық шаруашылығындағы жұмыстар үшін қажетті физикалық дамуды, білімді және тәжірибені иемденген, еңбекке қабілетті жастағы тұрғындардың бөлігі.

    Кәсіпорын персоналы (кадрлар, еңбек ұжымы) – бұл кәсіпорынның, фирманың, ұйымның білікті жұмыскерлерінің негізгі құрамы. «Кәсіпорын персоналы» категориясы кадрлық потенциалды, өндірістің еңбек және адам ресурстарын сипаттайды. Ол кәсіпорында жұмыс жасайтын және оның тізімдік құрамына енетін әрқилы кәсіби-біліктілік топтардағы жұмыскерлердің жиынтығын бейнелейді.

    Кәсіпорынның еңбек потенциалын сипаттау үшін «персонал» категориясымен қатар «кадрлар», «жұмыс күші», «еңбек ресурстары» және «адам ресурстары» түсініктері қолданылады. Жұмыс күші дегеніміз материалдық игіліктер мен қызметтерді өндіру үшін пайдаланылатын адамның физикалық және ақыл-ой қабілеттерінің жиынтығы. Кәсіпорынның «еңбек ресурстары» түсінігі оның потенциалды жұмыс күшін сипаттайды, «персонал» - бұл жалданып жұмыс жасайтындардың барлық жеке құрамы. Кәсіпорын кадрлары дегеніміз кәсіпорын жұмыскерлерінің негізгі (штаттық, тұрақты) құрамы. Ал «Адам ресурстары» түсінігіне адамның экономикадағы белсенді ролін бейнелеу, жұмыскерлерді қалыптастыру, пайдалану және дамытуға күрделі қаржы салудың экономикалық тиімділігін мойындау есебінен неғұрлым кең және терең мағына қаланған.

    Кәсіпорынның еңбек персоналын өндірістік персоналға және өндірістік емес бөлімшелерінде жұмыс жасайтын персонал деп бөледі. Өндірістік персонал – бұл өндірісте жұмыс жасайтын және оған қызмет көрсететін жұмыскерлер, олар кәсіпорынның еңбек ресурстарының негізін құрайды. Оған негізгі, көмекші, қосалқы және қызмет көрсетуші цехтардың; кәсіпорын балансындағы ғылыми-зерттеу, конструкторлық, технологиялық ұйымдар мен зертханалардың; заводты басқару бөлімдерінің барлық жұмыскерлері жатады.

    Өндірістік персонал жұмыскерлері екі негізгі топқа бөлінеді: жұмысшылар және қызметкерлер.

    Кәсіпорын жұмысшылары – бұл материалдық құндылықтарды жасаумен немесе өндірістік қызмет көрсету және жүктердің орнын ауыстыру жөніндегі жұмыстармен тікелей айналысатын тұлғалар. Жұмысшылар негізгі және көмекші деп бөлінеді.

    Негізгілерге кәсіпорынның тауарлық (жалпы) өнімін жасайтын және технологиялық процестерде, яғни еңбек заттарының формаларын, мөлшерін, жағдайын, құрылымын, физикалық, химиялық және басқа да қасиеттерін өзгертетін процестерде жұмыс жасайтын жұмыскерлер жатады.

    Көмекшілерге өндірістік цехтардағы жабдықтар мен жұмыс орындарына қызмет көрсететін, сондай-ақ көмекші цехтар мен шаруашылықтардың барлық жұмысшылары жатады.

    Өз кезегінде көмекші жұмысшылар функционалдық топтарға бөлінуі мүмкін: транспорттық және тиеу,бақылау,жөндеу, инструменталдық, қойма және т.с.с.

    Қызметкерлер тобында басшылар,мамандар және қызметкерлер сияқты жұмыс жасайтындар категориясын бөледі.

    Басшыларға кәсіпорынның, олардың құрылымдық бөлімшелерінің басшылары және олардың орынбасарлары жатады. Олар сызықтық және функционалдық болып бөлінеді. Сызықтық басшылар салыстырмалы жекеленген шаруашылық жүйелерді басқарады, ал функционалдық басшылар функционалдық бөлімдерді немесе қызметтерді басқарады.

    Мамандарға инженерлік-техникалық, экономикалық жұмыстармен айналысатын жұмыскерлер, яғни инженерлер, нормировщиктер,экономистер,бухгалтерлер, заңгер кеңесшілер жатады.

    Қызметкерлер – бұл құжаттарды дайындайтын және рәсімдейтін,есеп пен бақылау жүргізетін,шаруашылық қызмет көрсетумен айналысатын жұмыскерлер, яғни іс жүргізушілер, кассирлер,табельщиктер, учетчиктер.

    Жұмыскерлердің әрқилы категориясының олардың жалпы санындағы арақатынасы кәсіпорын кадрларының (персоналының) құрылымын сипаттайды. Кадрлар құрылымы жасы,жынысы,білім деңгейі, жұмыс стажы, біліктілігі сияқты белгілері бойынша анықталуы мүмкін.

    Персоналдың кәсіби-біліктілік құрылымы кәсіби және біліктілік еңбек бөлінісі принципі бойынша қалыптасады. Кәсіп дегеніміз белгілі бір білімдер мен тәжірибелік дағдыларды талап ететін еңбек қызметінің түрі. Кәсіп аясында мамандықты бөледі, ол нақтылы өндіріс участогында жұмысты орындау үшін қосымша арнайы білімдер мен дағдыларды талап ететін қызмет түрі.

    Әрбір кәсіп пен мамандық жұмыскерлері біліктілік деңгейімен ажыратылады. Біліктілік жұмыскерлердің берілген кәсіпті немесе мамандықты игеру шамасын сипаттайды және біліктілік(тарифтік) разрядтарында, категорияларында бейнеленеді. Тарифтік разрядтар мен категориялар жұмыстың күрделілік деңгейін сипаттайтын көрсеткіштер болып табылады.

    Жұмысшылардың біліктілік деңгейі разрядтармен анықталады, разрядтар жұмысшыларға теориялық және тәжірибелік дайындығына байланысты беріледі. Біліктілік деңгейі бойынша жұмысшылар біліктілігі жоқ, біліктілігі төмен, білікті және жоғары білікті болып бөлінеді.

    Мамандар біліктілік категориясы бойынша келесідей бөлінеді: 1,2,3-ші категориялы және категориясы жоқ маман.

    Кәсіпорын жұмыскерлерінің кәсіби-біліктілік құрылымы штат кестесінде бейнеленеді. Кәсіпорындар мен ұйымдардың штаттық кестесі – бұл кәсіпорын басшысымен жыл сайын бекітілетін құжат және ол бөлімдер бойынша қызметкерлердің лауазымы топталған тізімді көрсетеді. Штаттық кестені қайта қарау жыл ішінде оған кәсіпорын басшысының бұйрығы бойынша сәйкес өзгерістерді енгізу жолымен іске асырылады.

    Жалдау келісімшарты жасалатын мерзімге байланысты фирма жұмыскерлері тұрақты, уақытша және маусымдық жұмыскерлерге бөлінеді. Тұрақты жұмыскерлерге мерзімсіз жұмысқа қабылданған жұмыскерлер жатады; уақытша жұмыскерлерге белгілі бір кезеңге жұмысқа қабылданғандар; маусымдық жұмыскерлерге маусымдық жұмыстар кезеңінде жұмысқа қабылданғандар жатады.

    Кәсіпорынның еңбек потенциалын сипаттау үшін тұтастай көрсеткіштер жүйесі пайдаланылады.

    Персоналдың сандық сипаттамасы жұмыскерлердің тізімдік, қатысу және орташа тізімдік саны сияқты көрсеткіштермен өлшенеді.

    Тізімдік сан – бұл белгілі бір датадағы жұмысқа қабылданған және жұмыстан шыққан жұмыскерлерді ескере отырып, осы күндегі тізімдік құрамдағы жұмыскерлер саны.

    Қатысу саны - өндірістік тапсырманы орындау үшін жұмысқа шығуы тиіс тізімдік құрам жұмыскерлерінің есептік саны. Қатысу және тізімдік құрам арасындағы айырма тұтастай күндік тұрып қалулардың санын сипаттайды.

    Белгілі кезеңдегі жұмыскерлер санын анықтау үшін орташа тізімдік сан көрсеткіші пайдаланылады. Ол еңбек өнімділігін, орташа жалақыны, кадрлар айналымы, ағымдылығы коэффициенттерін есептеу үшін қолданылады. Бір айдағы жұмыскерлердің орташа тізімдік саны айдың әрбір календарлық күніндегі тізімдік құрам жұмыскерлер санының қосындысын айдың календерлық күндер санына бөлу жолымен анықталады.

    Кәсіпорындағы жұмыскерлердің қозғалысын (айналым) келесі көрсеткіштер сипаттайды:


    • қабылдау жөніндегі айналым коэффициенті – бұл берілген кезеңдегі барлық қабылданған жұмыскерлер санының сол кезеңдегі жұмыскерлердің орташа тізімдік санына қатынасы;

    • шығу жөніндегі айналым коэффициенті – бұл барлық жұмыстан шыққан жұмыскерлердің орташа тізімдік жұмыскерлер санына қатынасы;

    • кадрлар ағымдылығы коэффициенті - бұл себепсіз жұмыстан шыққандардың орташа тізімдік санға қатынасы (белгілі кезеңге анықталады).



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   102




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет