1. Тіл туралы түсінік



бет7/10
Дата08.07.2017
өлшемі0,75 Mb.
#20837
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

16.Омонимдер



Айтылуы, дыбысталуы бірдей, мағынасы әр түрлі сөздер- омоним сөздер деп аталады.

Сыртқы дыбысталуы жағынан омонимдер көп мағыналы сөздерге ұқсас келеді. Омонимдер мен көп мағыналы сөздердің айырмашылығы: көп мағыналы сөздер бір мағынадан тарағандықтан, түпкі мағынаның бірлігі сақталады, бір сөз табына қатысты болады, омоним сөздер мағыналары жағынан бір-бірінен алшақ болады әрі бір сөз табына жататын сөздер ғана кірмейді, олар әр сөз табынан құрала береді.

Мысалы: жүз.

1) Жүз кітап - заттың санын білдіретін соз.

2) Жүз жарқын - бет-әлпетті, түрді білдіретін зат есім.

3) Пышақтың жүзі - пышақтың қайралған, өткір жағы.

4) Суда жүзу - қимыл мағынасындағы сөз.

Омонимдердің жасалу жолдары

1. Түбір сөзге жұрнақ жалғану арқылы: кір+іс.

а) Жұмысқа кіріс - жұмысты баста, істе мағынасындағы етістік.

ә) Кіріс - табыс деген мағынадағы зат есім.

2. Сөздердің фонетикалық өзгеріске ұшырауынан пайда болады: бігіз.

а) Біз - тігін кұралының көне дыбысталуы ықшамдалып, біз формасына айналған.

ә) Біз - жіктеу есімдігі: Біз аулаға кірдік.

3. Басқа тілден енген сөздер мен қазіргі қазақ тіліндегі сөздердің омоним болуы: мата.
1. Берілген сөздерден омоним сөздерді анықта.


1. Алмас алма жеді.

2. Жаз – демалыс кезі.

3. Жайлауда ат жұр

4. Ағаштан түс



Әзірше ештеңе алма

Әдемі жаз

Допты көздеп ат

Түс кезінде егіншілер дем алады


2. Омоним сөздерді теріп жаз. Мағынасын түсіндір.

Түйенің үсті жайлы, жүрісі де маң жүріс қой. Жүзге жуық құлын байланды. Денеңді шынықтырамын десең, спортпен айналыс, күй суға жүз. Сен аттан түс. Ақ түс кіршіл болады.

17.Кәсіби сөздер мен терминдер



Белгілі бір кәсіп, шаруашылык саласы адамдарына ғана түсінікті, солардың өз ортасында ғана қолданылатын сөздер кәсіби сөздер деп аталады.

Қазақ халқы, негізінен, мал шаруашылығымен айналысқан. Дегенмен тілде еліміздің әр аймақтарының жер жағдайына қарай диханшылықпен айналысуына, бау-бақша, балық, аңшылықты кәсіп етуіне қарай жалпылама лексикаға кірмейтін сөздер бар. Кәсіби сөздер шаруашылықтың бір ғана саласына қызмет етеді. Әр жер ерекшелігіне қарай халықтың шұғылданатын шаруашылығы да ортақ болатындықтан, бұларға аймақтық бірлік тән.

Оңтүстік Қазақстандағы жүрт мақта шаруашылығымен айналысқандықтан, олардың тілінде жегене, күнжара, көсек, терім, шит, қаза т.б. сөздер бар.

Қазақ халқының барлық өңірлерінде қолданылған усталық, аңшылық, зергерлік т.б. өнерге, кәсіпке байланысты пышқы, шербек, кемпірауыз, пәрбі т.б. сөздері колданылады.



Терминдер - ғылым, техника, өндіріс т.б. салаларындағы үғымдар мен жеке сөздердің атаулары. Терминдер тек тура мағынада қолданылатындығымен ерекшеленеді, мағына үнемі тұрақты болады. Терминдерді арнаулы сөздер деп те атайды.

Термин сөздердің жасалу жолдары.

1. Қазіргі қазақ тіліндегі терминдер орыс, араб, Еуропа тілдерінде қалыптасқан үлгісінде жұмсалады: мәтін, квадрат, синоним, тангенс, вектор, эпос, поэзия, пьеса т.б.

2. Қазақ тілінен балама табу арқылы: хаттама (протокол), нарық (рынок), ғарыш (космос) т.б.

3. Сөздерді біріктіру арқылы жаңа термин жасалады: төл+қужат (паспорт), ән+уран (гимн) т.б.

18.Кірме сөздер



Кірме сөздерге- басқа тілдерден әр түрлі себептермен, әр түрлі жолдармен енген сөздер жатады. Қазақ тілінде монғол, араб және иран, орыс тілінен енген сөздердің саны мол. Монғол тілінен көптеп сөз ену кезеңі XIII ғасырдан басталады деп есептеледі. Мысалы: абдыра, алтын, аймақ, аға, жиен, балта, бұрғы, бура, бұқа, т. б. Араб, иран тілдерінен сөз ену орта ғасырлар деп шамаланады. Қазақ тіліне араб-иран сөздері тәжік, өзбек тілдері арқылы мынадай жолдармен енді:

1) шаруашылық, сауда қатынастары арқылы енген сездер: айна, таға, базар, таба, орамал, перде, таразы, мақта, т. б.;

2) мәдени және ғылыми қарым-қатынастар арқылы, әсіресе, Фердоуси, Науаи, Омар Хаям, Хафиз шығармаларымен бірге енді. Мәселен: мектеп, мереке, емтихан, ғылым, ғалым, пән, медресе, қағаз, қалам, мағлумат, т. б.; 3) дінмен байланысты енген сөздер: шариғат, ораза, намаз, аруақ, ақырет, т. б.

Орыс тілінен қазақ тіліне сөз енуі сонау XVIII ғасырдан басталады. Кірпіш, саман деген сөздерден бастап, тілімізге енген сөздердің саны бүл күнде өте мол. Создер айтылуы мен жазылуы жағынан қазақ тілінің айтылу нормасына бағынып, орфографиялық және фонетикалық өзгеріске ұшырған. Мысалы: болыс - волость, жәшік - ящик, сот — суд, божы — вожжи, кереует - кровать, самауыр - самовар, ботелке - бутылка, көшір - кучер, шәйнек - чайник, барқыт - бархат, бәтеңке - ботинки. Ал, Қазан төңкерісінен кейін енген сездер мұндай өзгеріске ұшыраған жоқ. Мысалы: совхоз, колхоз, трактор, автомобиль, комбайн, клуб, институт, т. б.

1. Төмендегі сөйлемдерден орыс тілінен ауысқан сөздерді теріп жазыңдар.

1. - Марш! - деп жігіттерге «кет» деді. Жігіттер күйіп кетті. Бірнешеуі бір барқыт диванды алуға қол қойды. Угар барып жиылыс басқармасының үстеліндегі жасыл сукноны жұлып кеп алды. Үй іші апыр-топыр. Айқай-ұйқай. Бұлардың жанжалын күтіп түрған клубтағы жүкшілердің барлығы да қаптап кетті (І. Ж.). 2. Ертісте паравоз жүргеннен кейін қала мен даланың бір күшті көлігі табылып, алыс пен алыс жуықтасып, қатынай бастады (І. Ж.). 3.Олбай - Ертіс өзенін өрлеп, құлдап жүретін үш пассажир пароходы, бірнеше баржалардың қожайыны (І. Ж.). 4. Бірі - арбакеш, бірі -жүкші, бірі – көшір, бірі - тағы бірдеме болып қала қыстайды, мүндайлар өздерін «зимовщик» дейді (І. Ж.).


19.Морфология. Сөз түлғасы


Морфология-сөз бен оның формалары тұралы тіл білімінің бір саласы.

Сөз түрлі бөлшектерден тұрады. Сөз бөлшектерінің өзіне тән белгілі бір мағынасы және қызметі болады. Мысалы, жолдастыққа деген сөз мынадай төрт бөлшектен тұрады: жол-дас-тық-қа. Бірінші жол бөлшегі "салған із" немесе "сапар" деген мағынаны білдірсе, оған -дас қосымшасы қосылған жолдас сөзі "серік" деген мағынаны беріп тұр. Бұл сөзге -тық қосымшасы жалғанып, адамдар арасындағы қатынас мағынасын білдіретін сөз жасалған. Соңғы -қа бөлшегі бұл сөзге жаңа мағына үстеп тұрған жоқ, басқа сөзбен байланыстыру қызметін атқарып тұр.



Сөйтіп, сөздің тұлғасы деген ұғымға түбір мен қосымша деп аталатын бөлшектер кіреді. Сөз жалғыз бір түбірден де (мысалы, үй, әке, бала, т. б.), қосымшалы түбірден де (мысалы, маңдай-ша, өнер-паз, біл-ім, т. б.), екі түбірден де (мысалы, некен-саяқ, жақсы-жаман, аққу, Марқакөл, т. б.) құралады.

1. Сөздерді оқып, олардың құрамын ажыратыңдар да, ауызша талдаңдар.

Үлгі: күзетшілік: күзет - тубір; оған -ші жұрнағы қосылғанда, кісі мағынасын білдіреді; -лік жұрнағы қосылғанда, қызмет түрін білдіреді.


Күзетшілік, адамшылык, сәнқой, аспаз, бақташы, білімпаз, беделді, ақылды, білгіш, сулық, ақтау, ынталы, жүгіргіш, балықшы, жазушы, күзем, белдік, сенімді.

Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет