1 тара у. Саясаттану ғылымы § Саяси ғылымның пайда болуы және қалыптасуы


§ 1. Әлемдік саясат және халықаралық қатынастар



бет58/60
Дата14.12.2021
өлшемі253,23 Kb.
#126183
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60
Байланысты:
Лекции 21-22


§ 1. Әлемдік саясат және халықаралық қатынастар
Біз бұған дейін мемлекеттің ішінде жүргізілетін, яғни ішкі саясатты сөз еттік. Сонымен қатар әлемдік саясатта бар. Әлемдік саясат деп мемлекеттердің және басқа халықаралық субъектілердің әлемдік сахнадағы іс-әрекетінің жиынтығын айтады. Ол әлемдік қауымдастықтың өміріне қатысты шешімдерді шығару, Қабылдау және оларды жүзеге асыруды, мемлекеттердің түбегейлі мүдделеріне сәйкес ұстанымдар мен мақсаттарды қамтиды.
Сонымен қатар бұл тақырыпта жиі кездесетін, мағына жағынан жақын үш ұғым бар. Олар - сыртқы саясат, халықаралық саясат, халықаралық қатынастар. Сондықтан алдымен соларға түсініктеме беріп алайық. Жалпы, бұл үғымдар саясаттануда жете зерттелмеген. Бірақ олардың арасында айтарлықтай айырма бар. Әлемдік саясат халықаралық қатынастардың өзегін құрайды.
Сыртқы саясатқа жеке мемлекеттердің дүниежүзілік дәрежеде жүргізген іс-әрекеттері жатады. Халықаралық саясатқа мемлекеттік не топтық мүдделерді жүзеге асыруға бағытталған мемлекеттер, жеке адамдар және т.б. арасындағы қоғамдық қатынастар кіреді. Халықаралық қатынастар деп халықтар, мемлекеттер, мемлекеттік жүйелер арасындағы дүниежүзілік деңгейде жүргізілген саяси, экономикалық, құқықтық, дипломатиялық, әскери, мәдени байланыстар және оларды іске асырушы әлеуметтік, экономикалық, саяси күштер мен ұйымдардың өзара қатынастарының жиынтығын айтады.
Бұл айырмашылықтар, біріншіден, халықаралық қатынастарға қатысушылардың, оларды іске асырушылардың (субъектілердің) көбеюіне байланысты. Мысалы, сыртқы саясатты жеке мемлекеттер жүргізеді. Ал халықаралық саясатқа мемлекеттік ұйымдармен қатар саяси партиялар мен қозғалыстар, әлеуметтік топтар мен жеке адамдар және т.б. мемлекеттік емес ұйымдар қатысуы мүмкін. Екіншіден, халықаралық қатынастарда сыртқы және халықаралық саясаттардың негізгі, түпкі бастамасы, принциптері қаланады. Бұл бағыт, бағдарламалар сыртқы және халықаралық саясаттар арқылы нақтыланады және жүзеге асырылады.
Қазіргі кезде әлемдік саясатты жүргізуде қоғамдық-саяси ұйымдар мен қозғалыстардың белсенділігі артып келе жатыр дедік. Бірақ халықаралық қатынастарда негізгі рөлді мемлекет атқарады. Себебі, ол белгілі бір әлеуметтік топтың немесе саяси ұйымның емес, жалпы қоғамның мүддесін қорғайды. Сондықтан оған басқа елдермен сыртқы саясатты жүргізгенде келісім-шарттар жасау, соғыс ашу және т.б. заңды түрде іске асыруға өкілдіктер беріледі.
Мемлекеттердің халықаралық қатынастарындағы жағдайы, ондағы орны көптеген себептерге байланысты. Солардың іиіінде ен бастысы - мемлекеттер күшінің арақатынасы, арасалмағы. Ғасырлар бойы мемлекеттің күші оның әскери қуатында деп саналады. Сондықтан мемлекеттер жан-жақты қаруланып, көрші елдерді жаулап алуға тырысты. Елдің әскери қуаты қазір де жогары бағаланады. Дегенмен, соңғы кезде экономикалық артықшылықты, байлықты ұлғайтуды басқа елдердің қазынасын зорлықпен жаулап алу арқылы жасауға болмайтындығы анықталды. Өйткені қандай артта калған ел болмасын қазір халықтардың сана-сезімі өскен, өз басын біреудің құлдығына бере қоймайды. Оның үстіне қазіргі қару-жарақ негізінен қай елде болмасын бар, ал болмаса, оны қайткен күнде де қолына түсіріп, өз елін қорғау үшін толығымен пайдалануға тырысады. Мұндай жағдайда басқа жерді басып алып, билеп-төстеу өте қымбатқа түседі және қандай бай елді болсын айтарлықтай әлсіретуі мүмкін. Бұған мысал ретінде АҚШ-тың Вьетнамдағы, бұрынғы Кеңестер Одағының Ауғанстандағы соғыстарын келтірсек те жеткілікті. Шын мәнінде, қазіргі таңда мемлекеттің күші көптеген көрсеткіштерден тұрады. Оған мемлекеттің жер көлемі, адам саны, табиғи байлықтары, өнеркәсіп және ауыл шаруашылық өндірісінің мөлшері мен сапасы, мемлекет құрылысының сипаты, әлеуметтік-саяси, ғылыми-техникалық, рухани, мәдени даму дәрежесі және т.с.с. кіреді.
Мемлекеттік күштердің арасалмағымен байланысты "күш теңдігі" немесе "саяси теңдік" деген де ұғымдар бар. Халықаралық саясаттың маңызды құралы ретінде бұл ұғымдар XVII ғасырда енді. Сол кезде өмір сүрген Фенелон деген француз мемлекет өз көршілерінің күшеюіне жол бермеуі керек деген идеяны алға тартгы. Себебі бір мемлекеттің көлемі мен қуаты "белгілі бір шектен шығып" кетсе, барлық басқа мемлекеттердің жалпы жүйесін өзгертуге әкеледі. Оның шамадан тыс өсуі көршілерін бағынышты етеді немесе жүдетіп-жадатады деді ол. Сондықтан, оның ойынша, көрші мемлекеттер өзара теңдік пен тепе-теңдікті сақтаулары керек. Сонда ғана тұрақтылық қамтамасыз етіледі.
Ал орыстың В. Ф. Малиновский (1765-1814) деген ағартушысы "Соғыс пен бейбітшілік туралы ой жүгірту" деген еңбегінде Дүниежүзілік әлемде сот пен полицейский жоқ. Сондықтан агрессордың сазайын тарттыратын және агрессияның алдын алудың құралы мемлекеттер арасындағы "күш теңдігі" болуы керек дейді. Кейін бұл ұғым сыртқы саясаттың құралы ғана емес, мақсатына айналды. Себебі, мұндай жағдайда мемлекет халықаралық аренада өз тәуелсіздігін, ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін болады.
Соңғы кезде Американың беделді идеологы З. Бжезинский бұл мәселеге басқаша ой тастады. Ол "халықаралық саясаттың жаңа үлгісін" ұсынды. Оның ойынша, адам мен қоғамға қазір ғылым мен техниканың дамуы орасан зор әсер етуде. Соның арқасында экономикалық өмір интернационализацияланып, жеке елдердің өзара байланыстылығы өсуде. Әлемдік өндіріс пен айырбас қалыптасуда. Сондықтан жоғарғы жалпыадамзаттық құндылықтар үшін барлық мемлекеттер тең дәрежеде өздерінің егемендігінен бас тартуы керек дейді. Егер экологиялық және т.б. әлемдік (глобальдық) мәселелерді еске алсақ, бұл сөздің де жаны бар сияқты. Бұл идеяның құптаушылары да, қарсылары да бар.
Бұл тақырыптағы тағы бір келесі мәселе - сыртқы және ішкі саясаттың өзара қатынасы. Марксизм мемлекеттің ішкі саясаты оның сыртқы саясатын анықтайды дейтін. Бірақ қазіргі таңда олай деу ағаттық болар еді. Себебі, соңғы кезде сыртқы саясат елдің ішкі саясатына көбірек әсерін тигізіп жүр. Оған бүкіл жер шарына жайылып кетерлік каупі бар термоядролық соғысты болдырмау, экологиялық апаттардан сактану (бір Чернобыль трагедиясының өзі көптеген елдерге зардабын тигізгені белгілі), қоғамға қарсы құбылыстардың етек алуы (нашақорлық, "көлеңкелі экономика", сыбайлас жемқорлық және т.б.), атом қаруының жайылуына шек қою, жер қазбаларының жеңіл өндірілетін қорларының, шикізаттардың азаюы және тағы басқа себептер әсер етеді. Бұл мәселелерді бір елдің көлемінде шешуге болмайды. Сондықтан оған барлық елдердің жұмыла кірісуін талап етеді. Осыдан барып, сыртқы саясаттың ішкі саясатқа әсері артады. Америка ғалымы П. Гуревич қоғам ішіндегі қатынастарға сырттан ықпалын тигізетін үш себепті атап көрсетті. Оған ол: 1) басқа бір елдің ішкі өміріне бір немесе бірнеше мемлекеттің агрессиялық, (көбіне әскери) түрде қол сұғуын; 2) екінші елдің ішкі саясатына бейбіт түрде араласуын; 3) халықаралық экономиканы және мемлекеттердің халықаралық жүйесін жатқызады. (Халықаралык, қатынастардың социологиясына кіріспе. М., 1992, 24-бет). Сыртқы себептер бұдан да көбірек болуы мүмкін. Бірақ негізгілері дұрыс аталған. Жалпы біздің ойымызша, ішкі не сыртқы саясат шешуші ықпал жасайды деп кесіп айту қате сияқты. Себебі, тарихи жағдайға байланысты кейде ішкі саясат сыртқы саясатқа басым әсер етсе, кейде, керісінше, сыртқы саясат ішкі саясатқа соншалық әсер етуі мүмкін.
Халықаралық саясатпен тығыз байланысты тағы бір ұғым бар. Ол - "ұлттық мүдде". Көне заманның өзінде Аристотель адамды әрекет еткізетін мүдде деген болатын. Ал қандай адам болмасын тарихи қалыптасқан әлеуметтік бірлестіктің біріне: ұлтқа, әлеуметтік топқа, отбасына және т.б. жататыны белгілі. Неміс ойшылы Гегель халықтар өмірінің қозгаушы күші мүдде дейді. Ұлттық мүдде деп өз халқының, мемлекетінің мақсат-мүддесін сезініп, біліп, оны іске асыруға тырысушылықты айтады. Оған ұлтты еркін және тәуелсіз мемлекет ретінде ұстау, сыртқы қауіп-қатерден сақтау, ұлттың жақсы тұрмыс-халін өрлетіп, дамыту, халықаралық майданда мемлекеттің экономикалық және саяси бағытын қорғау, әлемдік саясатта өз ықпалын кеңейту жатады. Олар экономикалық, саяси, құқықтық, рухани түрінде ұлттық объективті талаптардан келіп шығады. Бұл мүдделер қоғамда өмір сүріп отырған таптардың, топтардың негізгі мақсаттарына байланысты. Оны әсіресе үкімет басшылары жақсы білуі керек. Ол үшін алдымен қандай мүддені қорғамақсың, соны білген абзал. Екіншіден, ол мүддені іске асыру үшін айналадағы саяси жағдайды дұрыс бағалай білген жөн.
Мемлекеттердің көпшілігі көп ұлтты болып келеді. Сондықтан мемлекеттік мүдде мен ұлттық мүдде сәйкес келе ме деген сұрақ туады. Бұл сұрақ екі турлі шешілуі мүмкін. Біріншісінде мемлекеттік билік өзінің сыртқы саясатында елдегі сан жағынан көп бір ұлттың мұддесін қорғап, басқа халықтарды ескермейді. Екіншісінде мемлекеттік өкімет сол елде тұратын барлық ұлттардың мүддесін көздеп, сыртқы саясатында солардың атынан іс-әрекет етеді.
Американың белгілі саясаттанушысы Г. Моргентау 1969 жылы шыққан "Құрама Штаттар үшін жаңа сыртқы саясат" деген кітабында бұл елдің сыртқы саясаты қандай болу керектігі туралы былай деп жазды. Құрама Штаттар басқа ұлттармен өзінің қатынасын құрғанда ұлттық мүддені, өз аумағының жеке қоғамдық құрылыс мүддесін ең бірінші орынға қоюы керек. Сонымен қатар дүние жүзінде Құрама Штаттардың екінші қатардағы мүдделері де бар. Мысалы, Жер шарының қай жеріндегі болмасын бейбітшілік пен қауіпсіздік, басқарудың демократиялық әдістерін қорғау және бекіту, коммунистік мемлекеттер мен құрылыстарды тежеу, кедейлік пен ауру-сырқауды жеңілдету. Бірақ олардың іске асырылуы төмендегідей екі шартқа байланысты: олар бірінші қатардағы ұлттық қауіпсіздікке нұқсан келтірмеуі керек және екінші қатардағы мүдделер ақылға сыйымды болуы керек. Сонымен қатар, Моргентаудың ойынша, Құрама Штаттар басқа ұлттарға еліктерліктей үлгі болу, өз ұлтын одан да жоғары дәрежеге көтеріп, экономикалық жүйенің өміршеңдігін қамтамасыз етуге тиіс. Ол үшін қымбат және пайда келтірмейтін бөтен бір елдің өміріне зорлықпен қол сұғудың бағдарламаларын жобалағаннан гөрі өз үйінде тәртіпті орнатуға бар күш-жігерін жұмсағаны жөн дейді.
Ұлттық мүддемен етене байланысты ұғым - "ұлттық қауіпсіздік". Оның мағынасы жер көлемінің тұтастығын қамтамасыз етіп, мемлекеттің егемендігін басқа елдердің жаулап алу қаупінен қорғаумен ғана шектелмейді. Сыртқы саясатта ежелден қалыптасқан көзқарас бойынша ұлттық қауіпсіздікті сақтау үшін көрші елдерді шама келгенше өзінен асырмау, халықаралық майданда әрекет етуші мемлекеттерді барынша әлсірету көзделетін. Сондықтан басқаларға қыр көрсетіп, керек кезінде даулы мәселелерді шешуде күш көрсету үшін өзінің қарулы күштерін мейлінше нығайтып, одақтастар іздейтін. Бірақ соңғы кезде ұлттық қауіпсіздікті тек әскери күшпен шешу мүмкін еместігі айқын байқалады. Ол үшін қарулы күштерді арттыру емес, керісінше, оларды қысқарту, дүниежүзілік қауіпсіздікті сақтау керектігін ірі мемлекет басшылары түсінуде. Соның нәтижесінде Америка Құрама Штаттары мен бұрынғы Кеңестер Одағының арасында Орта және кіші қашықтықтардағы зымырандарды жою туралы шартқа қол қойылды.
Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету әскери қауіпті жоюмен ғана тынбайды. Бүгінгі жағдайда адамзатқа соғыстан басқа да көптеген қауіп төніп тұр. Оларға өндірістік және ауыл шаруашылық өнімдерді қалдықтарымен атмосфераны, жер қыртысын, су қоймаларын ластауға әкелген экологиялық күйзелісті, жер жүзіндегі ауа райының өзгеруін, нашақорлық пен маскүнемдікті, халықаралық лаңкестік пен сыбайлас жемқорлықты және тағы басқа көптеген кеселдерді келтіруге болады. Сондықтан жалпыға бірдей қауіпсіздік жүйесін жасағанда, біріншіден, халықаралық қатынастарға қатысушылардың бәріне тең қауіпсіздік болуын, екіншіден, ол жүйе саяси, экономикалық, адамгершілік сияқты қауіпсіздіктің барлық салаларын қамтуы қажет.
Сыртқы саясаттың қалыптасуына әртүрлі жағдайлар ықпал жасайды. Оның ішінде ең маңыздысы - мемлекеттің орналасқан географиялық ортасы. Оған жер бедері, ауа райы, топырақ, жер қойнауының табиғи байлықтары, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі, табиғи қатынас жолдары және басқалар жатады. Географиялық орта өндіргіштерді орналастыруға, жалпы қоғам дамуына сан килы әсер етеді. Айналадағы табиғи ортаның қоғам дамуына егетін әсерін зерттейтін географиялық бағыт деген теория пайда болды. Оның негізін салушы француздың белгілі фәлсафа-ағартушысы - Ш. Монтескье. Ол халықтардың материалдық және рухани өмірі географиялық ортаның жағдайларына тәуелді деп санады. Бұл бағытты жақтаушылар қоғамдық өмірдің өзгеру себептерін, халықтар тарихын, адам психикасын геофафиялық ортаның ерекшеліктері туғызған өзгешеліктер арқылы түсіндірді. Географиялық бағыттың негізінде географиялық саясат деген теория пайда болды. Напалеон қандай мемлекет болмасын саясатты өз географиясына байланысты жасайды деген. Географиялық саясат мемлекеттер, аймақтар, континенттер арасындағы қатынастарды зерттейді. Бұл саясатты жақтаушылар ұлттардың, мемлекеттердің жан-жақты дамып, тыныш өмір сүруі үшін "тіршілік кеңістігі" болуы керек дейді. Сондықтан бұл теорияны екінші дүниежүзілік соғыс алдында жаңа аумақтарды жаулап алу үшін Гитлер басшылыққа алған, ал қазір оны Израиль агрессорлары басқа араб елдеріне қарсы ту етіп көтеріп жүр.
Географиялық ортаның қоғамға әсері тарихи жағынан үздіксіз өзгеріп отырады. Қазіргі ядролық заманда "тіршілік кеңістігі" үшін күрестің мәні шамалы. Дегенмен, жер көлемінің үлкендігі, қазба байлықтары, жер бедері, теңізге шығу мүмкіндігі т.б, сияқты географиялық жағдайлар мемлекеттің сыртқы саясатын белгілеуде елеулі орын алатындығы күмәнсіз.
Халықаралық саясатты қалыптастыруға идеологияның да қатынасы бар. Қай елде болмасын жақсылық пен жамандық, адалдықпен арамдық, әділдік пен әділетсіздік, адамдар арасындағы қарым-қатынастар, қоғамның әлеуметтік даму заңдылықтары жөнінде өзіндік түсініктері, ой-пікірлері болады. Бұл көзқарастар сыртқы саясатқа да әсерін тигізеді. Мысалы, бұрынғы Одақ кезінде коммунистік идеология қоғамдағы құбылыстарды тап күресі тұрғысынан қарау керек деп үйретіп келді. Бұл талап сыртқы саясатқа да тікелей қатысатын. Соған орай дүние жүзін "социалистік әлем" мен "капиталистік әлемге" бөліп, олардың мүдделері ешқашан ымыраға келмейді дейтін. Сондықтан сыртқы саясатты да осыған сәйкес құрған болатын. Ал Америка Құрама Штаттары болса, өз кезегінде одан қалыса қойған жоқ. Оның идеологиясы бұған қарсы үгіт-насихатты екпінді түрде жүргізіп жатты. Мұның бәрі теріс идеологияның сыртқы саясажа да оң әсер әкелмейтіндігін дәлелдейді.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет