8. Тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру: 1) Университет қабырғасында тәрбие жұмысын тиімді әрі сапалы ұйымдастыру мақсатында, оқу жылының басында Ф УЕ 304-01-2022 формаға сәйкес аға куратор кафедра меңгерушісімен бірлесе отырып тәрбие жұмысының жоспары жасақтап факультет вице-деканына ұсынуы тиіс, сонымен қатар вице-декан кафедралардан тәрбие жұмысының жоспарларын жинақтап Ф УЕ 304-02-2022 формаға сәйкес факультет деканымен бекітіп, ӘҚКЖДБ ұсынылуы тиіс. ӘҚКЖДБ бөлімі Ф УЕ 304-02-2022 формаға сәйкес СІҚБЖ вице-президентімен бекітуі тиіс.
2) Тәрбие жұмысының жоспарынан тыс «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру негізінде жылдық жоспары Ф УЕ 304-03-2022 формаға сәйкес аға куратор, кураторлардан жинақтап кафедра меңгерушісіне тапсыруы тиіс. Сондай-ақ факультет вице-деканына кафедра меңгерушілерінен жинақтап Ф УЕ 304-04-2022 формаға сәйкес факультет деканы мен бекітіп ӘҚКЖДБ ұсынылуы тиіс.
3) Үйірме жетекшілері білім алушылардың қабілеттері мен мүмкіндіктерін дамыту мақсатында Ф УЕ 304-05-2022 формаға сәйкес жұмыс жоспары әзірленіп, Әлеуметтік қолдау көрсету және жастарды дамыту басқармасы басшысының келісімі мен СІҚБЖ вице-президенті бекітуі тиіс .
4) Оқудан тыс уақытында спорттық секцияларға және де шығармашылық үйірмелерге қатысатын білім алушылар тізімі мен кестесі Ф УЕ 304-06-2022, Ф УЕ 304-07-2022 және Ф УЕ 304-08-2022 формаларына сәйкес бекітілуі тиіс, кафедра меңгеруші сол формаға сәйкес кураторлардан өз топтарындағы үйірмелерге қатысытын студенттер тізімін жинақтап факультет вице-деканына ұсынылуы қажет. Сонымен қатар факультет вице-деканы факультет деканымен бекітіп ӘҚКЖДБ ұсынуы тиіс.
5) Үйірме жетекшілері орындалған жұмыстың нәтижелігін көрсету мақсатында Ф УЕ 304-09-2022 фрмаға сәйкес үйірме жұмыстары есебін ӘҚКЖДБ тапсыруы тиіс.
6) Тәрбие жұмысының тиімді ұйымдастыру және сапалы жүруін қадағалау мақсатында оқу жылының бірінші жарты жылдығы мен жылдың қорытынды есебін Ф УЕ 304-10-2022 және Ф УЕ 304-11-2022 формаларына сәйкес желтоқсан, маусым айларында аға куратор, кураторлардан жинақтап кафедра меңгерушісіне тапсыруы тиіс. Сондай-ақ факультет вице-деканына кафедра меңгерушілерінен жинақтап факультет деканы мен бекітіп ӘҚКЖДБ ұсынылуы тиіс.
Әлеуметтік қолдау көрсету және жастарды дамыту басқармасының басшысы М. Бағдатұлы