Теріс емес бүтін сандарды үйретудің мақсаттары Теріс емес бүтін сандарды үйретудің басты мақсаты онда сан ұғымы теріс
емес бүтін сандардың амалдары яғни, ол жерде қосу, азайту, бөлу амалдарын
үйренеді. Ол амалдарды заңдылықтарын теориялық жақтарын үйренеді. Бұның өзі
бізге күнделікті өмірде керек болады.
Нақты жағдайды сипаттау. Теріс емес бүтін сандарға қолданылатын амалдар
Қосудың бізге белгілі екі заңы бар. Олар: 1) коммутативті (орын
ауыстырымдылық), 2) ассоциативті (терімділік).
Кез келген теріс емес бүтін а және b сандары үшін а+b = b+а теңдігі
орындалады.
Қосудың коммутативтік және ассоциативтік заңдары қосылғыштардың кез
келген саны үшін орындалады.
Мысал: қосудың заңдарын пайдаланып 109+36+191+ +64+27 өрнегінің мәнін
есептейік:
109+36+191+64+27=109+191+36+64+27=( 109+191)+(36+64)+27=
=300+100+27 = 427
Қосудың орын ауыстырымдылық заңы бастауыш сыныпта алғашқы он санды оқып
– үйренгенде, алғашқы кезде қосу кестесін құруда, кейіннен тиімді тәсілмен
есептеу кезінде қолданылады. Бұл заң бастауыш сыныпта мынадай ереже түрінде
тұжырымдалады. Қосылғыштардың орындарын ауыстырғаннан қосындысының мәні
өзгермейді.
Терімділік заңы бастауыш сыныпта айқын түрде берілмегенмен есептеулер
жүргізуде үнемі қолданылады.
6-тапсырма 10, 100,1000 көлеміндегі сандар Бұл тақырыпты оқытудағы мақсат:
Оқушы:
-1000 көлеміндегі сандардың құрылу жолын түсіну; 1000 көлеміндегі сандарды тура және кері санау, натурал сандар қатарындағы орнын анықтау. -Үш таңбалы сандарды оқу, жазу және салыстыруды меңгере алады.
10 көлеміндегі сандар.
Бұл тақырыпты оқытып-үйретудегі ең басты міндет – оқушылардың сан және цифр жайындағы түсініктерін, сандардың атауларын және олардың сәйкес цифрлармен белгіленетіндігін игерту, цифрларды жазу дағдысын қалыптастыру. 10 санын жазып көрсету үшін екі цифр қажет. Осыған ұқсас кез
келген толық ондықты жазу, сәйкес екі цифрды таңдап алумен
байланысты. Нәрселерді әр түрлі ретпен санай отырып, санау нәтижесі санаудың санаудың ретіне байланысты емес екендігін, яғни нәрселерді солдан оңға қарай және керісінше санаған кезде бір ғана сан шығатынын көрсетіп беруге болады. Сонымен бірге санағанда шығатын реттік сан есімдерді пайдалана білуге де балаларды үйрету керек (егер санағанда нәрсе жетінші болса, онда соңғы нәрсе жетінші болғаны, сонымен бірге жетінші бұл бір ғана нәрсе екенін оқушылар түсінулері қажет).Сан және цифр туралы түсінік қалыптастыру алғашқы 10 санның мысалы негізінде жүзеге асырылады, мұнда оқушылар натурал сандар қатарын құру принциптерімен танысады: сан жеке емес, басқа сандармен өзара байланыста қарастырылады. Сан және цифр туралы түсінік қалыптастыру алғашқы 10 санның мысалы негізінде жүзеге асырылады, мұнда оқушылар натурал сандар қатарын құру принциптерімен танысады: сан жеке емес, басқа сандармен өзара байланыста қарастырылады.