1. Тәрбиелік іс-шаралар өткізу әдістемесі



бет7/10
Дата08.02.2022
өлшемі29,25 Kb.
#119752
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
тарб 5

Шығармашылық әрекеті оқушылардың бейімін, қызығушылығын дамытуды, олардың шығармашылық күшін жетілдіруді көздейді. Шығармашылық әрекет концерттік қойылым, көркемөнерпаздар байқауы, көркемсөз оқу, қолөнер шеберлері және сурет көрмесінің байқауын ұйымдастыру формасында көрініс береді. Осындай әрекет барысында оқушылардың адамгершіліқ, әсерленушілік және ерік-жігер қасиеттерін тәрбиелеу міндеттері атқарылады.
Адамгершілік сана адамгершілік түсінікті және мінез-құлық нормасын меңгеруде әңгіме, пікірталас, ойын, т.б. формалар арқылы қалыптасады.
Тәрбие жүмысының әртүрлі формасын дайындау және өткізу барысында оның белгілі бір үлгісі жасалуы шарт. Ол тәрбие процесін сауатты және тиімді үйымдастыруды қамтамасыз етеді. Оның элементтері мынандай болып келеді.
1. Мақсаты мен міндеттерін анықтау. Мақсат —педагоггардың үйыңдастыруымен арнайы белгіленген істің нәтижесінің болжамы. Мысалы, "Жаңа жыл бал-маскарады", "Қайырымдылық акциясы", "Ғылыми апталық" т.с.с.
2. Тәрбие жүмысының формасын таңдау, шараның тақырыбын анықтау. Мысалы, пресс-конференция, оқырмандар конференциясы, тақырыптық сағат, демалыс кеші, көңілділер мен тапқырлар клубы, пікірталас, кездесу, дөңгелек стол.
3. Алдын ала дайындық жұмыстарын жүргізу: шараның мазмұнын, құралдарын анықтау, қонақтарды шақыру, тапсырмаларды бөлу, безендіру жүмыстары, хабарландыру, жоспарын құру, оқушыларды психологиялық түрғыдан даярлау.
4. Тәрбие шарасын өткізу. Оның кезендері:
-шараның басталуы, психологиялық кеңіл-күйді орнықтыру: әдеби-музыкалық, поэзиялық, драмалық безендіру, күйтабақ иемесе үнтаспа ойнату;
-ұйымдастыру кезеңі: ұйымдастырушының сөзішараны ашу, мақсатын, барысын баяндау;
- негізгі бөлім: шараның міндеттері, жоспарына сай мазмұнының баяндалуы, оқушылардың шығармашылық әрекеттері;
-қорытынды бөлім: шараны қорытындылау, оқушылардың алған әсерін талқылау, шешім қабылдау, марапаттау, тапсырма беру т.с.с.
5. Педагогикалық талдау жүмысы: шараның өту нәтижесін және оқушылардың белсенділігін бағалау, алдағы уақытқа бағдар құру, қолданылған тәрбие құралдары, тәсілдерінің нәтижелілігіне талдау жүргізу т.с.с.
Сабақтан тыс тәрбие жұмысының мазмұнына әсер ететін факторларға:
1. Мектептің ерекшелігі және ондағы қалыптасқан дәстүр. Мысалы, егер мектепте оқуда басымдылық берілген болса, онда сабақтан тыс тәрбие жүмысында таным аспектісі басым болады т.с.с.
2. Оқушылардың жас, жеке-дара және сынып ерекшелігі.
3.Мұғалімнің өзінің жеке басының ерекшелігі, қызығушылығы, бейімі т.с.с.
Оқу қызметі секілді тәрбие үдерісі де белгілі формада ұйымдастырылады. Бастауыш мектеп тәрбиесі сабақтағы оқу үдерісімен байланысты жүргізіледі. Дегенмен, сабақтан, сыныптан тыс ерекше жұмыс формалары да қолданылады - олар педагогикада тәрбиелік істер деп қабылданған. Тәрбиелік істер- тәрбиеленушілердің нақты іс-әрекеттерін ұйымдастыру және оларды жүзеге келтіру формасы. Тәрбиелік істер - жарқын еңбек пен ойынға, шығармашылық пен жолдастық қатынасқа, өмірлік арман мен қуанышқа толы бірлікті қызметтің орындалу формасы. Бұл формада тәрбиешілердің өз оқушыларымен араласа әрекетке келу шарттары, құрал-жабдықтары мен тәсілдері бір-біріне ауысып, ажыралмас бірлік, тұтастыққа түсіп жатады. Тәрбиелік істердің басты ерекшеліктері - қажеттілігі, пайдалылығы, орындалу мүмкіндігінің болуы. Әрқандай тәрбие үдерісі үздіксіз өтіп жататын тәрбиелік істер тізбегінен құралады.
Тәрбиелік істер негізінде екі мүдде көзге түседі - іс-әрекеттік және кешендік. Алғашқысының тәрбие алдына қоятын талабы - оқушылардың әрқилы іс-әрекеттерін ұйымдастыру: танымдық, еңбектік, қоғамдық, көркемөнерлік, спорттық, құндылықты бағытталған еркін қарым-қатынас түзу, ал екіншісінің алға тартатыны - барша іс-әрекет түрлерін табиғи бірлікке келтіре пайдалану. Тәрбиелік іс бір мезеттің өзінде инабаттық, эстетикалық, еңбектік, сана-сезімдік ықпалдардың бірдей әсерінде болады.
Орындалатын нақты іс міндеттері басым келген тәрбие мақсаты (әдетте, бұл инабаттық тәрбиесі) анықтайды. Әрқандай істе тәрбиенің жалпы бағытымен (ақыл-парасәт, дене шынықтыру, еңбектік және т.б.) сәйкес өзекті тұжырым ажыралады. Тәрбиелік іс міндеттерінің мағынасын ұғу - оның тиімділігінің басты шарты. Ол міндеттер ептілікпен түсінімге келтіріліп, оқушылар санасына жеткізілуі қажет. Өз ой, көзқарасыңызды балаларға таңушы болмаңыз, қажетті шешім қабылдау керектігін балаларға ұқтырыңыз, шешімді балалар өз «еншісі» деп сезінетін болсын. Тәрбиелік істің қас жауы
- енжарлық. Оқушылар мінез-құлығына жіті назар салсаңыз, олардың өздері-ақ нені өзгерту керектігін жайып салады. Тәрбиелік істер ойсыз еліктеуді көтермейді, оларға тән ере-кшелік - икемшілдік пен кең әрекет өрістілігі. Сыныптардың, жеке балалардың бір-біріне ұқсамастығын, қайталанбас өзгешеліктерін молынша пайдалануға тырысыңыз. Қандай да істі жобалай отырып, есіңізде болсын - бір сыныпта оңды іске асырылған тәжірибе екінші топта жарамды қайталануы неғайбыл. Жағдайға байланыстырылып, ретке келтірілмеген жоспар, жоба еліктеумен қолданылса, істің нәтижесіз болары айтпаса да, түсінікті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет