7.УНИВЕРСИТЕТТЕГІ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ ТИІМДІЛІК КӨРСЕТКІШТЕРІ Университетте жүргізілетін тәрбие жұмысының тиімділігі келесі көрсеткіштерді ескере отырып бағаланады:
7.1.Сандық көрсеткіштер:
1) тәрбие жұмысының бағыттары бойынша арнайы элективті курстар саны;
2) студенттік үйірмелер, шығармашылық үйірмелер, спорт секцияларының саны;
3) студенттік клубтардың, шығармашылық үйірмелер мен спорт секцияларының қызметіне қатысатын білім алушылардың саны;
4) мәдени-бұқаралық, ғылыми және спорттық-бұқаралық іс-шараларға қатысатын білім алушылардың саны;
5) білім алушылармен оқудан тыс жұмысты ұйымдастыруға белсенді тартылған оқытушылар саны:
6) тәрбие жұмысы бойынша шығарылған ақпараттық, оқу-әдістемелік материалдардың саны;
7) оқу жылында тәрбие жұмысын жүргізуге арналған жалпы шығындар.
7.2.Сапалық көрсеткіштер: 1) білім алушылардың оқу және еңбек тәртібінің көрсеткіштері;
2) білім алушылардың жалпы мәдениеті деңгейінің өзгеруі;
3) ұжымдағы моральдық-психологиялық ахуалдың деңгейі, құқық бұзушылықтар мен азғындық әрекеттердің болмауы;
4) түрлі іс-шаралардағы жеңістері үшін наградалардың саны мен деңгейі
5) спорт секцияларының санын арттыру;
6) факультеттердегі қызығушылықтар бойынша клубтар мен олардың қатысушыларының санын арттыру;
7) адамгершілік мәдениет деңгейі;
8) білім алушыларды қайырымдылық қорларының жұмысына, еріктілікке тарту;
9) аз қамтылған отбасылардан шыққан студенттерді қолдау жөніндегі іс-шараларды өткізу;
10) студенттердің көркемөнер шығармашылық үйірмелерінің жұмысына қатысуын жандандыру;
11) әлеуметтік желілерге арналған контент-жоспарларды әзірлеу және іске асыру;
12) оқудан тыс жұмысты ұйымдастырушылардың құзыреттілік деңгейі.
7.3.Тиімділік көрсеткіштері: 1) тәрбие процесінің нәтижелері туралы ақпаратты жинау мен талдаудағы жеделділік;
2) кәсіби және азаматтық белсенділікте қоғамдық маңызды нәтижеге қол жеткізуге бастамашылық және шығармашылық ұмтылу;
3) тұлғаның негізгі ұстанымдардағы белсенділігі: қоғамдық-саяси, кәсіби-еңбек және адамгершілік-мәдени, белсенділік дәрежесі және нәтижелілігі;
4) Тәрбие жұмысын ұйымдастырушылардың біліктілігі;
5) "түлек — ЖОО"кері байланысты ұйымдастыру.