1-тақырып Тәрбие жұмысы: мақсаты, міндеттері, қағидалары, заңдлықтары



Дата07.02.2022
өлшемі23,84 Kb.
#97694
Байланысты:
1 тапсырма ТЖТӘден


1-тақырып
Тәрбие жұмысы: мақсаты, міндеттері, қағидалары, заңдлықтары
Жоспары:

  1. Тәрбие педагогикалық ғылымдардың категориясы.

  2. Тәрбие үрдісінің қағидалары.

1. Тәрбие - тарихи ұғым. Ол адамзат қоғамымен бірге пайда болып, оның өмір сүруі мен дамуының ажырамас бөлігіне айналды және қоғам өмір сүріп тұрғанда ол да өмір сүретін болады. Сондықтан да тәрбие - жалпыға ортақ және мәңгілік категория. Көптеген философтар қоғам өмірін басқарып, реттеп отыратын заңдарға талдау жасай отырып, тәрбие мен қоғамның өңдірістік күштерінің даму деңгейі арасында объективтік байланыс бар екенін дєлелдеді. Тәрбие қоғам дамуына ықпал етеді, ал қоғам тәрбие беруге кең мүмкіндіктер жасайды, оның қоғам өмірінің маңызды саласы ретінде дамуына жағдай туғызады. Адамдар бойында ізгі-құндылық қасиеттерді қалыптастыруға мақсатты бағдарланған, сонымен қатар сапалы орындалатын педагогикалық процесс. Педагогиканың келесі негізгі категориясы - оќыту. Бұл оқытушылар мен оқушылардың білімді, қабілетті, дағдыларды бойға сіңіріп, игеруге, оқушылардың дүниеге көзқарасын қалыптасыруға, ақыл-ой күштері мен әлуетті мүмкіндіктерін жетілдіруге, алға қойған мақсаттарға сай өзін-өзі білімдендіру дағдыларын орнықтыруға бағытталған ұйымдасқан, мақсатты және басқару арқылы жүзеге асырылатын өзара іс-ќимыл жасау процесі. Оқытып-үйретудің негізін білім, қабілет және дағды құрайды.
Білім беру – тәрбиенің және оқытып-үйретудің нәтижесі. Тура мағынасында білім беру оќып үйренген пәндер туралы нақты, түпкілікті түсініктерді, бейнелерді қалыптастыру және олар арқылы тәрбиелеу болып табылады. Білім беру - бұл оқушылар алып, меңгеретін білімдердің, қабілеттердің және дағдылардың жүйеге келтірілген жиынтығы. XIX ғасырда білім алу адамның қалыптасуы ретінде түсінілді. Қазіргі кезде адамзат баласы жинақтап, зерделеген білім негіздері ұшан-теңіз, адам қаншама ұзақ уақыт оқып-үйренсе де, осыншалық білімнің бәрін бірдей игере алмас еді.


2. Принцип деген ұғым латын тілінде “бастапқы”, “негізгі” деген түсінікті білдіріп, белгілі бір әрекет барысында басшылық ету идеясын көздейді.
Олай болса, тәрбие принциптері деп-тәрбие процесінде оның мазмұнын, ұйымдастыру тәсілдері мен формаларын жүзеге асыруда тәрбиешілердің қолданатын басты тәрбие идеяларының жиынтығын айтамыз. Болмаса, бұны кейбір педаголгикалық әдебиеттерде “негізгі талаптар” немесе”ережелер жүйесі” деп те түсіндіреді.
Тәрбие принциптері тәрбие міндеттеріне сай анықталады. Педагогика тарихының дамуында тәрбие принциптерінің төмендегідей жүйесі қалыптасқан :

  1. Тәрбие мақсаттылығы;

  2. Тәрбиенің өмірмен, еңбекпен, қоғамдық құрылыс практикасымен байланысталығы;

  3. Еңбек арқылы тәрбиелеу ;

  4. Жеке тұлғаға талап қоюшылық пен құрметтей білудің бірлігі;

  5. Балалардың жас және дара ерекшеліктерін есепке елу ,

  6. Тәрбиенің жүйелілігі, бірізділік және үздіксіздігін қамтамасыз ету;

  7. Жеке тұғаны ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу ;

  8. Тәрбие процесінде мектеп, отбасы, жұртшылық әрекетінің бірлігі болуы.

Тәрбие принциптері ішіндегі ең негізгісі, оның мақсаттылығы. Өйткені, тәрбие процесіндегі тәрбиелік ықпалдар мен әрекеттер белгілі бір мақсатқа бағытталады. Мақсат-тәрбиелік шаралардың кездейсоқтық сиаптқа тап болмауын қамтамасыз етеді. Мақсатқа сай тәрбие міндеттері анықталып, оны атқаруда жұмыстардың түрлері, мазмұны мен ұйымдастыру тәсілдері белгіленеді. Сондықтан да бұл принцип тәрбие жүйесінде жетекші принцип ретінде саналады.
Жеке тұлғаға талап қоюшылық пен құрметтей білудің бірлігі.
Бұл принциптің көздейтін мақсаты :
-оқушылырға қоғамдық мінез-құлық нормалары мен ержелерінсаналы түрде меңгертуді;

  • оқушыға қатысты өзіне жүктелген міндеттерді мүлтіксіз орындауды;

  • мектепте оқушыларға арналған ережені қатаң сақтауды,

  • мектеп пен отбасы және мектептен тыс мекекмелердің тәрбие жұмысының барлық буындарының талап бірлігін үйлестіруді;

  • оқушының мінез-құлқындағы жақсы қасиеттеріне сүйенуді ;

  • жеке басына сеніммен қарап, белсенділігін арттыруды ;

  • сүйіспеншілік көрсетуді. т.б.

Еңбек арқыла тәрбиелеу принципінің мақсаты баланы еңбек ете білуге, оны қадірлеп-қастерлеуге, оған деген жағымды көзқарыспен қарым-қатынас қасиеттерін орнықтырудығ, сонымен қатар қарапайым еңбек құралдарын пайдалана білу қабілеттерін сіңіру қажеттіліктерінен туындайды.
Жеке тұлғаның ұжымда тек ұжым арқылы тәрбиелеу принципі кеңестік дәуірде коммунистік тәрбие беру жүйесінің негізгі талаптарының бірі болып келді. Бұл социалистік қоғамның талабына айналды. Осы қоғамда өмір сүріп отырған “барлық адамдар біреуі үшін, біреуі барлығы үшін” деген ұранмен еңбек етуге тиіс болды.
Тәрбие процесінде мектеп пен жұртшылық әрекетінің бірлігін қамтамасыз ету, олардың жас өспірімдерге тәрбиелік ықпалын үйлестіру қажеттігінен туындайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет