1. Технология туралы түсінік. «Педагогикалық технология» ұғымы



бет2/2
Дата20.11.2023
өлшемі63,28 Kb.
#192284
1   2
Байланысты:
пед инов 4тапс
пед инов 3тапсырма
Педагогикалық технологияны - педагогикалық мақсатты шешуге арналған немесе алдын ала жобаланған жоспарлы және бірізді педагогикалық үрдісті жүзеге асыратын бірімен-бірі тығыз байланысты педагогтың әрекет жүйесі деп түсінуге болады.
Педагогикалық технология - ғылыми жобаланған және педагогикалық үрдістің жетістігін қамтамасыз ететін іс-әрекет. Педагогикалық үрдіс белгілі принциптер жүйесіне бағынатындықтан, педагогикалық технология ішкі және сыртқы әрекет бірлігі ретінде қарастырылып, сол принциптерді шынайы өзара байланыста жүзеге асыратын педагог тұлғасынан көрінеді. Педагогикалық технологияның оқыту және тәрбие технологиясынан ерекшелігі осында. «Әдіс» түсінігі кешенді әдістерді, оқыту және тәрбиелеу тәсілдерін, оны іске асыратын адамнан тыс қарастыратын болса, онда педагогикалық технология - педагог тұлғасының алуан түрлі әрекетіне тәуелді. Осыдан барып, кез келген педагогикалық мақсат тиімді шешілуі үшін білікті педагог технологияға сәйкес, алуан түрлі әрекеттер жүйесін таңдап қолданады.
Педагогикалық технология педагогикалық шеберлікпен өзара байланыста болуы керек. Педагогикалық технологияны жетік меңгеру дегеніміз шеберлікті білдіреді. Педагогикалық шеберлік, бір жағынан алғанда жоғары деңгейде педагогикалық технологияны меңгеру, ол тек операциялық компонентті меңгерумен шектелмейді. Педагогтар арасында орын алған пікірдің бірі - педагогикалық шеберлік тек жеке адамға ғана тән, оны бір қолдан екінші қолға беру мүмкін емес деп санайды. Дегенмен де педагогикалық технология мен шеберліктің ара қатынасын ескерсек, педагогикалық технологияны меңгеру, педагогтың жеке сапалық қасиетіне байланысты. Кез келген технологияны меңгерген педагогтардың біліктілігі мен шеберлігі әр түрлі болады.
Педагогикалық мақсатты шешуіне қарай педагогикалық технология жалпы және жеке технологиялар болып бөлінеді. Жалпы технологияға оқыту технологиясын құрастырып, оны іске асыру жатады. Жеке технологияға оқу немесе тәрбие мақсатының мынадай түрлерін шешу жатады: оқушылар әрекетіне түрткі тудыру, алынған нәтижені бақылау және бағалау, нақты мақсатты, мысалы, тәрбие ситуациясын талдап, оны шешу жолдарын анықтау.
Сонымен, біртұтас педагогикалық процесті жобалап, оны жүзеге асыруда оның барлық компоненттерінің бірлігін сақтау қажет, егер оның біреуі өзгеріске ұшыраса, онда басқа компоненттер де өзгеруге мәжбүр болады. Педагогикалық технологияның «әдістен» айырмашылығы тәрбиеленушілер әрекетінің мазмұнын және оны ұйымдастыру тәсілдерін жобалау керек. Педагогикалық технология қойылған мақсаттың диагностикасын және жеке тұлғаны тұтастай дамытатын педагогикалық процесті обьективті бақылауын қажет етеді.
5. Педагогикалық технологиялардың түрлеріне сипаттама беріңіз.
