«Тәрбие жұмысының формасы» оқушылардың нақты тәрбие әрекетін ұйымдастыру нұсқасын, олардың үлкендермен өзара әрекеттестігін, нақтылы істің композициялық құрылымын, оның мазмұнын, атрибуттарын, әдістемесін , дайындық және өткізу технологиясын, пндогоикалық талдауын анықтайды.
«Тәрбие шарасы» топтық (ұжымдық) әрекет ретінде ұйымдастырылған тәрбие жұмысын жеке бір актісі ретінде қарастырылады (Н.Е. Щуркова бойынша ).
«Тәрбие ісі» ұжымдық шығармашылық әрекеттің әдістемесінде шығармашылық әрекеттің субъектісі тұрғысынан қарастырылады – үлкендердің (мұғалімдер, ата-аналар, жай қатысушылар) және тәрбиеленушілердің (И.П.Иванова бойынша).