«Сапа ілгіші» - қажеттіліктерді анықтаудан бастап оларды қанағаттандыруды бағалауға дейінгі әрқилы сатыларда сапаға ықпал ететін өзара тәуелді қызмет түрлерінің концептуалдық моделі. Сапа жүйесі кәсіпорынның нақтылы қызметін есепке ала отырыпәзірленеді, алайда кез-келген жағдайда ол «сапа ілгішінің» немесе өнімнің өмірлік циклының барлық сатыларын қамтуы тиіс:
маркетинг, нарықты іздеу және зерттеу;
техникалық талаптарды жобалау жобалау мен әзірлеу, өнімді әзірлеу;
материалдық-техникалық жабдықтау;
өндірістік процестерді дайындау мен әзірлеу;
өндіріс;
бақылау, сынақтар мен зерттеулерді жүргізу;
орамалау мен сақтау;
өнімді өткізу мен бөлу;
монтаж және пайдалану;
техникалық көмек және қызмет көрсету;
бұйымды пайдаланғаннан кейінгі утилизация.
«Сапа ілгіші» сатыларына ықпал ету сипаты бойынша сапа жүйесінде үш бағыт бөлінуі мүмкін: сапаны қамтамасыз ету, сапаны басқару және сапаны жоғарылату. Сапаны қамтамасыз ету – сапа жүйесі аясында барлық жоспарланатын және жүйелі іске асырылатын қызмет түрлері, сондай-ақ нысан сапаға қойылатын талаптарды орындайды деген сенімділікті қамтамасыз ету үшін қажетті қосымша түрлері ( егер бұл талап етілсе). Сапаны басқару – сапа жөніндегі талаптарды орындау үшін пайдаланылатын оперативті сипаттағы қызмет түрлері мен әдістері. Сапаны басқару процестерді басқаруға, сондай-ақ экономикалық тиімділікті қамтамасыз ету үшін «сапа ілгішінің» барлық сатыларында қанағаттанғысыз қызмет ету себептерін жоюға бағытталған оперативті сипаттағы қызмет әдістері мен түрлерін енгізеді. Сапаны жоғарылату – ұйым үшін де, оның тұтынушылары үшін де тиімділік алу мақсатында қызмет тиімділігі мен нәтижелілігін арттыру үшін жүргізілетін шаралар.