«Педагогикалық технология» термині педагогикалық әдістерге негізделген оқыту технологиясы 1960 жылдарда шетел зерттеушілері тарапынан енгізілді. «Педагогикалық технология дегеніміз – тәжірибеде жүзеге асырылатын белгілі бір педагогикалық жүйенің жобасы, ал педагогикалық жағдайларға сай қолданылатын әдіс-тәсілдер – оның бӛлігі ғана» - деп кӛрсткен В.Беспалько. Жеке тұлғаның ӛзін-ӛзі дамыту технологиясында оқу пәндері әдістемелері мен білім беру технологияларын жоспарлау жүйесі қолданылады. Бұл үшін мына тӛмендегі мәселелерді ескерген жӛн: – қатар отыратын екі сыныптағы оқушылардың жас ерекшеліктері мен білім деңгейлерін ескеру; – әдістеме технологияның сабақтастығы; – оқушының ӛз бетінше іс-әрекет жасау тәсілдерін меңгеруіне мұғалім тарапынан кӛмек беруді біртіндеп азайту; – параллель сыныптардағы сынып топтарының ерекшеліктерін ескеру; – мұғалімдердің ықыласы мен шеберлік деңгейінің болғанын, т.б. Инновация (латын сөзі іn – в, NOUS – жаңа ) жаңа, жаңалық, жаңарту дегенді білдіреді. Педагогика теориясы мен практикасында инновация термині кеңінен қолданылуда. Бірақ бұл терминнің белгілі бір педагогикалық категория ретінде әлі де қалыптасу үстінде. Сондықтан да біз инновация ұғымын толық анықтау үшін, оның тарихи даму деректеріне шолу жасаймыз. Инноватика мазмұнына талдау жасау нәтижесінде Ш.Т.Таубаева тӛмендегі негізгі аспектілерді кӛрсетеді: 1) Инноватика  жаңа білімді ойлап табу, меңгеру, енгізу зандылықтарын зерттейтін гуманитарлық ғылым; 2) Инноватика  жаңа білімді жасап шығару, меңгеру, енгізу процестерін зерттейтін ғылыми білім саласы; 3) Инноватика  қоғамдық тәжірибеде және ғылым мен техниканың түрлі салаларындағы инновациялық процестің теориясы мен практикасы. Инновациялық технологияны Қазақстанда зерттеген ғалымдардың бірі  ол Н.Нұрахметов болған. Ғалым мынадай топтама береді:  білім беру мазмүнында;  әдістемелерде, технологияларда форма мен оқу-тәрбие процесінің құралдарында;  мектеп басқару жүйесіндегі жаңалықтар кӛлеміне. Қазіргі жағдайда инновациялық процесстер, жылдам басқару мәселесі педагогикалық инноватиканың құрылымында негізгі түйіні болып табылады. Ғылыми білімнің саралануы, олардың үздіксіз дамуы білім беру мазмұнына кӛлемді практикалық және теориялық материалды қосуды талап етеді. Алайда мектепте, жоғары оқу орнында оқыту уақыты шектеулі болғандықтан, заман талабынан шығатын маманды дайындауға жеткілікті білімді саралауды тандап алу мәселесі кӛтерілуде. Жаңа технологиямен жұмыс істеу үшін төмендегі алғы шарттар қажет: – оқу үрдісін интенсивтендіруді жаппай қолға алу; – оқушылардың сабақтастылығын болдырмау шараларын кешенді түрде қарастыру. Оның гылыми-әдістемелік, оқыту-әдістемелік, ұйымдастырушылық себептеріне үнемі талдау жасап, назарда ұстау; – жаңа буын оқулықтарының мазмұнын зерттеп білу, пәндік білім стандартымен жете танысу, білімді деңгейлеп беру технологиясын игеру арқылы оқушыларға білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде игертуге қол жеткізу; – оқыту үрдісін ізгілендіру мен демократияландыруды үнемі басшылыққа алу. Қазір Республика оқу орындары, педагогикалық ұжымдары ұсынылып отырған көпнүсқалыққа байланысты өздерінің қалауына сәйкес кез келген үлгі бойынша қызмет етуіне мүмкіндік алды. Бұл бағытта білім берудің әртүрлі нұсқадағы мазмұны, құрылымы, ғылымға және тәжірибеге негізделген жаңа идеялар, жаңа технологиялар бар. Сондықтан әртүрлі оқыту технологияларын оқу мазмұны мен оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктеріне орай таңдап, тәжірибеде сынап қараудың маңызы зор. Қазіргі кезде қоғамда болып жатқан үлкен ӛзгерістер ғылым мен техникалық соңғы жаңалықтарының ӛмірдің барлық салаларына тез ӛңдеуді ӛзгерістер білім беру саласына да ӛзінің үлкен әсерін тигізуде. Сондықтан да тәуелсіз қазақ елінің басты мақсаты – осы заман ағымынан қалып қоймай, ӛркенитетті мемлекет құру және білім беру сапасына әлемдік білім стандарты негізінде жақсарту. Баспа беттерінде педагогикалық білім берудің стратегиясы мен тактикасын ӛзгертудің қажеттігі, оның уақыт талабына сай келмейтіндігі туралы мәселелер жиі айтылуда. Ендеше, білім берудің инновациялық технологияларын шапшаң ӛндірудің қажеттігі ӛзектілігін танытып отыр. Білім беру саласындағы инновациялық бағыттың қажеттілігін анықтайтын себептерде қазіргі таңда бүкіл халыққа белгілі болып отыр. Олар:  білім беру жүйесінің жаңаруы, яғни жоғары оқу орындарының кредиттік оқу жүйесіне кӛшуі және орта білім беру жүйесінің 12 жылдыққа ӛтетіндігі;  білім беру мазмұнының гуманитаризациялануы;  мұғалім мен оқушыға қойылатын талаптың жаңа тұрғыдан қарастырылуы, яғни оқушы тек білім тұтынушы ғана емес, ортақ іс-шара субъектісі де. Кӛптеген мектептер жаңа оқыту және тәрбиелеу үрдісін енгізе бастады. Алайда мектептердің жылдам даму қажеттілігі талабы мен педагогтардың оны іске асыруда білімнің жетіспегендігінің арасында қарама-қайшылық туындауда. «Жаңа», «жаңалық», «жаңалық енгізу», «инновация», «инновациялық процесс» деген ұғымдарды оқытушылардың түсінуінде шатастыру байқалады. Білім берудегі инновация және «педагогикалық инновация» терминдерін педагогикаға ғылыми тұрғыдан негіздеп енгізген Н.Р.Юсуфбекова. Ол ӛзінің еңбегінде педагогикалық инновацияны ӛзінің зерттеу объектісі, пәні, тәсілі бар педагогика ғылымының дербес саласы ретінде қарастырады. Бір технологияның өзі әртүрлі атқарушылардың шеберлігіне байланысты әрқилы жүзеге асырылуы мүмкін. Қазіргі кезде әдебиеттерден қазіргі замангы білім берудің даму бағыты мен тенденцияларын қамтитын 50-ден астам педагогиклық технология қолданылып жүргендігі мәлім. Бірақ мұғалімдер оны өз тәжірибелерінде жүйелі қолдануға дағдыланбаған және оны әдістемеден ажырата алмайды. Оқытудың жаңа технологияларын таңдаудың М.М.Поташник ұсынған критерийлері:  елдің, аймақтың, қаланың талап-тірегі  мектепке әлеуметтік сұраныс;  мектептің дамуы туралы мемлекеттік қүжаттар  мемлекеттік сұраныс;  қазіргі ғылымның адам туралы жетістіктері мен табыстары;  педагогикалық озат тәжірибе;  мұғалімдердің, мектеп басшыларының іс-тәжірибесі, интуициясы, шығармашылығы;  мектептің жұмыс үрдісі мен нәтижелерінің талдамасы. Бұдан педагогикалық технология таңдау барысында:  алынып отырған технологияның мектептің мүмкіндігі мен нақты жағдайға сай болуы;  жүйелілігі;  тиімділігі т.б. ескерілуі керек деген қорытынды шығады. Педагогикалық технология оқу үрдісімен, мұғалім мен оқушының іс-әрекетімен тығыз байланысты. Оның кұрылымына мыналар кіреді: а) тұжырымдық негізі; ә) оқыту мазмұндық бөлімі:  оқытудың нақты және жалпы мақсаты;  оқу материалының мазмұны. б) үрдістік бөлім  технологиялық процесс:  оқу үрдісін ұйымдастыру;  оқушылардың оқу қызметінің әдістері мен формалары;  мұғалім жұмысының әдістері мен формалары;  мұғалімнің материалды меңгеруді басқарудағы қажетті әрекеті;  оқу үрдісінің диагностикасы. Тәжірибеде Х-ХІ сынып аралығында жүргізілетін педагогикалық технология мен әдістемелерді (мұғалімнің қалауы бойынша) тӛмендегідей етіп жоспарлауды ұсынуға болады: - мәселелік оқыту; - іздену, зерттеу әдістері; - топпен оқыту тәсілі (В.Дьяченко); - нәтижелі технологиялар; - тірек және тірек конспектісінің кӛмегі арқылы оқыту (В.Шаталов); - ӛзіндік жұмыс әдістері; - бағдарлап оқыту (машинасыз және компьютерсіз); - оқытудың коммуникативті әдісі (қарым-қатынастық); - дискуссиялық әдіс; - дидактикалық ойындар.
6. Өтілген материал негізінде қазіргі тәрбие технологияларының логикалық байланыстары мен маңызды сипаттарын көрсететін құрылымдық логикалық сұлба құрастырыңыз.
