1-тақырып. Кәсіпорын шаруашылық объектісі, экономикалық жүйенің негізгі буыны ретінде


Кесте 5 Рентабельділік және іскерлік белсенділік коэффициенттері



бет84/102
Дата14.12.2021
өлшемі261,74 Kb.
#126193
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   102
Байланысты:
КЭ дәріс

Кесте 5

Рентабельділік және іскерлік белсенділік коэффициенттері


Коэффициент

Есептеу тәртібі

Сипаттамасы

1.Сату рентабельділігі

Пр

В


Сатылған өнімнің бір тенгесіне қанша пайда келетінін көрсетеді. Азаюы кәсіпорын өніміне сұранымның төмендеуін көрсетеді.

2.Кәсіпорынның барлық капиталының рентабельділігі

Пр

ВБ


Кәсіпорынның барлық мүлігін пайдалану тиімділігін көрсетеді. Азаюы өнімге сұранымның төмендеуін және активтердің шамадан тыс артуын көрсетеді.

3.Айналымнан тыс активтердің рентабельділігі

Пр

Аi


Айналымнан тыс активтерді пайдалану тиімділігін бейнелейді.

4.Жеке меншік капиталдың рентабельділігі

Пр

Пiv


Жеке меншік капиталды пайдалану тиімділігін көрсетеді. Коэффициент динамикасы кәсіпорын акциясы бағамының деңгейіне ықпал етеді.

5.Перманентті капитал рентабельділігі

Пр

Пiv+Пv


Кәсіпорын қызметіне салынған капиталдың пайдалану тиімділігін бейнелейді.

6.Капиталдың жалпы айналымдылығы

В

ВБ


Кәсіпорынның барлық капитал айналымының жылдамдығын бейнелейді. Өсуі кәсіпорын қаражаттарының шеңбер айналымының жеделдеуін немесе бағаның инфляциялық өсуін білдіреді.

7.Мобильді қаражаттардың айналымдылығы

В

Аii


Барлық мобильді қаражаттардың айналым жылдамдығын көрсетеді. өсуі жағымды бағаланады.

8.Материалдық айналым құралдарының айналымдылығы

В

З


Кәсіпорын запастары мен шығындары айналымының санын бейнелейді. Төмендеуі аяқталмаған өндірістегі өндірістік запастар мен шығындардың салыстырмалы ұлғаюын немесе дайын өнімге сұранымның төмендеуін көрсетеді.

9.Дайын өнімнің айналымдылығы

В

ГП


Дайын өнімнің айналым жылдамдығын көрсетеді. Коэффициенттің өсуі кәсіпорын өніміне сұраныстың ұлғаюын, төмендеуі тауардың жатып қалуын білдіреді.

10.Дебиторлық қарыздың айналымдылығы

В

ДЗ


Кәсіпорынға ұсынылатын коммерциялық несиенің кеңеюін (коэф-тің өсуі) немесе төмендеуін (коэф-тің құлдырауы) көрсетеді.

11.Күндердегі дебиторлық қарыз айналымының орташа мерзімі

365*ДЗ

В


Дебиторлық қарызды өтеудің орташа мерзімін сипаттайды. Коэф-тің құлдырауы жағымды бағаланады.

12.Кредиторлық қарықдық айналымдылығы

В

КЗ


Кәсіпорынға ұсынылған коммерциялық несиенің кеңеюін немесе төмендеуін көрсетеді. Өсуі кәсіпорын қарызының төлеу жылдамдығының жоғарылауын, төмендеуі несиеге сатып алудың өсін білдіреді.

13.Күндердегі кредиторлық қарыз айналымының орташа мерзімі

365*КЗ

В


Кәсіпорынмен коммерциялық несиенің қайтарлуының орташа мерзімін бейнелейді.

14.Айналымнан тыс активтердің қор қайтарымы

В

Аi


Сату шамасын өлшейтін, құралдар құнының бірлігіне келетін айналымнан тыс активтерді пайдалану тиімділігін сипаттайды.


15.Меншікті капиталдың айналымдылығы

В

Пiv


Меншікті капиталдың айналым жылдамдығын көрсетеді. Жедел өсуі сату деңгейінің жоғарылауын білдіреді. Айтарлықтай төмендеуі меншікті құралдар бөлігінің әрекетсіз тұру тенденциясын көрсетеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   102




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет