2-тапсырма. Математиканы оқыту үрдісіндегі пәнаралық байланыстар Пәнаралық байланыстар дегеніміз - жаратылыстану - математикалық цикліндегі пәндер мазмұнында табиғаттағы нақты өзара байланыстардың реттеліп бейнеленуін қамтамасыз ететін дидактикалық шарт. Математикалық ерекшеліктердің арқасында ол үшін пәнаралық қатынастардың жүзеге асырылуы өмірмен тәжірибенің, оқытудың байланысының қағидасы талаптарының бірі болып саналады.
Мектеп математика сабағы пәнаралық байланыстарды анықтау білімді терең игеруге, ғылыми көзқарасты, материалдық дүниенің бірлігін, табиғат пен қоғамдағы құбылыстардың өзара байланысын қалыптастырады. Мұның өте үлкен тәрбиелік мәні бар. Сонымен қатар оқушылардың ғылыми білім деңгейін жоғарлатады, олардың шығармашылық қабілеттерін және логикалық ойлау қабілетін дамытады. Пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру материалды оқуда қайталауды жояды, уақыт үнемдейді және оқушылардың жалпы ғылыми білім мен біліктілігі қалыптастыруға қолайлы жағдайлар жасайды.
Мақсаты: - жалпы білім беретін орта мектептерде пәнаралық мазмұндағы есептерді қолдану арқылы математиканың басқа пәндермен байланысын жүзеге асыру мүмкіндігін анықтау.
Міндеттері: -Математиканы оқыту процесінде пәнаралық байланыстарды жүзеге
асырудың теориялық негіздерін зерттеу.
-Негізгі мектептегі математиканы оқытуда пәнаралық байланыстарды
жүзеге асырудың теориясы мен практикасының жағдайын талдау.
-Пәнаралық мазмұндағы есептерді қолданып математика сабақтарын құру.
Зерттеу әдістері мыналар болып табылады:
Психологиялық-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттерді талқылау және оның толық жетілуінің негізгі бағыттарын анықтау. Тақырыпқа орай жаңашыл педагогтардың тәжірбиелерін жинақтау, сұрыптау, талдау.
Қазақ тілі, орыс тілі,физика,химия, биология,сызу,технология және дене шынықтыру сабақтарының элементтерін пайдаланған математика сабақтарындағы байқаулардың нәтижелерін жинақтап қорыту.
Пәнаралық байланысты тапсырмалар оқушы қызығушылығын,белсенділігін дамытудың негізгі тәсілі деп ойлаймыз. Өйткенi, пәнаралық байланыстар шындық өмірдің объектілері, құбылыстары және үдерістері арасындағы талдауға, біріктіруге ұшырайтын қарым-қатынасты бейнелейтін көп функционалды педагогикалық категория.
Пәнаралық байланыс негізінде оқушылардың икемділік пен дағылары анағұрлым күшті дамитындығын педагог-ғалымдар дәлелдеген. Оқу үрдісі нәтижесіндегі игерілген икемділік пен дағды оқушының алған білімінің қаншалықты берік екендігінің белгісі болып табылады. Оқу пәндерінің ерекшеліктеріне қарай оқушыларда түрлі икемділік пен дағды пайда болады. оларды бірнеше топқа бөлуге болады:
Интелектік пен дағды (оқу, жазу, есептеу, кітаппен жұмыс істеу, т.б.);
Еңбекке икемділік пен дағды (сызба, оқи білу, еңбек құралдарымен жұмыс істей білу, т.б.);
Спорттық икемділік пен дағды;
Өнерге деген икемділік пен дағдылар, т.б.
Оқу үрдісінің барысында оқушылар танымдық, тәжірибелік мақсатты-бағдарлы іс-әрекеттермен шұғылданады. Осы іс-әрекеттердің нәтижесінде оқушыда пәнаралық байланыс іскерлігі қалыптасады.
Пәнаралық байланыстың құрылымын іске асыру барысында педагогика ғылымындағы көптеген қозғаушы факторларды ескеру керек. оқыту үрдісінде пәнаралық байланысты іске асырудың құрылымдық белгілері мынадай:
пәнаралық байланысты анықтау мақсаты;
өзара байланысқа түсетін оқу пәндерін саралап, іріктеп алу;
байланыс бөлігі немесе бөлігі болған оқу пәндерінің әрқайсысының ерекшелігі;
пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру жолдары.
Сабақ беруде пәнаралық байланысқа мән бермеу оқу пәндері материалдарының бірін-бірі қайталауға, оқушылардың көптеген ұғымдар мен заңдылықтарды тар шеңберде түсінулеріне әкеп соғады. Білім мазмұнын меңгеру, пәнаралық байланысты ескермейінше мүмкін емес. Өйткені ол - өзара жақын пәндердің бағдарламасындағы оқу материалын үйлестірудің және іріктеудің маңызды көрсеткіштердің бірі.
Математикалық, оның ішінде геометриялық ұғымдар мен түсініктер, заңдылықтар мен сызба есептердің бейнелеу өнері және сызу сабақтарында өте көптеп кездесуі - пәнаралық байланыстар үшін қажет оқу материалдары.
«Математика ғылымы – барлық ғылымдардың патшасы» деген тарихи-ғылыми тұжырымды ескере және ол ғылымның оқушының ойлау, ес, қайта жаңғырту үрдістерін дамытуда ерекше маңызы барын анықтай отырып, оның бейнелеу өнерімен байланысына тереңірек мән берген абзал. Қарапайым геометриялық фигураларды салу мен күрделі пропорция, симметрия сияқты заңдылықтарды біліп, оларды игеру математика мен геометрияның көмегінсіз мүмкін емес.
Кез келген бейнеленетін зат пен құбылыс элементтерінің жалпы кескіні сурет салушының көзіне фронтальды жағдайдағы көрінісінде үшбұрыш, ромб, дөңгелек, элипс, т.б. сияқты геометриялық фигураларға ұқсас келеді.
Қоршаған ортадағы сұлулық атаулының барлығы биология пәнімен тікелей байланысты. Алуан түрлі гүлдер, жеті түсті әсем кемпірқосақ, ғажайып табиғат көріністері, бәрі-бәрі оқушыларды сұлулық сезімге бөлейді. Ол заттарды, көріністерді көру және сезіну – дүниетанушылық және эстетикалық міндет.
Әдемілікті сезіну үшін, оны түсіну үшін, ең алдымен, бейнелеу өнері, музыка және ән саласынан әрбір адамда білім болу қажет. Білім адамды әдеміліктің объективтік критерилерімен қаруландырады. Білімді адам сұлулықты бағалай біледі, түсінеді. Айналадағы дүниеге сезімталдық, эстетикалық қабылдау қырағылығы, ықыластылық, қамқорлық баланың эстетикалық дамуының негізі болады.
Оқушыларды пәнаралық байланыстарды құру тәсілдеріне үйретудің бірінші
этаптарында түсіндірмелі-көрнекілік әдіс басым болады. Мұғалім пәнаралық
мазмұны бар материалды өзі түсіндіреді. Оқушыларда пәнаралық мазмұнды
материалмен жұмыс істеу іскерлігі қалыптасқаннан кейін репродуктивті,
ішінара-ізденушілік әдістер және шығармашылық пәнаралық міндеттерді
қолдануға болады.
Пәнаралық байланыстарды жүзеге асырудың құралдары әр түрлі болады:
1. оқушылардың іс-әрекетін, алдыңғы оқыған білімін басқа оқу курстарында
және тақырыптарында жаңғырту үшін және оларды жаңа материалды игеруге
қолдану үшін бағыттайтын пәнаралық мазмұнды сұрақтар.
2. әр түрлі пәндерден алған білімдерін қосуын талап ететін немесе бір
пәннің материалымен құрылған, бірақ басқа пәнді оқытуда белгілі
танымдық мақсатпен қолданылатын пәнаралық міндеттер. Олар
бағдарламалық материалдың терең әрі мағынасын түсініп игеруіне,
құбылыстар арасындағы себеп-салдар байланыстарын анықтау іскерлігін
жетілдіруіне мүмкіндік туғызады.
3. пәнаралық сипаттағы үй жұмыстары – пәнаралық сипаттағы білімді талап
ететін ойлануға арналған сұрақтар, баяндама, реферат дайындау, көрнекі
құралдарды жасау, кестелер, сұлбалар, сөзжұмбақтар құру.
4. пәнаралық көрнекі құралдар – жалпылама кестелер, сұлбалар,
диаграммалар, модельдер, кодопозитивтер. Олар оқушыларға пәнаралық
мазмұнды сұрақтарды ашатын әр түрлі пәндерден білімдер жиынтығын
көрнекі түрде көруге мүмкіндік береді.
5. математикалық эксперимент – егер оның пәні математикалық есептеулер
болса.
Пәнаралық байланыстардың қолданылуы оқу процесін ұйымдастырудың жаңа
формаларының пайда болуына түрткі болды: пәнаралық байланыстар бар сабақ,
кешенді семинар, кешенді экскурсия, пәнаралық экскурсия және т.б.
Пәнаралық мазмұнды сабақтардың келесі түрлері бар: сабақ-дәріс, сабақ-
семинар, конференция-сабақ, рольдік ойын сабағы, кеңес-сабақ және т.б.
Пәнаралық жалпылау немесе тақырыптық тапсырмалар сабақтары –
педагогика және әдістеменің білімді пайдалы практикалық іс-әрекетпен
қалайша байланыстыруға болатыны жөніндегі проблемасы.
Пәнаралық байланыстарды қолдану – математика мұғалімінің ең бір
күрделі әдістемелік мәселелерінің бірі. Ол басқа пәндердің бағдарламалары
мен оқулық мазмұнын білуді талап етеді. Пәнаралық байланыстарды практикада
жүзеге асыру математика мұғалімінің химия, физика мұғалімдерімен
ынтымақтастықты, ашық сабақтарға қатысуды, сабақтарды бірлесіп жоспарлауды
және т.б. болжайды.
Ортаңғы буында математика пәнінің әдістемесін барлық басқа пәндердің мазмұнын оңтайлы байланыстыра отырып, жетілдіруге болады. Математика пәнінің мазмұнын ашуға мүмкіндік беретін пәнаралық байланыстарды сипаттауға болады.