Бастауыш білім беру жүйесін дамытуға қатысты іргелі және қолданбалы зерттеулердің, оқушылардың ойлау қабілеті мен тілін дамыту мәселелеріне деген жалпы қызығушылықтың барына қарамастан, бастауыш мектеп оқушыларының ойы мен тілін дамытуды нәтижелі етуде: - логикалық амал-тәсілдердің бастауыш мектеп оқушыларының ойы мен тілін дамыта оқытуда тиімділігі мен бастауыш білім беруде логикалық амалтәсілдердің ғылыми-дидактикалық тұрғыдан жүйеленбеуінің арасында; 10 - логикалық амал-тәсілдер арқылы бастауыш мектеп оқушыларының ойы мен тілін дамыта оқытудың мүмкіндіктері және осы тұрғыдағы тәжірибелік әдістер мен амалдардың қолданылу әлеуетінің жоқтығы арасындағы қарамақайшылықтар анықталды. Анықталған қарама-қайшылықтар зерттеудің мәселесін білім беру үдерісінде логикалық амал-тәсілдер арқылы бастауыш мектеп оқушыларының ойы мен тілін дамыта оқытудың теориялық негіздерін айқындау және оның тиімді әдістемесін дайындау деп анықтап, зерттеу тақырыбын: «Логикалық амал-тәсілдер арқылы бастауыш мектеп оқушыларының ойы мен тілін дамыта оқыту» деп таңдауға негіз болды. Зерттеу мақсаты: логикалық амал-тәсілдер арқылы бастауыш мектеп оқушыларының ойы мен тілін дамыта оқытудың теориялық-әдіснамалық негіздерін айқындау, оның әдістемелік жүйесін дайындап, тиімділігін эксперименттік-тәжірибелік жұмыстар арқылы тексеру. Зерттеудің нысаны: жалпы білім беретін орта мектептің бастауыш білім беру үдерісі. Зерттеу пәні: логикалық амал-тәсілдер арқылы бастауыш мектеп оқушыларының ойы мен тілін дамыта оқытудың әдістемелік жүйесі. Зерттеу жұмысының болжамы: егер логикалық амал-тәсілдер арқылы бастауыш мектеп оқушыларының ойы мен тілін дамыта оқытудың теориялықәдіснамалық негіздері айқындалса, оның құрылымдық-мазмұндық моделі әзірленіп, әдістемелік жүйесі дайындалып, шығармашылықпен тәжірибеге енгізілсе, онда ойлау қабілеті жетілген, икемділік пен тәуелсіз дамуға ие, пайда болған мәселелерді өздігінен жан-жақты қарастырып, оларды талдай келе, нақты шешімдерді ұсына алатын тұлға қалыптастыруға мүмкін болады, өйткені логикалық амал-тәсілдер арқылы тәуелсіз ойлауы дамыған тұлғаның қалыптасуы қоғамның сұранысын қанағаттандырады.
– логикалық амал-тәсілдер арқылы бастауыш мектеп оқушыларының ойы мен тілін дамыта оқытудың ішкі мазмұндық құрылымын анықтауда философиялық мәні: ойлау логикасы, ойлау заңдылықтары, табиғат үдерістерін түсіну жолы, әлем ойлаумен бірлікте, толық біліммен даму, адам ақылының алғышарты, адамның дамуының бастауы, мәселелерді шешу жолы, табиғат субстанциясының атрибуты, жалғанды ақиқаттан ажырату, рухани дүниені байыту, таңғажайып құбылыс, тәуелсіз, қажетті ұғым, белгілер жүйесі, қатынас құралы деп қамтамасыз етіледі; психологиялық мазмұны: ойлау – ақиқат дүниені өзара барлық байланыс, қатынастарымен сәулелендіретін психикалық үдеріс; тіл – адам сана-сезімінің, оның психологиясының көрсеткіші; адамдағы жаңа әрекеттер, бейнелер мен ұғымдарды құрумен байланысты күрделі, көп жоспарлы өзгерістер; педагогикалық аспектісі: логикалық амал-тәсілдерді қолдануды қажет ететін материалдарды (ойлау амалдары: талдау, жинақтау, салыстыру, абстракциялау, жалпылау; ойлау қалыптары: ұғым, пайым, ой қорытынды) бастауыш мектепте оқу үдерісінде пайдалану оқушылардың ақыл-ойларының негізгі қасиет-сапаларын (ақыл-ойдың алғырлығы, шапшаңдығы, дербестігі, тереңдігі және т.б.), интеллектуалдық іскерліктері мен танымдық үдерістерін белсендендіруші деп сипатталады; – «логикалық амал-тәсілдер – ойлау арқылы бұрынғы білімді негізге ала отырып, жаңа білімді жасаушы құрылым»; «ой мен тілді дамыта оқыту – ойлау мен сөйлеу формалары арқылы баланың қабілетін дамытуға бағытталған субъект-субъект қатынасындағы өзін-өзі білімдендіру үдерісі» деп нақтыланады; – логикалық амал-тәсілдер арқылы бастауыш мектеп оқушыларының ойы мен тілін дамыта оқытудың әдіснамалық негіздерінде жүйелік тұғыр, ісәрекеттік тұғыр, тұлғалық-бағдарлық тұғыр, субъективтілік тұғырлары және теория мен практиканың бірлігі ұстанымы, оқу - танымдық қызметтің жүйелілігі ұстанымы, оқу материалының ғылымилық ұстанымы, оқушыларың жас ерекшелігін, даму ерекшелігін ескеру ұстанымы, демонстрациялық ұстанымдары басшылыққа алынады; – логикалық амал-тәсілдер арқылы бастауыш мектеп оқушыларының ойы мен тілін дамыта оқытудың құрылымдық-мазмұндық моделі өзара тығыз байланыстағы мотивациялық-мақсаттылық, мазмұндық-іс-әрекеттік, бағалаушылық-рефлексивті компоненттерден түзілген өлшемдері мен көрсеткіштерінің жиынтығын құрайды және жоғары, орта, төмен деңгейлерінің өзара байланысы негізінде құрылады; – логикалық амал-тәсілдер арқылы бастауыш мектеп оқушыларының ойы мен тілін дамыта оқытудың әдістемелік жүйесі: бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Логика элементтерін бастауыш білім беруде қолдану» атты 24 сағат көлеміндегі ғылыми-әдістемелік семинар бағдарламасы; 3-сынып оқушыларына арналған «Логикалық сауаттылық» факультативтік курс бағдарламасы және «Логикалық амал-тәсілдер арқылы бастауыш мектеп оқушыларының ойы мен 14 тілін дамыта оқыту негіздері» атты оқу-әдістемелік құрал дайындалып, оның мазмұны беріледі.
Жаңа технологиялардың педагогикалық негізгі қағидаларына талдау жасау - Балаға ізгілік тұрғысынан қарау; - Оқыту мен тәрбиенің бірлігі; - Баланың танымдық күшін қалыптастыру және дамыту; - Балаға өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту; - Баланың танымдылық және шығармашылық икемділігін дамыту; Оқу үрдісін оқушының сезінуі т.б.
Жаңа технология – педагогтың мүмкіндігін күшейтетін құрал, бірақ ол оқытушыны алмастыра алмайды. Компьютер мүмкіндіктері психология мен дидактика тұрғысынан талданып, керек кезінде педагогикалық талаптарға сай қолданылуы керек. Жаңа ақпараттық технологиямен орындалатын қызмет өзінің кез келген нақты формасында тиімдірек орындалады, адам өркениетті бола бастайды. Жаңа технологияны бәсекеге қабілетті ұлттық білім беру жүйесін дамытуға және оның мүмкіндіктерін әлемдік білімдік ортаға енудегі сабақтастыққа қолдану негізгі мәнге ие болып отыр.
Жаңа технологиялардың педагогикалық негізі қағидалары: білім алушыға ізгілік тұрғысынан қарау; оқыту мен тәрбиенің бірлігі; білім алушының танымдық күшін қалыптастыру және дамыту; білім алушының өз бетімен әрекеттену әдістерін меңгерту; білім алушының танымдылық және шығармашылық икемділігін дамыту; әр білім алушының оның қабілеті мен мүмкіндік деңгейіне орай оқыту; барлық білім алушылардың дамуы үшін жүйелі жұмыс істеу; оқу үрдісін білім алушының сезінуі.
Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алып, білік пен дағды, іскерлікке қол жеткізу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке – ақпаратты өзі іздеп табу, талдау және ұтымды пайдалану, жылдам қарқынмен өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру және жұмыс істеу болып табылады.
XXI ғасырда әлемдегі қайта құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарламар, қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Оқушы қызметін белсендіру негізіндегі педагогикалық технологиялар тиімді қолдануға тиістіміз. Сол себепті мен өз білімімді сіздермен бөліскім келді.
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеті – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» — деп атап көрсеткендей, қазіргі кезеңде әрбір мұғалімнің алдына қойып отырған басты міндеттерінің бірі – оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру. Осыған орай, білім берудің мақсаты – қазіргі қоғам талабына сай алынған терең білім, білік, дағдылар мен құзырлықтардың негізінде еркін бағдарлай білетін, қойылған мақсатқа танымдық қызмет жасау арқылы жете алатын, өз бетінше дұрыс, тиімді шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру болып табылады.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет