Кәсіпорынның қаржылық ресурстары
Қаржылық жоспарлау
Кәсіпорындағы қаржылық ресурстардың қалыптасу көздері
Қарыз қаражаттарын алу әдістері
Табыс және пайда – кәсіпорынның шаруашылық қызметінің қаржылық нәтижелерінің жиынтық көрсеткіштері ретінде
Кәсіпорын төлейтін салықтардың жалпы сипаттамасы
Рентабелділік: мазмұны, есептеу әдістемесі
Банкротқа ұшырау түсінігі мен белгілері
Кәсіпорынның қаржылық ресурстары
Кәсіпорын қаржысы – бұл ақша қозғалысының нәтижесінде туындайтын және кәсіпорында жасалатын ақшалай қорлардың әрекет етуіне байланысты ақшалай тасқындардың негізінде құралатын экономикалық, ақшалай қатынастар.
Қаржылық ресурстар – бұл кәсіпорын иелігіндегі ақшалай табыстар мен түсімдер.
Кәсіпорынның қаржылық қатынастарын төрт топқа біріктіруге болады:
Басқа кәсіпорындармен және ұйымдармен қатынастар;
Кәсіпорын ішіндегі қаржылық қатынастар;
Кәсіпорындар бірлестіктерінің ішіндегі қаржылық қатынастар;
Қаржылық-несиелік жүйемен қатынастар.
Ақшалай қаражаттардың тасқындарын басқару
Кәсіпорынның қаржылық жағдайын толық бағалау ақшалай қаражаттар тасқынын талдамай мүмкін емес. Ақшалай қаражаттар қозғалысы дегеніміз кәсіпорынның барлық жалпы ақшалай түсмдері мен төлемдері. Ақшалай қаражаттар тасқыны нақтылы уақыт кезеңімен байланысты және осы кезеңдегі кәсіпорынға түскен және кәсіпорынмен төленген ақшалай қаражаттардың айырмасын көрсетеді.
Әлемдік тәжірибеде ақшалай қаражаттар тасқыны «кэш-флоу» деп аталады. Кеткен ақашалай тасқындар түсімнен артық болса «жағымсыз кэш-флоу» деп аталады, кері жағдайда бұл «позитивті кэш-флоу».
Кесте 3
Ақшалай қаражаттардың түсімімен және кетуімен байланысты ақшалай тасқындар
Достарыңызбен бөлісу: |