6 тақырыпша. Гастроэзофагеальды рефлюкс синдромы 1. Дисфагия деген не? А) семсерше өскеншектен жоғары қарай таралатын, төс артының ашып күйдіру сезімі
В) асқазан ішіндегі заттың өңештен өтіп ауызға түсуі
С) жұтқан тамақтың өңештен өтуінің қиналуы
Д) өңештің тағам өткен кезде ауруы
Е) өңештің жоғары бөлігінде қысымның биіктеуінен болатын шағым
2. Дұрыс тұжырымды белгілеңіз? А) одинофагия- семсерше өскеншектен жоғары қарай таралатын, төс артының ашып күйдіру сезімі
В) кекіру- асқазан ішіндегі заттың өңештен өтіп ауызға түсуі
С) дисфагия- өңештің тағам өткен кезде ауруы
Д) қыжылдау- өңештің жоғары бөлігінде қысымның биіктеуінен болатын шағым
Е) Дұрыс жауабы жоқ
3. Оторинолярингофарингеальдік синдром – асқазан затының, әсіресе тұз қышқылының жұтқыншақ, көмей, ауыз қуысына түсіп тітіркендіруінен болатын асқынуларға жатпайды? А) эзофагит
В) ларингит
С) фарингит
Д) созылмалы ринит
Е) оталгия
4. Өңештің төменгі сфинктерінің гипотониясын туғызатын себепті көрсетіңіз? А) диафрагманың өңештік тесігінің жарығы
В) өңештің төменгі сфинктерінің тонусын төмендететін дәрмектерді жиі қолдану немесе зиянды әдеттер – темекі тарту, ішімдік
С) метеоризм
Д) дуоденостаз
Е) тамақты қомағайланып көп және тез ішу
5. Өңештің төменгі сфинктерінің спонтанды релаксациясын туғызатын себепке жатпайтынын көрсетіңіз? А) жүйелі склеродермия
В) диафрагманың өңештік тесігінің жарығы
С) метеоризм
Д) дуоденостаз
Е) Дұрыс жауабы жоқ
7 тақырыпша. Тітіркенген ішек синдромы 1. Бұл синдром тоқ ішектің барлық функционалдық ауруларын біріктіретін термин, ол тоқ ішектің негізгі қызметінің, моторикасының, секрециясының, ауыру әсерлеріне сезімталдығының, су мен электролиттердің сіңіру қабілетінің бұзылуының жиынтығы болып есептеледі. Синдромды көрсетіңіз? А) тітіркенген ішек синдромы
В) ас сіңіру жетіспеушілігі
С) ас қорыту жеткіліксіздігі
Д) созылмалы энтерит
Е) созылмалы колит