Сілтеме: Н.Б. Перри, Дж.М. Доллар, С.Д. Калкинс, С.П. Кеане және Л. Шанахан (Perry, N. B., Dollar, J. M., Calkins, S. D., Keane, S. P., & Shanahan, L., 2018). Управление поведением в детском возрасте как механизм, благодаря которому чрезмерный родительский контроль в раннем возрасте связан с корректировкой в предподростковом возрасте. Даму психологиясы. Алдын ала онлайн-жарияланым. http://dx.doi.org/10.1037/dev0000536
Сенсорлық білім беру арқылы балаларды пайдалы тағамдарды тұтынуға ынталандыру.
Шығыс Финляндия университетінде жүргізілген жаңа зерттеудің деректері бойынша, балаларға бес жасқа дейін балабақшада тағам бойынша берілген сенсорлық білім оларды көкөністер мен жеміс-жидектерді таңдай білуге дайындайды. Тағам бойынша сенсорлық білім мектепке дейінгі күтім мен білім беруде салауатты тамақтану дағдыларын насихаттаудың жаңа әдіс-тәсілдерін ұсынады.
Зерттеушілер Sapere атты тағам бойынша сенсорлық білімді қолданып, балалардың жаңа нәрселерді барлық бес табиғи сезім мүшесі арқылы, яғни затты көру, иіскеу, татып көру, ұстап көру және тыңдап көру арқылы зерттеп-зерделеуіне мүмкіндік берген.
Sapere әдісінде балалар тағамның айналасында белсенді іс-әрекеттермен айналысады, содан кейін оларға өздерінің сезіну тәжірибесімен бөлісу ұсынылады. Тағам бойынша сенсорлық білім беруді балалар күніне бірнеше рет тамақ ішетін және педагогикалық бағдарланған топтық сабақтарға қатысатын балабақшаларда күнделікті пайдалану үшін ыңғайлы.
Балабақшаларда тамақтануға қатысты білім беруге қолайлы әдіс-тәсілдерді көптеп таңдауға болады. Мысалы, балаларды тәжірибелік сабақтарда әртүрлі көкөністер мен жеміс-жидектермен таныстыруға болады, балаларды тамақ дайындауға және пісіруге қатыстыруға болады, сондай-ақ оқу ортасында ашық ауада балалардың өз көкөністерін өсіруіне мүмкіндік беруге болады. Сонымен қатар тамақтану тақырыбын кітаптар мен ойындардың құрамына енгізуге болады.
«Мұны іске асырудың бірнеше тәсілі бар. Қандай тәсіл болса да, ол әрқашан балаға бағдарланған және баланы қатыстыруды көздейтін сенсорлық оқудан басталады. Іс-әрекетті бірге орындау және нәтижесіне бірге алаңдау – аса маңызды аспекті», – деп атап көрсетеді зерттеуші және Шығыс Финляндия университетінің тамақтану мәселелері бойынша маманы Кайза Кэхкёнен.
Зерттеушілер балабақшаның әртүрлі топтарындағы балаларды салыстырған. Олардың бірқатарына тағамдар бойынша сенсорлы білім ұсынылды, ал бірқатарына ұсынылған жоқ. Балаларға әртүрлі көкөністер мен жеміс-жидектердің ішінен жегісі келетін тағамды өздері таңдап алу ұсынылды, ал зерттеушілер балалардың белгілі бір тағамдарды жеу үшін таңдауын талдау үшін олардың тарелкелерін суретке түсірумен айналысты.
Зерттеу нәтижесінде алынған деректер балаларға балабақшада берілген тамақтану туралы сенсорлы білім балалардың, әсіресе, аналарының төмен деңгейлі білімі бар балалардың көкөністер мен жеміс-жидектерді көбірек таңдауына ықпал еткенін көрсеткен. Әдетте, білім деңгейі төменірек ата-аналардың балалары көкөністер мен жеміс-жидектерді азырақ жейтіні байқалған. Бұл мысал балабақшада дұрыс тамақтану бойынша білім беру отбасылардың арасындағы тамақтану тәртібіндегі айырмашылықтарды теңестіруге көмектесетінін көрсете алады.
«Тағы бір қызықты қорытынды Sapere тағам бойынша білім беру әдісі балабақша топтарындағы тамақтану ахуалын да жақсартатыны туралы болды. Ата-аналардың айтуы бойынша, бұл бұрын қырсығып тамақ жемейтін балалардың көкөністер мен жеміс-жидектердің әр түрінен көбірек таңдауына ықпал еткен», – деп түсіндіреді Кэхкёнен.
Дұрыс тамақтану туралы балабақшада алған оң тәжірибе баланың денсаулығына пайдалы және салауатты тамақтану бағытында оң өзгерістер енгізуге мүмкіндік береді. Балалық кезеңде қалыптасқан тамақтану дағдылары көбіне адам есейген кезде де сақталады.
Достарыңызбен бөлісу: |