1 Тіл білімі және оның салалары



бет15/16
Дата10.12.2022
өлшемі51 Kb.
#162266
түріҚұрамы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
1 Тіл білімі ж не оны салалары

3. Буын жазуы
Идеографиялық немесе логографиялық жазудың даму барысында буын жазуы пайда болды. Бұл жазудың шығуына, біріншіден, бұған дейін қолданылып келген идеографиялық таңбалар аффикстерді, әсіресе шетел сөздерін, кісі, қала аттарын таңбалауға икемсіз болуы, екіншіден, ол идеографиялық таңбалардың саны көп болып, оларды меңгерудің қиынға соққандығы себеп болды. Оның үстіне біраз тілдердің (мәселен, шумер, жапон т.б.) морфологиялық құрылысы да (сөздің түбіріне аффикстердің агглютинативті ұстаным бойынша жалғануы) буын жазуын қажет етті.
Буын таңбалары ең алғашында бір буынды сөздерді белгілейтін идеографиялық таңбалардың негізінде жасалғанымен, кейіннен олар көп буынды сөздердің өздерімен яғни бір буынды сөздермен ұқсас дыбысталатын бөлшегін (буынын) белгілейтін болған. Сөйтіп, ол таңбалар дербес сөздердің таңбасы емес, буынның таңбасы ретінде ұғынылған. Мысалы, идеографиялық-фонетикалық жазу бойынша, яғни фонетикалық иероглиф бойынша шумер тілінде "садақтың оғы" дегенді  деп белгілесе, осы таңба кейіннен (біздің заманға дейінгі үш мың жылдықтың ортасында) сөз құрамындағы  деген буынды да таңбалау үшін қолданылды.
Олай болса, буын жазуында таңба сөзді емес, сөздің буынын белгілейді. Айталық, буын дара дауысты болса – Г (шумер тілінде: е – "үй", і – "бес"), дауысты мен дауыссыздың қосындысы болса ГС (as – "бір", аn – "аспан"), керісінше дауыссыз бен дауыстының қосындысы болса СГ (su – "қол", lu – "адам"), болмаса дауыссыз+дауысты+дауыссыз болса – СГС (kur – "ел") деген сияқты. Жазудың мұндай жүйесін ертедегі ассирия, вавилон, крит, кипр, эфиопия, үнді, жапон тілдері пайдаланған.
Идеографиялық жазуға қарағанда буын жазуы оқыту үшін де, қолдану үшін де қолайлырақ болды. Бұл жазудағы таңбалардың саны да жоғарғылармен салыстырғанда аздау. Егер идеографиялық жазуда мыңдаған таңбалар болса (тілде қанша сөз болса, сонша таңба), жазудың буындық жүйесінде ол 100-150-дей (кейде 200-дей) болады. Буын жазуы сөзді, әсіресе оның грамматикалық формаларын дәл беруге икемдірек келеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет