Тәрбиелік істердің көп түрлі болғаны жөн. Жарқын, тартымды істерді балалар есінде үзақ сақтайды, сондықтан бір істі көп мәрте қайталап, оқушыларды жалықтырудың қажеті жоқ, оның пайдасы шамалы. Тәрбиелік істер көңіл-күй көтерудің қуатты себепшісі. Сезім толғанысына түскен бала әрқандай ықпалды қабылдағыш келеді. Қай тәрбиелік істе болмасын, бала көңіліне жақын, оның жан әуенімен үндес жәйттерді ірік-тей білу шарт. Сол арқылы баланың ұнамды мінез бітістерін дамытып, орнықты өмірлікбағдарын қалыптастырып, қоршаған болмыс шындығын дұрыс тануға баулу қажет. Бұл тәрбиелік іс мәдениетінің басты шарты.
Тәрбиелік істі жоспарлауда педагог тәрбиеленушілердің дайындық деңгейін арқау етеді, олардың жас және даралық ерекшеліктерін барынша ескереді. Күрделі, балаларға түсініксіз педагог бастамасы, ненің, не үшін және неліктен олай істеу қажеттігін жөнді аңғармағандықтан, тәрбиелік іс формальды шараға айналады. Басты мақсаттары мен атқарар қызметтеріне орай тәрбиелік істер келесідей бөлінеді: этикалық, әлеуметтік бағдарлы, эстетикалық, танымдық, спорттық-дене шынықтыру, экологиялық, еңбектік ж.т.б. Әлбетте, мұндай ажыратуды шартты деп қарастырған жөн, себебі әрқандай тәрбиелік істің мақсаты кешенді, көп тарапты.
Достарыңызбен бөлісу: |