1-тарау: «Отбасындағы дәстүр мен мерекелер»


-тарау: «Мектеп –өмірі. Әдепті бала - арлы бала»



бет4/6
Дата07.09.2020
өлшемі40,17 Kb.
#77564
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
5 сынып КТП жаңартылған

2-тарау: «Мектеп –өмірі. Әдепті бала - арлы бала»

(14 сағат)

Алдыңғы білім: оқушы «Денсаулық – зор байлық» тарауында меңгерілген тілдік түсінік пен дағдыларға сүйенеді. Осы тарауда қалыптасатын тілдік дағдылар «Мектеп өмірі. Әдепті бала - арлы бала» тақырыбы аясында дамиды. Тақырыпқа қатысты мәліметтерді ғаламтор көзінен, қосымша ақпарат құралдарынан (энциклопедия, көркем әдебиет, оқу құралдары, БАҚ ) алуға болады. Мәліметтер мектеп өмірі, әдепті бала, Бердібек Соқпақбаев «Менің атым- Қожа» тақырыбы бойынша жинақталады. Тапсырмалар оқу мақсаттарына сәйкестендірілуі керек. Жұмыс жасау формалары (жеке, жұптық және топтық) оқу мақсаттары мен тапсырманың ерекшелігіне қарай ұйымдастырылады. Оқушылар тапсырмаларды ауызша және жазбаша орындайды. Жұмыс нәтижесін мұғалімнің өзі немесе оқушылар өзара бағалайды. Бағалау оқу мақсаттарының жетістік критерийлері негізінде іске асырылады.

Тарауда қамтылатын оқу мақсаттарының тізімі:

Т1. Тақырыпты тірек сөздер арқылы болжау.

Т2.Тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну және нақты ақпаратты анықтау.

А3. Ауызша мәтіндер құрауда қазақ тіліндегі төл дыбыстардың дыбысталуын, үндестік заңын ескертіп айту.

А5. Берілген сұрақты дұрыс түсініп, лайықты жауап беру, шағын диалогке қатысу.

О1. Мәтіндегі негізгі ақпаратты анықтау.

О5. Қосымша ақпарат көздерінен тақырыпқа байланысты мәліметтерді ала білу.

Ж2.Эссе құрылымын сақтай отырып, адамды, табиғатты, белгілі бір оқиғаны сипаттап жазу.

Ж4.Мәліметтерді жинақтай отырып,тақырып бойынша постер жасау.

ТБ1.1. Мәтіндерден жалпы және жалқы есімдерді ажырата білу, жалғау түрлерін дұрыс жалғау.



ТБ1.2. Лексикалық мағынасы жағынан заттың түрін, түсін сапасын білдіретін сын есімдерді ажырата білу, жазба, ауызша жұмыстарда қолдану

Лексикалық минимум: айналыс, ар, баға, басшы, белсенді, бөлу, ғажайып, дайындық, дөрекі, жетекші, кейіпкер, көбейт, көшір/көшірме, кір-қоқыс, қағида, қиял, қосу, мінез-құлық, өтін, өтірік, сағын, сақтау, тапсыр, тапсырма, тиянақты, ұстат, төбелес, уәделес, үлгі, ізден



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет