2) Даралаушы (аморфты) тип. Яғни сөздерге қосымша (жалғау, жұрнақ) жалғанбай, түбір күйінде қолданылатын тілдер. Бұларды кейде түбір тілдер деп те атай береді. Даралаушы типке қытай, ветнам, бирма, тай, тибет, малайя-полинезей тілдері жатады.
Бұл тілдерге тән қасиеттер: 1) Жоғарыда аталғандай қосымшалар қосылмайды (яғни сөздер түрлене бермейді); 2) Сондықтан ол тілдерде омоним сөздер көп (мол) болады; 3) Олар бір-бірінен музыкалық екпін арқылы ажыратылады; 4) Синтаксистік жағынан негізгі тәсіл – қабысу (қой қора, көк терек, мың қой, ана кісі) және жанасу (тез келді); 5) Синтаксистік қатынастар сөздердің орын тәртібі, интонация және көмекші сөздер арқылы беріледі; 6) Сөз тудырудың ең басты тәсілі – түбірлерді біріктіру.
3) Қопарылмалы (флективті) тип. Бұған орыс, неміс, араб, грек т.б. тілдер енеді. Бұл тілдерге тән қасиеттер: 1) Грамматикалық мағыналар негізінен ішкі флексия арқылы беріледі. Мыс.: Он шел – она шла; Я ем – ты ешь; Он (она) ест. Я бегу, ты бежишь, он бежит. 2) Сонымен бірге, грамматикалық мағыналар сыртқы флексия арқылы да беріледі. Мысалы:
И. что? книг+а, книг+и; два (две); он
Р. чего? книг+и, книг; дв+ух; его
Д. чему? книг+е, книг+ам; дв+ум; ему
В. что? книг+у, книг+и; два (двух); его
Т. чем? книг+ой, книг+ами; дву+мя; им
П. о чем? о книг+е, книг+ах; о дв+ух; о нем
3) Жалғамалы тілдерде қосымшалар көбінесе дара мағыналы болып, бір ғана қызмет атқарса, қопарылмалы тілдерде бір қосымша бірнеше грамматикалық мағынаны білдіріп, әр түрлі қызмет атқарады. Мысалы: книг+и дегендегі и жалғауы әрі атау септік пен көптікті, әрі ілік септік пен жекешелікті, әрі табыс септік пен көпшелікті білдіреді; 4) Флективті тілдерде аффикстер сөздің түбіріне сіңісіп кетеді де, түбірлер аффикссіз дербес қолданыла алмайды. Мыс.: пис+ать, пись+мо, пис+ание, дет+и, дет+ство, дет+ский; 5) Флективті тілдерде аффикстер префикс, суффикс, инфикс болып бөлінуіне қарай олар сөз құрамында әр түрлі орынға (басында, ортасында, аяғында) ие болады. Мыс.:
по -кетті
при -келді
во -кірді
Он (она, они) вы > шел (шла, шли) -шықты
до -жетті
на -тапты
за -келіп кірді
пере -жүріп өтті
Достарыңызбен бөлісу: |