1 тақырып. Туризм теориясы заманауи ғылым жүйесінің БӨлігі ретінде қарастыратын сұрақтар



Pdf көрінісі
бет1/59
Дата27.11.2023
өлшемі1,14 Mb.
#193689
түріЛекция
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59
Байланысты:
турисм негыздеры конспект



1 тақырып. ТУРИЗМ ТЕОРИЯСЫ ЗАМАНАУИ ҒЫЛЫМ ЖҮЙЕСІНІҢ 
БӨЛІГІ РЕТІНДЕ 
Қарастыратын сұрақтар:
 
1.1 Туризм теориясының жеке пән ретінде дамуы
1.2 Туризм теориясының заманауи философиясы 
1.3 Туризмнің тұлға, қоғам мен мемлекет үшін маңызы 
 
1. Лекция мазмұны.
1.1 Туризм теориясының жеке пән ретінде дамуы
 
Қазіргі уақытта туризм қоғамдағы күрделі әлеуметтік-экономикалық 
құбылыстардың бірі болып табылады және адам өміріне жалпы қызмет 
салаларында да, жеке салаларға да әсер етеді. Туризмді дәрігерлер, 
географтар, тарихшылар, экономистер мен басқа ғылыми бағыттардың 
өкілдері түрлі бағытта зерттейді. Туристік қызметтің динамикалық дамуы ХХ 
ғасырдың соңынан бастап, оның өзінің жеке өзгеше ерекшеліктерімен 
сипатталатын экономикалық қатынастардың бөлек саласына айналуына алып 
келді. Туризмнің заманауи саласы күрделі, көпжақты экономикалық 
қатынастардың жүйесінің болуымен сипатталады. 
Алғашқы ғылыми жұмыстарда туристік қызмет жұмыстан бос уақытта 
демалуға бағытталған жеке адамның жекелеген қызметі ретінде 
қарастырылған болатын. Алайда, 30-жылдардың өзінде туризм белгілі бір 
қоғамды қамтитын және негізінен жаппай бос уақытты ұйымдастыруға 
бағытталған, жаппай құбылыс ретінде қарастырылды. Туризммен жаппай 
айналысудың, туризм туралы ғылымның пайда болуының алғашқы 
себептерінің бірі болғанын және дәл осы аралықты туризм теориясын 
зерттеудің бастауы ретінде есептеуге болатындығын ерекшелеп кету қажет. 
Осылайша, 
1930 
жылы 
жоспарлы 
маршруттардағы 
туристерді 
физиологтардың алғашқы зерттеулері басталған болатын.
Аталған мәселелерді шешу үшін, курортология институтында 1931 
жылдың басындағы жиыннан кейін, демалыс пен туризм секторы ашылған 
болатын. Берілген бөлімше қызметінің шеңберінде туризмнің медико-
санитарлық сұрақтарын зерттеу бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары 
басталған болатын және сол жылы-ақ сапарларды өткізу бойынша алғашқы 
ғылыми ұсыныстар берілген болатын. 
Жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде туризм теориясына қатысты өте 
көп ғылыми жұмыстар жарияланған болатын. Алайда туризм теориясының 
даму ерекшеліктерін зерттейтін, барлық мамандар келісетіндей, туризм 
туралы ғылымның атауы бойынша бірдей пікір қалыптасқан жоқ. 
Туризм туралы ғылымды атау үшін мамандар әр түрлі терминдерді 
ұсынады, олардың ішінде ең кең тарағаны келесілер болып табылады - 
«Туризмология», «Туристика» және «Туризмтану». Берілген терминдердің 
Қазақстанның да, ТМД елдерінің ЖОО-нда пәндердің атаулары, оқу-
әдістемелік кешендердің, ғылыми жобалардың, монографиялардың, оқу 
құралдарының атауларында және басқа жұмыстарда қолданылып 


жатқандығын да ерекшелеп кету қажет. 
Туризм туралы ғылымның дамуы аясында алғашқы фундаменталды 
ғылыми жұмыстардың бірі 1980 ж. жарияланған Н.П. Крачилоның «Основы 
туризмоведения»

монографиясы болды, онда автор туристік қызметтің 
экономикалық көзқарас жағынан дамуын қарастырады. Алғашқылардың бірі 
болып, автор туризм саласы үшін кадрларды дайындау сұрағын қарастырады. 
Н.П. Крачило «туризмтану» терминінің жақтаушысы болды, себебі 
туризмнің халықтық шаруашылықтың құрамдас бөліктерінің бірі болып 
табылады деп есептеді. 
«Туризмология» терминінің жақтаушылары қатарына Қазақстан, 
Украина және Белоруссияның ғалымдары жатады. Туризм теориясының даму 
мәселесіне алғашқылардың бірі болып назар аударған Әл-Фараби атындағы 
ҚазМҰУ профессоры, Қазақстандағы туризм географиясының негізін 
қалаушы С.Г. Ердәулетов

деуге болады. Ол 2008 жылы ашық басылымда 
«Основы туризмологии» курсы бойынша тест тапсырмаларын шығарды, ал 
2009 жылы «Основы туризмологии» атты оқу құралын шығарды. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   59




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет