1-тақырып. Кәсіпорын шаруашылық объектісі, экономикалық жүйенің негізгі буыны ретінде


Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі: түсінігі, оның деңгейін көтеру қажеттілігі



бет68/102
Дата14.12.2021
өлшемі261,74 Kb.
#126193
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   102
Байланысты:
КЭ дәріс

Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі: түсінігі, оның деңгейін көтеру қажеттілігі

  • Өнім сапасы: түсінігі, көрсеткіштері және деңгейін көтеру жолдары

  • Кәсіпорындағы өнім сапасын басқару жүйесі

  • Өнімді стандарттау және сертификациялау

  • Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін өсірудегі бағаның рөлі


    1. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігі: түсінігі, оның деңгейін көтеру бағыттары

    Бәсеке қабілеттілік – берілген нарықта ұқсас нысандармен салыстырғанда нақытылы қажеттіліктерді қанағаттандыру дәрежесімен сипатталатын нысанның қасиеті.

    Тұтынушылардың табысына байланысты бәсекеқабілеттілік нысандардың нақтылы түрлері бойынша қалыптасады:



    1. орташа сапа – табыстары төмен тұтынушылар үшін;

    2. жоғары сапа – табыстары орташа жалп тұтынушылар үшін;

    3. өте жоғары сапа – табыстары жоғары тұтынушылар үшін.

    Талданатын нысанның бәсекеқабілеттілігін сандық өлшеу қажет, бұл оның деңгейін басқаруға мүмкіндік береді.

    Бәсекеқабілеттілікті өлшеу үшін берілген нысан мен нормативті мерзімдегі бәсекелестер нысандарының пайдалы эффектісін сипаттайтын ақпарат қажет.

    Пайдалы эффект – бәсекелес тұтынушының нақтылы жұмысын орындау үшін пайдаланылатын нысан қасиеттерінің жинтығы, ал сапа – бұл тұтынушылардың бірнеше тобы үшін потенциалды пайдалы эффект.

    Пайдалы эффектіні натуралдық бірлікте, ақшалай бірлікте, шартты баллдарда өлшеуге болады.

    Тауардың бәсекеқабілеттілігін сипаттайтын негізгі параметрлер:


    1. Нормативтік параметрлер – олар тауарды сату жорамалданатын нарықтағы стандарттардың міндетті нормаларымен реттелетін тауардың қасиетін сипаттайды.

    2. Техникалық параметрлер

    А) бағыт параметрлері – тауар орындауға бағытталған функциялар мен қолдану облыстарын анықтайтын тауар қасиеті.

    Б) эргономикалық параметрлер еңбек операцияларын орындау процесінде адам организмінің қасиеттеріне сәйкестігін сипаттайды.

    В) конструктивті параметрлер берілген бұйымға тән және тауардың белгілі қасиеттерін қамтамасыз ететін және берілген бұйымға тән конструктивті-технологиялық шешімдерді бейнелейді.

    Г) эстетикалық параметрлер тауардың сыртқы қабылдануын сипаттайды.



    1. Экономикалық параметрлер. Олар сатып алушының өнімге жұмсайтын шығындарымен байланысты: тауар бағасы, сақтау мен тасымалдау шығындары және т.б.

    2. Ұйымдық параметрлер. Оларға мыналар енеді: а) жеңілдіктер жүйесі; б) төлемдер мен жеткізу шарттары; в) жеткізу кешенділігі; г) кепілдік мерзімі мен шарттары.

    Өнімнің бәсекеқабілеттілік көрсеткіші өнім сапасының тұтыну бағасына қатынасымен бейнеленеді. өнімнің бәсекеқабілеттілігін бағалау өнімді басқа фирмалардың сәйкес өнімдерімен салыстыру негізінде жүргізіледі.



    Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   102




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет