1. Теннисшілердің техникалық дайындығы


Жұпты ойнау кезінде негізгі тактикалық тәсілдер



бет7/7
Дата01.06.2017
өлшемі1,54 Mb.
#17341
1   2   3   4   5   6   7

1.9.2 Жұпты ойнау кезінде негізгі тактикалық тәсілдер
Жұпты ойнау тактикасы негізінде бірегей ойын тактикасына ұқсас болып келеді, алайда жұпты ойнау кезінде орын ауыстыру үрдісінде соққыны төрт ойыншы орындайды, осында соққы саны көбірек болады. Сондықтан тактикалық идеяны бірінші болып шабуыл жасау және ойында ынтасын өзіне аударуға ұмтылу жұпты ойында қызықты шегіне жетуін тапты. Бірінші партияда өте жиі ойыншылармен доп берулерді және шапшаң соққыдан кейін немесе доп берулерді қабылдау және шапшаң соққыларды олардың қабылданып алғаннан кейін ұпайдың жеңісі немесе жеңілісі туралы сұрақ шешіледі. Сондықтан кесіп алуды қолданатын жұп белсенді қорғау, доптың ұшу бағытын және оның ұшу бағытын өзгертіп, қарсыластың қимылдарын қадағалап, шабуыл үшін қолайлы жағдай тауып жетекші идеясын ұстану қажет. Таза қорғану ойынның енжар сипатына ие болуын жорамалдайды, ал бұл тиімді емес.

Қарсыластарға әр түрлі стиліндегі ойынға қарсы жұптармен қолданылатын ойынның негізгі тактикалық тәсілдерін қарастырайық.



Шапшаң шабуыл соққысына қарсы бағытталған негізгі тактикалық тәсілдерді жылдам соққы қолдану.

  1. Доп беруден кейін шапшаң соққыларды қолдану тактикасы. Үстіңгі және төменгі айналуы бүйірінен немесе оң бұрышқа айналусыз және айналумен доп беруді пайдаланатын ойыншы оларды үстел сызығының сәл оңға қарай айытқыған ұзын доптарды жылдам соққылармен үйлестіреді. Ойыншыға жауап доптың бағытына, олардың ұзындығы мен айналу мінезіне байланысты шапшаң соққыны орындауға қажет. Жауап доптың күшіне байланысты күштерді дұрыс реттеуді білу маңызды. Соққылар жылдам орындалуы керек, доптың ұшу бағыты әр түрлі болу керек.

  2. Доп беруді қабылдап алғаннан кейін жылдам соққыларды орындау тактикасы. Ең алдымен, ойыншыға қарсыласпен берген допты дұрыс бағалау қажет: соққыны немеме жазуды орындаған ойыншының жауап соққы кезінде, доптың ұшу жылдамдығын күшейтіп және ұшу бағытын түрлендіруі қажет. Шабуыл соққыларды негізінде бастысы қарсыластың алаңының қорғалмаған жеріне бағыттау қажет. Кейбір жағдайларда әріптеске шабуыл үшін шартын туғызу үшін бұл тактикалық тәсілдердің кері қолданылуы рұқсат етіледі.

Егер шапшаң соққыны қолдануға мүмкіндік болмаса, ойыншы дайындау соққы ретінде жылдам кесіп алуды қолдану керек, алайда осында қарсыласқа шапшаң соққы жасау мүмкіндігін бермеу үшін доптың ұшу бағытын бақылауда ұстау қажет, ал содан кейін шабуылды ашу үшін қолайлы жағдай табу қажет.

  1. Шабуыл соққыларды бұрыштың қандай да бір жеріне орын ауыстыруын беретін, қарсыластың алаңының бір ғана зонасына жолдау қажет, ал содан кейін қарама-қарсы бағытта шабуыл соққыны жасау қажет.

  2. Қарсыластың тура денесіне бағытталған арнайы шабуыл соққы оны жылдам орын аустыруларды жасауына мәжбүр етеді, ал бұл кейбір қиыншылықтарды тууына және қарсыластың қимылдарына енжар мінезіне ие болуына әкеледі.

  3. Егер қарсылас техниканы жақсы орындаса, оң және сол жақтан шабуыл соққыларды қолданып немесе топ-спиндерді қолданып қатты шабуылды бұрып жіберсе, онда үстелдің ортасынан немесе қысқа соққылармен қарсыластың қимылдарын ұстап тұрып шбуылдау қажет, содан кейін қолайлы жағдай тауып ынтасын өзіне аударып алу үшін шабуыды бірінші болып шара қолдану қажет. Еш жағдайда ойынды қорғау кезінде созуға болмайды, онда ойынның енжер сипатнан құтыла алмайсыз.

  4. Кесіп алуды орындаған кезде доптың ұшу бағытын бақылау қажет, сондай-ақ шабуыл соққыны бірінші болып жасау үшін тырысып, доптың айналумен және айналусыз белсенді соққы жасау қажет. Доптың ұшу жылдамдығы жоғары болатындай етіп, жауап доптардың бағыттары әр түрлі болуын бақылау маңызды. Бұл ойыншыға қарсыластың алаңының қорғалмаған жерлеріне соққы шабуылдарын жасау үшін немесе ортадан оң жақ соққы шабуылына жағдай туғызады.

Топ-спиндерді шапшаң соққыларға қарсы қолдану негізгі тактикалық тәсілдері

  1. Топ-спиндерден кейін шапшаң соққыларды қолдану. Ең бастысы төменгі немесе бүйірінен төменгі айналуы бар және үстелдің шегінен шығып кетпейтін қысқа доп берулерді орындаған кезде ойыншы, қарсыласты доп берулерді кесіп алумен, содан кейін, қолйылы уақыт тосып сол жақ бұрышқа немесе қарсыластың алаңының қорғалмаған бөлігіне топ-спин орындайды, ол әріптеске сериялы шабуыл соққысын орындау үшін немесе қатты аяқтайтын соққыларды жасау үшін жағдай туғызады.

  2. Доп беруді қабылдап алғаннан кейін топ-спинді қолдану. Егер ойыншы шабуылға қарсы соққыларын үстелдің ортаңғы зонасында орындаса, онда доп беруді қабылдау үшін жазуды пайдалануға болады. Егер теннисші шабуылға қарсы соққыларын жасай алмаса, онда қарсыласқа белсенді шабуылдаса, онда қабылдау үшін ол қысқа кесіп алуды қолдануға, ал содан кейін қолайлы жағдай тосып ынтасын өзіне аударып алу үшін топ-спинді орындау қажет.

  3. Шабуылға қарсы соққыны орындаған кезде, ойыншы қарсыластың сол жақтан соққы жасауын тырысып, содан кейін кенет соққыларды жазумен және қарсыластың оң жақ зонасына қорғалмаған жеріне топ-спинді орындауға жиі жүгінеді. Кейбір жағдайларда ойыншы қарсыластың ынтасын басып алам деген қарсы бағытталған талпыныстарына соққы жасауға болады.

  4. Арнайы топ-спиндер, үстелдің ортаңғы сызығынан оң жаққа немесе сол жаққа бағытталған, кейбір жағдайларда аса маңызды рол атқарады.

  5. Қарсы шабуыл кезінде үстелден артқа қарай шегінуге қажет болған жағдайдың кезінде, қорғау тәсілдері ретінде ұшу траекториясы биік болатын соққыны қолдануға болады, содан кейін қарсы шабуыл соққыларын орындауға мүмкіндік туады.

Шабуыл соққыларын орындайтын ойыншының кесіп алуды жасай алатын ойыншыға қарсы негізгі тактикалық тәсіл.

  1. Жазуларды орындаған кезде шабуыл соққыларына және сериялық қатты соққылар үшін жағдай жасалынады. Алдымен ойыншылар қарсылас жұпты жақындастыру үшін, жазуды бір нүктеге орындайды, содан кейін – мүлде қарама-қарсы бағытта қатты шабуыл соққыларды жасайды. Қарсыластың алаңының қорғалмаған жеріне сол жаққа оң жаққа орын ауыстыруларды мәжбүрлеу үшін шабуыл соққылар мен жазуларды орындауға болады, содан кейін қолайлы уақыт тосып, қатты аяқтайтын соққы орындау.

  2. Ойыншы жазумен берілген допты қабылдап, қолайлы уақыт кезінде қарсыластан тікелей жақын немесе үстелдің бұрыштарна шабуыл соққыны орындау үшін ортадан оң жаққа шегінеді.

  3. Үстелге жақын ойнаған қарсыласқа шабуыл соққыларын орындау үшін қолайлы жағдай табуды рұқсат ететін доптардың ұзын және қысқа тактикалық тәсілдерді орындауға жүгінеді. Ойыншы сондай-ақ үстелден біршама алыс тұрған қарсыласты қысқа соққыларымен жақындауына мәжбүр ете алады, қарсылас жұптың дағдылы қалпын бұзып және ынтасын тартып алуға жеңілдетеді. Кейбір жағдайларда сериялық жазуларды бір нүктеге немесе әр түрлі нүктелерге соққы жасап, қарсылас жұптардың ойыншыларын қорғау үшін кетіп қалуға мәжбүр еткізеді. Онда ойыншылар қолайлы уақыт таңдап қарыластың денесіне бғыттаған қысқартылған соққыға немесе бұрыштар бойынша шабуыл оққыға жүгінеді.

  4. Жазулар мен кесіп алуларды үйлестіріп, жауап доптардың айналуын өзгертіп және ұзын, қысқа доптарды жібереді, қарсыласты алдына-артқа орын ауыстыруларды жасауға мәжбүр етеді, ал әріптес үшін кенет соққылар орындау үшін қолайлы жағдай туғызады. Жазуды немесе ұзын шабуыл соққыларды қолданып, ойыншы қарсыласты алдына-артқа орын ауыстыру уақытында қолайлы жағдайын жіберіп алуға мәжбүрлейді, ал содан кейін қатты соңғы соққыны орындайды.

Доп беруден кейін жылдам соққыларды қолдану тактикалық тәсілдері

Доп беруден кейін орындалған шабуыл соққыларды кесіп алу жылдам соққыға қарсы пайдаланған кезде, шабуыл соққыларға қарсы маңызды рол атқармайды. Алайда кенеттен шабуыл соққыларды орындау жақсы жетістіктер әкелу мүмкін. Мысалы қысқа доптар сериясынан кейін ойыншы шабуылды тартып алу үшін кенеттен ұзын соққыларды орындайды. Басында қарсылас төменгі айналуы бар допты әрдайым қайтарады, содан кейін айналусыз допты жібереді. Ынтасын өзіне аударп алу үшін және т.б. ұзын доптар серисынан кейін кенет қысқа доп жіберіледі.

Шабуыл стилін қолданған теннисшілермен кесіп алуды қолданатын ойыншыларға қарсы негізгі тәсіл


  1. Қарсылас жұптың ойыншылары бір қалпында тұру үшін ойыншы кесіп алуды тек қана бір нүктеге жолдайды. Содан кейін қолайлы жағдай таңдап, ол қарсыластың алаңының қорғалмаған жеріне шабуыл соққыны орындайды. Басқа тәсіл: ойыншылар бір біріне қарсыластың алаңының әр түрлі қорғалмаған жерлеріне кесіп алуларды орындайды, оларды әрдайым сол жаққа оң жаққа қозғалуына мәжбүрлейтін және оның қорғалмаған жеріне немесе қарсыластан тікелей жақын жеріне қарсы шабуыл соққыларды орындау үшін қолайлы жағдай туғызады.

  2. Доптарды кесіп алумен қарсыластың алаңының тек сол жақ бұрышына ғана (немесе оң жаққа) әрдайым жолдау қажет, ал содан кейін кенеттен допты қарсыластың қарсы шабуыл үшін қолайлы жағдай туғызып оң жақ (сол) бұрышына жолдау қажет.

  3. Қысқа соққыларды кенеттен соққымен доптардың айналумен және айналусыз үйлестіріп, ойыншыларға ынтаны өзіне тартып алуға тырысып қарсыластың қимылдарында түсінбестік жасау қажет.

  4. Кенеттен жылдам соққыларды доп беруді қабылданғаннан кейін жасау, қарсыластың жоспарын бұзуға мүмкін, сондай-ақ кесіп алуды орындаған кезде ойыншылардың ынтасын арттыратын оңды рол атқарады. Алайда доп беруді қабылданған кейін кенеттен жылдам соққыны қолданам дегеннен, әріптеске дайындап алуға уақыт беріп, белгі беріп орындаған жөн, онда ол тактикалық тәсіл күтілетін нәтижелер әкелуге мүмкін.

Кесіп алуды қолданатын ойыншыларға, сондай стилде ойнайтын ойыншыларға қарсы негізгі тактикалық тәсіл

  1. Алдымен күш көрсету тактикасынан бас тартып, шабуыл кезендегідей, күтпеген, жиі шабуыл соққылар жасап, нәтижесінде жазу тәсілін жасайтындай болу керек.

  2. Жазуды соққылармен жаслғастыра отырып, кесіп алумен байланыстырып қарсыласты үнемі алға артқа жылжып отыруға мәжбүрлеп допты қайтарып, ойыншыларға күтпеген соққылар жасауға қолайлы жағдай туғазыды.

  3. Ойыншы өзі жақын меңгерген және шабуылды тойтара алатын тәсілдерді қолданады. Басқа жағынан ал қарсыласының ерекшелігі мен ойын мәнерінің талаптарына сәйкес бастаманы өз жағына шығару үшін тәсілдерді қолдана алады. Допты алған кезде ойыншы өзіне шұғыл жедел соққылар жасап, ойын бастамасын өз жағына шығару үшін оңтайлы тәсіо таңдай алады.

Жұп ойындағы ойыншылардың араласуы.

Жұп ойындарда, белсенділікті доп беретін жұп алады, сондықтан доп беруді шабуылдың бастапқы құралы ретінде қолданылады. Жұп ойынның ережесі бойынша ойын да доп беруді қарсыластың оң жақ жартысынан, оң жағына басымдылық доп алушы жақта болады. Одан басқа допты қабылдаушы жұптар қай тәсілді игергеніне қарай кімнің допты бірінші қабылдайтынын шеше алады.

Егер де жұптағы ойыншының біреуі допты жақсы беріп, біріншісі боп доп берсе, онда допты қабылдауышы жақ күреске жақсы шабуыл жасаушы және қысқа допты қабылдай алатын бірінші боп шабуылдй алатын ойындағы белсенділікті өз қолына ала алатын ойыншының қоя алады.

Допты қабылдаушы жұп ойыншыларды еркін орналастыру құқына ие бола алады. Қарсыластың ойынын әлсіреті үшін, әдетте мықты ойыншыны қарстыластың келесі партияларда беленділік алу үшін, ойынның тиімді өтуі үшін.

Ойыншыларға қарсыластың ойын әдісі белгісіз болған кезде, бірінші партия ұтылса, онда доп беруді таңдаған дұрыс. Екінші партияда допты қабылдаушыны еркін таңдауға болады және ойын кезінде болған қолайсыз жағдайды түзетуге болады. Ойыншылардың техникалық деңгейлерңің шамалы айырмашылығына қарай мықты ойыншы бірінші болып доп беруге тырысады, тіпті бірінші партия жеңіліс тапса да – әр келесі соққы жеңіске жеткізеді.

Аралас жұпты жарыстарда ерлердің техникалық деңгей біліктілігі, әйелдерден гөрі жоғарырақ, сондықтан да доп берген, алған кезде айырықша доп алуға беріледі, ерлер ерлерден, әйел әйелдерден доп алады. Қарсылас жұптың бірі соққы берсе, онад қарсы жұптың серігі әйелге шабуылдау соққысын жасайды. Осылайша мықты ойыншы, әлсіз ойыншыны шабуылдамайды.

Бірақ та кейбір жағдайларда жақтардың техникалық ерекшеліктеріне байланысты жоп беруді әйел де бсатауы мүмкін: ойынды қабылдаушы бұл жағдайда қарсыласына қарсы шабуыл жасайды. Сондақта да әйелдің доп беруі ер адамға қарағанда қауіптірек, - ол бірнеше шабуыл жасауға мүмкіндік береді. Аралас жұптарды құрған кезде басты шарт ретінде серігінің жоғары техникалық даярлығы болуы, қарсылас жұптың шабуылдырын басып тастауға мүмкіндік бере алуы қажет.

Ойында міндетті түрде ойынды жүргізуші анықталуы қажет. Ойынды жүргізуші жұп жасы жағынан үлкен, жарыс кезінде мол тәжірибесі бар спортшы болуы керек. сонда жұп шабуыл жасауға тиімдсәттерді тауып, өзара келісіп, бірігіп ойнауына мүмкіндік болады. Ойыншылардың техникалық ерекшілік мәнеруне байланысты әр ойында басты шабуылшыны (бірінші шабуылшы), ал оның серігі күшті, аяқталған соққылар жасап ойынды дамыта отырып, жеңіске жетелеп отырады.



Ойын кезінде жағдай жиі ауысып отырады, жұптағы ойыншылардың арасында іс-қимылдарын нақты бөліп алып, жалпы және міндеттерді бөліп ала білуі, нақты іс-қимылдарындағы келіспеушілік болуы қажет.
1.9.3 Методикалық нұсқау
Допты қабылдау және ойынды өз жағына алмастыру үшін қолданылатын жаттығулар.

  1. Теннисшілер соққыны қабылдау үшін бірнеше соққылар жасап, уақытты үнемдеп және соққылардың жиілігін арттыра алады. Жаттығулар төмендегідей болуы мүмкін. Жұптар үстелдің шеттерінде тұрады, ойыншылардың біреуі допты беріп тұрады, екіншісі оны қабылдайды, беруші алушының өтініші бойынша допты береді (доптың ұшу бағытын, ұзындығын, доптың айналымын қоса). Одан кейін допты қабылдаушы ойыншы, жылдам соққы және жылдам жазу, соққыны жылдам кесіп алумен және басқа да әрекеттерді қолдана отырып жасайды. Допты алу кезінде жоғары жылдамдыққа және доптың төменгі траекториясына және доптың аумаққа құлау заңдылығын білуі керек.бұл жаттығу допты алудың техникалық деңгейін көтеруге әсер етеді.

  2. Бұл жаттығуды орындаған кезде жаттықтырушылар ойыншының қарсыласының қимылын дұрыс бағалауын дамыту керек, жылдам орын ауыстырып және жылдам жауапты соққы жасау керек. Бірнеше жүйелі жаттығулардан кейін допты алу тәсілдері дағдыланады, ойыншының допты иықалдымен және қол буындарымен бақылау қабілеті дамиды. Допты қабылдау қабілетін игерген кезде теннисші тордың алдында негізгі құрал ретінде соққы беру тәсілін қолданушы доптың төменгі жанынан берілетін қысқа және ұзақтан келетін тәсілдерді үйренген кезде қолданады. Қосымша құрал ретінде жоғарғы жанынан айналмалы күшті допты алуда жаттығу жасауда мән беруі керек. Кей жағдайда спортшының кейбір кемшіліктерін жою үшін және допты беру сапасын жақсарту үшін арнаулы жаттығулар жасалуы керек.

  3. Допты беруші дағдысын дамыту үшін, ойынды ойынды алып қоя отырып, жиі жиі соққылар жасауына болады. Бір ойыншы доп беріп тұрады, жұп құрып тұрған ойыншылар оны қабылдап тұрады.

  4. Ойыншылар жарыс тәсілімен допты беруді ойынды алып қою, сонымен бірге арнайы жарыстарда допты беруді ойынды алып қоюды жұппен ойнауды дамыту. Жаттықтырушы ойыншылардың ұпай санын бақылап және доп беруді ойынды алып қою тәсілімен өткізуін бақылайды. Жаттығу төмендегідей болады. Допты қабылдаушы ойыншы күшті соққы жасайды, ал жұптағы қарсыласы ойынды ары қарай дамытып ойнай береді, егер де ойын кезінде үш соққыдан кейін ұпай ұтпаса, онда бәрі де жоғалғаны. Жарыс күнделігінде спортшылардың допты беру ойынды алып қойып ойнаудағы ұпай саны есептеледі. Ұпай саны неғұрлым көп болса, соғұрлым осы тәсілді жоғары игергенін білдіреді

  5. Жобалау бойынша допқа жиі, жедел соққылар жасау. Жұппен ойнаған кезде бұл жиі қолданылады. Бұл бірінші жұп бастаған соққылар нәтижесінде, қарсыластар столдан ұзап кету себебінен белсенділіктерін жоғалтып доптың жоғары траекториясынан үлгере алмайды. Егер де ойыншы жиі, жылдам техникасын немесе жедел аяқталған соққыларды қозғала отырып орындауды жақсы игермесе, бұл қарсыласына дем алуына және белсенділікті өз қолына алып қарсы ойын ойнауға мүмкіндік береді.

Бірнеше жылдам келетін доптармен жұмыс техникасын игеру жаттығулары.

  1. Тенниші орта биіктікте және әр бағытта ұшқан доптрарды үздіксіз беріп отыруы қажет, бұл жұп ойыншылардың үнемі орын ауыстырып бірнеше шұғыл соққылар жасауға тиіс. Бірнеше көп соққылар жасауға тиіс. Бірнеше көп соққылар беру жақсы нәтижелер береді.

  2. Жаттығу бір ойыншы бір жұпқа қарсы ойнатылады. Допты қабылдау шұғыл соққыларды қабылдаудан басталады. Бұл үздіксіз қарсы соққылармен әр түрлі бағыттығы және жоғарыда үйірілген доп немесе орта биіктіктегі допты қабылдаумен жаттығады. Жаттығудың басты мақсаты жұптағы ойыншылардың жиі орын ауыстырып шұғыл соққылар жасай алуы

  3. Жаттығу допты шұғыл соққылар жасау арқылы, орта биіктіктегі допты берудегі техникасын жаттықтыруды үйренеді, ойыншы бұл жаттығуды екі қарсыласпен жасай алады. Жаттығудың басты мақсаты, теннисшілер жұппен ойнағанда қоқғалыста болып үздіксіз соққылардың техникасын игерер еді, бір ойыншы еркін жіберілген допты әр бағытта және айналымда, артта ұшу биіктігін доптың техникасының игеруге арналған.

Кесіп алу және кесіп алғаннан кейін шабуыл жасау.

Допты бергеннен кейін шұғыл соққылар жасау техникасы өте маңызды тәсіл, бұл жұптағы ойында белсенділікті өз жағына шығаруға, жарыс кезінде ойыншылар бра тәсілімен шабуылды бірінші болып орындауға және қарсыласына шұғыл соққылар жасауға мүмкіндік бермеуге тырысады.

Сондықтан да доп беруші доп шұғыл айналыс жасап, ұшу траекториясы төмен және қысқа болатындай береді. Бұл қарсыласқа шұғыл соққылар беру мүмкіндігімен айырады. Допты қабылдаушы, қарсыласы соққы бастай үшін қысқа допты береді, бұл қарсыласқа шабуыл жасауға қиындық тудырады, бұл жағдайда қарсыластар бір бірінен кесіп алу тәсілін қолданылатын жағдай туады.

Теннисшілер тек қана жоғары жылдамдықпен төмен ұшу қысқа траекториясында келген допты кесіп алуды ғана емес, диагонал бойынша түзу, тік, айналыммен және айналымсыз ұшқан допты, шабуыл жасауға тиімді жағдайда келген допты кесіп алуды да жасай алуы қажет. Жұп ойында кей жағдайда айналмалы жазумен кесіп алу техникасын игеру жалқы ойында неғұрлым күрделірек болады. Қозғалыста допқа соққы жасай білумен бірге жұптардың қимыл қозғалыстрын кесіп алу жасау үшін келісіп алуы қажет. Сонда ғана шабуыл жасауға тиімді жағдай жасауға болады.

Кесіп алғаннан кейінгі және кесіп алу мен жазумен бірлескен шабуылдарда жетілдіру жаттығулары.


  1. Бұл жерде жұппен ойын кезіндегі қозғалыс техникасын жетілдіру жаттығулар методикасына сүйенуге болады. Бұл жалғыз өзі екі ойыншыға қарсы ойын жүргізе білу дағдысын жетілдіру, ойын ойын жүргізу дағдысын жетілдіру, бір жүптың басқа жұппен ойын жүргізу дағдысын жетілдіру, бір жұптың басқа жұппен ойын жүргізу дағдысын жетілдіру, ойын алаңында орын ауыстыруды орындай алу, бір мезгілде кесіп алуды жасай алу дағдысын, жаттығу соңында, бағыттарды анықтауды жетілдіру.

  2. Кесіп алуға шабуыл жасау, қарсыластың қысқа, төменгі айналыммен келген добына соққы жасауды білдіреді. Сондықтан шабуыл жасаған кезде доптың тор үстіндегі биіктігін, оның қысқа немесе ұзын екендігін, оның айналу жағдайын дәл анықтау қажет. Шабуыл кезінде шапшаң соққылар жасау үшін алға шығып орыру қажет. Қарсыластың жауап берген добына шекарадан шығып кеткен кезде соққы жасап қажеті жоқ, бұл кезде доп төмендей бастайды және айналымы күшейеді, бұл қиын жағдайға әкеліп соғуы мүмкін.

Жылдам соққыларды жасай отырып, ойыншыға қарсыласты ойламаған жерден ұту үшін доптың ұшу жылдамдығын күшейтіп, оның бағытын аздап өзгертіп отыру қажет. Өте күшті тұрып қалған соққының табысты боларына күмәнданған кезде өз күшін бақылап отыруды үйрену қажет. Сондықтан ойыншыларға өз күштерін бақылауға максималды 30-70% шамасында болуы керек.

Кесіп алуға қарсы шабуыл жасап дағдысын қалыптастыру үшін бір ойыншы екі ойыншыға қарсы, немесе жұппен ойнап жаттығу жасауға болады. Ойыншылар кесіп алуды орындап, допты ойын алаңының жартысындағы кез келген нүктеге бағыттайды, кесіп алу бойынша шабуылдаушы соққыны жасаған кезде, шабуыл бағытын анықтау керек. ал келесі – кесіп алуды және қорғаныс тәсілдерін жетілдіру техникасына бағытталған жаттығуларды жасайды. Қорытындысында екі жұп та еркін түрде әр бағыттағы ұшқан допты кесіп алуды өзінің ыңғайына қарай шабуыл жасау сәті келгенін немесе айналмалы жазуды немесе топ-спин, қарсы шабуылға шығу қажеттігін өзі шешеді.

Дайындық кезінде жаттығуды спорт жарыстарымен біріктіріліп өткізуге болады, бұл кезде теннисшілер кесіп алуға қарсы шабуылды жаттықтырады. Жаттықтырушы жарыстың қорытындысын жасап жұп ойыншылардың ұпайды ұтқан немесе ұтылған себептерін талдайды, кесіп алуда қолданған шабуылдардың және бірнеше күшті соққылардың жетістіктігін, қорғаныстағы ұтқан немесе ұтылған ұпайларын жазып отырады.
1.10 Жарыстарды өткізу ережесі
1.10.1 Жарыстарды ұйымдастыру
Спортттық жарыстарды студенттерді үстел теннисіне үйретудің құрамды бөлігі. Ол оқуға деген қызығушылықты көтеруге, спорттық шеберлігін шыңдауға, ерік-жігерлерінің дамуына, психологиялық, физикалық сапа – дағдыларын көтереді. Жарыс өту кезіндегі жағдайлар, оны бағалау, көрермендер мен қазылар алқасы, студенттер алдында нақты мақсат қойып олардан жоғары дәрежелі тәртірті, шыдамдылықты, жеңіске ұмтылуға, ұжымға бірігушілікті және басқа да бағалы қасиеттерді талап етеді.

Үстел теннисінен жарыс ұйымдастырушыдан белгілі білек, дағдыларды талап етеді. ЖОО біріншілігін өткізу үшін әуелі, бағдарлама мен қағидасын, күнтізбелік жоспарын құрып алу қажет. Бұл ЖОО ректорының бұйырығында көрсетіледі, ал нақты жарысты өткізу өкімділікпен бекітіледі.

Жарыс туралы қағида – бұл, жарыстың бағдарламасы, мақсаты, міндеті, жарыстың өткізілетін орны мен уақыты, командалар және қатысушылар құрамына қойылатын талаптар, нәтижелерін есептеуге қойылатын ережелер, жеңімпазды марапаттау, жарысқа қатысуға өтініш жасаудың реті және уақыты көрсетіледі. Қағида бекітілген соң оқу жылы басталғанша студенттерге хабарлады.

Спорттық іс-шараларының күнтізбелік жоспары – бұл, оқу жылына жоспарлаған жарыстардың, уақыты, өткізілетін орны, жарысты ұйымдастырушы, командалардың құрамын көрсететін құжат.

Үстел теннисшінен жарыс өткізудің өкімі жарыс басталуын 15-30 күн бұрып жасалады.

Бұнда жарысқа дайындалу іс-шаралары, өткізілетін орны және мерзімі, қазылар алқасының құрамы, жарыс орнын дацындауға міндеттілер, спорт қағидалары, залда көркемдік әсемдеу, радиофиксациялау, медициналық қамтамасыз ету, командаларының өкілдерінің және қазылар алқасының кездесетін орны, уақыты және ақылдасу, кеңесу уақыты көрсетіледі. Әр жарыс қатысушылардың жеңіске ұмтылу, жаңа спорттық нәтижелер көрсетуге ұмтылысымен ерекшелінеді. Сондықтан да жеңімпаздар нақты, таза ойын кезінде анықталуы тиіс.

Жарыстар дәстүрге сәйкес салтанатты түрде басталып, аяқталады, жеңімпаздар марапатталады.

Спорт белсенділері, спорт жөніндегі төрешілер жарысты басталғаннан бұрын дайындай бастайды. Келесі іс-шаралар өткізіледі:



  • Жарыстың бағдарламасы мен қағидасы нақтыланады.

  • Жарыстың өтетін орнын дайындауға, қатысушыларды орналастыруға, төрешілер, қызмет көрсетушілер, құрал-жабдықтарға жауапты адамдар бекітіледі.

  • Қазылар алқасын іріктеу қазылық кеңес өткізу уақыты белгіленеді.

  • Өтініштерді қабылдау мерзімі мен жеребе салуды өткізу.

  • Студенттерге алдағы болатын жарыстар туралы ақпарат беру ұйымдастырылады.

  • Марапат қағазы мен жүлделер дайындалады.

  • Жарыстың ашылу, жабылу салатанатының сценариі дайындалады.

  • Құжаттар дайындалады (протекторлар, бюллетендер, кестелер, төрешілер жазбалары)

  • Жарысты методикалық қамтамасыз ету;

  • Жарыс өтетін жер әсем безендіріледі, радиофицияланады;

Жарыстың айқын өткізілуін бір маңызды міндеті - кесте құрылуы және уақыт өлшемі, жарыстың бас төрешісі жарыс өткізудің Қағидаларымен танысады. Жарыс өткізетін орынды қарап шығады, құрал-жабдықтардың сапасын тексереді, қатысушылардың санын анықтайды.

Тәжірибенің көрсетуі бойынша жаысқа әдетте үш сағат уақыт беріледі және жарыс басталуы 11 сағаттан ерте және 23 сағаттан кеш болмауы керек. Бұл адам ағзасының осы аралықта белсенді жұмыс жасап, жасасқа қатысушылар жоғары нәтижесінде жетуі мүмкін.

Жарыс ережелеріне сәйкес өтуі тиіс.

Жарыс салтанатты түрде басталады: қатысушыларды қатарға қою, парад, музыкалық сүйемелдеу, дикторлық мәтін, жарық эффектілерімен басаталады. Қатысушылардың бір-бірін сәлем беруі, жарыс туын көтеру, қатысушылардың маршы және спорт залынан шығу. Жарыс чемпионымен немесе ең үздік спортшымен ту көтерген уақытынан ашық деп жариялады.

Салтанатты кезең аяқталған соң белгілі уақытта төрешілер жарысқа қатысушыларды жарыс орнына шығарады.

Жарыстың қортындысын шығару спорттық шараның соңғы бөлімі. Өткілілген жарыстың тиімділігін арттыру үшін, студенттердің ынтасын арттыру үшін жарыс салтанатты түрде жабылуы тиіс. Жеңімпазды марапаттау нақты бір жарыс аяқталғаннан соң өтеді. Ол үшін секретериат жылдам қортыды шығарып, жеімпаздарды марапаттау үшін медаль, жетондарды, грамота және жүлделерді даярлайды.

Жарыс қатысушылардың салтанатты парадымен аяқталады. Диктор жеңімпаздар мен жүлделі орын алғандарды және жүлде мен грамотаны тапсыратындарды және хабарлап тұрады.

Жеңімпаздарды марапаттап болған соң туды түсіреді, ал қатысушылар салтанатты маршпен залдан өтеді.

Бас төреші жарыстың қорытындысын шығарады, төрешілердің жақсы жақтарын және кемшіліктрін айтып өтеді. Ол жарыс кезінде түскен келіспеушіліктер және оны шешу жолдары туралы айтады, жаттықтырушылар мен команда өкілдері өз кезегінде төрешілер аппаратының жарыс кезіндегі жұмыстарына баға береді. Кеңес кезінде кезекті жарыстарды өткізудегі жаңа міндеттер қойылады. Команда өкілдері жарыс қорытындысының есебін алады.

Бас төреші ЖОО басшысына жарыс туралы есеп даярап береді. Онда спорттық нәтижелерді басқа, қызмет көрсету сапасы, құрал-жабдықтардың саны және медициналық қорытынды болады. Есепке жұмы протоколына, өтініштер, келіспеуліктер, қызмет көрсетушілердің жұмыс табелі, жүлделеоі медаль, грамота (дипломды) есепетен шығару ерекшелігі, бағдарламасы және жарыс түрі жарыс туралы қағида анықталады.



Жарыс төмендегідей жас ерекшеліктеріне байланысты өтеді:

  • Кіші жастағылар (ұлдар және қыздар)12 жастан үлкен емес

  • Үлкен жастағылар (ұлдар және қыздар)15 жастан үлкен емес

  • Юниорлар (ұлдар және қыздар)18 жастан үлкен емес

  • Жастар (ұлдар және қыздар)21 жастан үлкен емес

  • Үлкендер (ерлер және әйелдер)40 жастан үлкен емес

  • Ардагерлер (ерлер және әйелдер)40 жастан үлкен

Жарысқа қатысушылардың жасы жарыс өтетін жылдың 31 желтоқсан айымен есептеледі.
1.10.2 Жарысқа қатысушылардың құқықтары мен міндеттері
Жарысқа қатысушының мынандай құқықтар бар:

  • Кездесуді өткізуші жетекші төрешінің ұсынған бірнеше добынан бір допты таңдап алуға (доптың және маркасы жарыс қағидасына анықталады);

  • Жарыс басталар алдында жарыс столында 2 минут бой жазу жаттығуларын жасау;

  • Ойын партияларының немесе төреші рұқсатымен ойында тоқтату кезінде ақыл-кеңес алуға;

  • Келесі ойын басталғанша жетекші төрешілерден түсініктеме немесе өтініш айту үшін сөйлесуге;

  • Егер де жеке жарыстарында жетекші төрешінің түсіндірмесіне қанағаттанбаса бас төрешіге командалық жарыстарда өзінің өкілі немесе команда капитаны арқылы бас төрешіге тілек айтуға;

  • Өз ойын формасын ретке келітру үшін жетекші төрешіден қысқа мерзімді үзіліс алуға;

  • Ойын басталған уақыттан әр ұтып алынған 6 ұпайдан соң және жақтардың ауысуынан соң, соңғы жауапты партияның аяқталуынан соң 1 минутқа дейінгі үзіліс алуға, тек ұпай ойнатылған сәтте емес.

  • Кезегімен өткізілетін бірнеше кездесуден соң 5 минут үзіліс алуға

  • Кездесу кезінде бұзылып қалған допта немесе ракетканы ауыстырудыан соң бірнеше жаттығу жасау;

  • Қажет болған жағдайда, доп ойында болғанда, төреші қарауы бойынша – допты ойынға қайтару үшін ойын алаңынан шығуға;

Жарысқа қатысушысының міндеттері:

  • Қарсыласына, төрешіге, көрермендермен қатынаста ізетті болып, спорттық этика нормасын сақтау;

  • Ережелерді білу және орындау, жарыс жөніндегі қағиданы білу және орындау, кездесу кестесін білу.

  • Кесте бойынша ойынның басталуына ертерек дайын болу, (ойыншының ойынға келмеуі, бес минут өткен соң, оғаш жеңіліс есептеледі);

  • Кесте бойынша қойылған кездесулерді өткізу (себепсіз жарысты жалғастырудан бас тарқан ойыншы бас төрешінің нұсқауымен ойыннан шығарылады).

  • Жарысқа спорт ұйымдастырушылары берген талапқа сәйкес, фамилиясы немесе номері артқа тұсына жазылған спорттың киімінде шығуы тиіс;

  • Командалық жарыстарда (жеке контракт бойынша носкиге, ая киіміне және жарнама) ұйым эмблемасына, өздері ойын көрсететін біріңғай киім үлгісінде болуы тиіс.

  • Ойынды толыққанды жүргізу, кездесуді, партияны немесе жекелей ұпайларды әдейі ұттырмай ойнауы тиіс (ойында ойнағысы келмеген ойыншы бас төреші нұсқауымен бір ойынға, жеке бір бағдарламаға немесе барық жарыстарға қатысуына тиым салады).

  • Бас төрешіден керек болған жағдайда ойын алаңын тастап кетуге

  • Ойыннан кету себебіне қарамастан, егер 10 минуттан асып кетсе, кеткен ойыншыға жеңіліс есептеледі (сонымен бірге сол партияда ұтысқа түсетін ұпайлар қарсыласының есебіне 11:0 есеппен жазылады).

  • Кездесу аяқталған соң қарсыласы және ойынды ұйымдастырушыларды, төрешіні қол алысып құрметтеу қажет;

  • Егер де ойын басталар алдында командалық сапқа тұру және ойыннан соң құрмет көрсету үшін команда құрамында болуға;

Ойыншыға тиым салынған:

  • Төрешімен және қарсыласымен сөзге келуге;

  • Әдейі ойынды ұзарту, созу;

  1. Ұзақ және орынсыз орамалмен сүртіну;

  2. Допты қасақана бүлдіру;

  3. Допты ойын алаңынан тыс ұру;

  4. Допты соғар алдында, столға, полға, қалақшаға ұру;

  5. Үстелге немесе қршауға қолды сүрту;

  6. Партиялар алдындағы үзілістерде (1 минуттан артық), ойындар асында (15 секунд);

  7. Басқа тәсілдермен;

  • Төрешлерге қандай да бір нәтиже үшін шешім қабылдауға әсер ету (қай жағдайда болсын).

  • Құралдарға (үстелге, торға, қоршауға) әдейі соққы беру немесе бүлдіру (немен болса да) және спорттық немесе жеке заттына зақым келтіру.

  • Көрермендерге, қарсыласына немесе ресми өкілге себепсіз дөрекілік көрсетуге (сөзбен немесе қимылымен, қарсыласына қатты сөз айту, ойын туралы айту, қалақшаны лақтыру т.с.с.)

  • Басқа кездесулерге әдейі бөгет жасау (қандай да болмасын әрекеттермен)

Тиым салынған ережені бұзғаны үшін бұзақыға:

  • Бірінші ретереже бұзғаны үшін ескерту;

  • Екінші рет ереже бұзғаны үшін – бір ұпай алынады;

  • Үшінші рет ереже бұзғаны үшін екі ұпай алынады;

  • Төртінші рет бас төреші құқық бұзғаны үшін әрекет жасайды (құқық бұзушының ассоциясының ескертуі бойынша жарысқа қатысуға қықығын айыруға дейін);

Жаттығу кешені:

  • Үстел теннисі бойынша жарыстарда өткізу ережелі жазылған әдебиеттерді оқу;

  • Төрелік элементтері бар матчталық кездесулерді өткізу.



1.11 Спортшылардың дайындық деңгейін анықтау үшін бақылау нормативі
1.11.1 Физикалық дайындық бойынша




Бақылау жаттығулардың атауы

Орындау уақыты

Қыздар

Ұлдар










1 курс

2 курс

3 курс

4 курс

1 курс

2 курс

3 курс

4 курс



30 м биік старттан жүгіру (м)




5,3-5,3

5,2-5,0

4,9-4,8

4,8-4,7

4,8-5,0

4,7-4,6

4,5-4,6

4,3-4,4



Орыннан ұзынға секіру (см)




160-170

170-180

180-190

190-200

190-200

210-220

220-230

230-240



«кенгуру» секіру (рет)




15-17

18-20

21-23

24-26

27-30

31-33

34-36

37-40



Үстелдің қасында қозғалыс сияқты 3 м зонада, теннисшінің қасында 2 м жасау




18-21

22-24

25-27

28-30

25-27

28-30

31-33

34-36



Бүйірінен секіру

30 секунд

30-34

35-39

40-44

45-48

-

-

-

-




































1.11.2 Техникалық дайындық бойынша





Бақылау жаттығулардың атауы

Жаттығуды орындау шарты

1 курс

2 курс

3 курс

4 курс

1.

Оң жақ және сол жақ кесіп алуды әр бағытта орындау

Допты жоғалтып алусыз

30 с

1 мин

3 мин

5 мин




Оң жақтан және сол жақтан келетін доп берулер

Әр доп беруге 10 тырмысу беру

9

8

9

10




Кері оң және сол жақтан доп берулер

Әр қайсысына 10 тырмысу

9

8

9

10




Доптың бүйірінен айналуы бар оң жақтан доп берулер

Әр доп беруге 10 тырмысу беру

9

7

8

9




Қалақшамен қолдың жалған қозғалысы арқылы оң (сол) доп берулер

10 тырмысу беру

8

9

8

9


Қолданылған әдебиеттер


  1. А.Н. Амелин. Үстел теннисі (спорт әліппесі)/ А.Н. Амелин, В.А. Паншина. – М: ФиС, 1980.-112 б.

  2. Г.В. Барчукова. Үстел теннисін ойнауға үйрен/Г.В. Барчукова.-М.: Кеңес спорты, 1989.-48 б.

  3. Г.В. Барчукова. ЖОО үстел теннисі /Г.В. Барчукова, А.Н. Мизин.-М.: Спорт Академ Пресс, 2002.-132 б.

  4. Ю.П. Байгулов. Үстел теннисінің негіздері/Ю.П.Байгулов, А.Н. Романин -М.: ФиС, 1979.-160 б.

  5. Г. Гринберг. Үстел теннисі./Г.Гринбрг.-Кишинев, 1973.-94 б.

  6. К. Еременко. Кіші қалақшаның шеберлері/ К.Еременко, А. Силинков-Ташкент: Еш гвардия, 1988.-128 б.

  7. Ю.П. Байгулов. Үстел теннисінің негіздері/Ю.П.Байгулов, А.Н. Романин -М.: ФиС, 1979.-160 б.

  8. В.С. Иванов. Үстел тенниісі./ В.С. Иванов. М.:Ф и СД9707-196 б.

  9. В.С. Иванов. Теннис үстелде./ В.С. Иванов. М.:Ф и СД9707-160 б.

  10. Үстел теннисі. Сайыс ережелері. – М.:Ресей үстел теннисінің федерациясы, 2002.-191 б.

  11. Үстел теннисі. Спорт секциясы, дене шынықтыру ұжымына және спрот клубы үшін бағдарлама.-М.:СД978.40б.

  12. Үстел теннисі. ДЮСШ және СДЮСШОР үшін оқыту бағдарламасы.-М.:.Кеңес спорты, 1990.-47 б.

  13. Үстел теннисі. Сайыс ережелері.-М.:ФиС, 1971.-48 б.

  14. С. Силонов. Үстел теннисіндегі қалақша/Үстел теннисі.№2.-2002.

  15. Л.Орман. Заманауи үстел теннисі/Л. Орман.-М.: ФИС 1985.-175б.

  16. Б.М. Розин.Кіші қалақшаның кереметтері./Б.М. Розин. – Душанбе, 1986.64 б.

Кіріспе


1.Теннисшілердің техникалық дайындығы

1.1.Қалақшаны ұстау тәсілдері

1.1.1.Қысқаша теориялық мәліметтер

1.1.2. Оқыту әдістемесі

1.2. Теннисшінің тұрысы мен қозғалысы

1.2.1. Қысқаша теориялық мәлі меттер

1.2.2. Оқыту әдістемесі

1.3 Доп беру (подача)

1.3.1 Қысқаша теориялық мәлімет

1.3.2 Оқыту әдістемесі

1.3 Доп беру (подача)

1.3.1 Қысқаша теориялық мәлімет

1.3.2 Оқыту әдістемесі

1.4 Жазу (накат)

1.4.1 Қысқаша теориялық мәлімет

1.4.2 Оқыту әдістемесі

1.5 Топ-спин

1.5.1 Қысқаша теориялық мәлімет

1.5.2 Оқыту әдістемесі

1.6 Тіреуіш

1.6.1 Қысқаша теориялық мәлімет

1.6.2 Оқыту әдістемесі

1.7 кесіп алу (подрезка)

1.7.1 қысқаша теориялық мәліметтер

1.7.2 Оқыту әдістемесі

1.8 Тактикалық дайындық

1.8.1 Ұтыс ұпайын ойнату тактикасы

1.8.2 Ұтыс ұпайын ойнату кезінде шашаң соқыларды орынау

техникасы

1.8.3 Шабуылға қарсы тұру тактикасы

1.8.4 Шабуыл соққыларды жазумен орындау тактикасы

1.8.5. Кездесу жарысын өткізу тактикасы

1.9 Жұпта ойнаудағы ерекшеліктер

1.9.1 Жұпта ойнау тактикасы

1.9.2 Жұпты ойнау кезінде негізгі тактикалық тәсілдер

1.9.3 Методикалық нұсқау

1.10 Жарыстарды өткізу ережесі

1.10.1 Жарыстарды ұйымдастыру

1.10.2 Жарысқа қатысушылардың құқықтары мен міндеттері

нормативі

1.11 Спортшылардың дайындық деңгейін анықтау үшін бақылау нормативтері

1.11.1 Физикалық дайындық бойынша



1.11.2 Техникалық дайындық бойынша соққы бастай

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет