1. Тіл туралы түсінік



бет9/10
Дата08.07.2017
өлшемі0,75 Mb.
#20837
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

22.Жалғау



Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша түрі жалғау деп аталады. Қазақ тілінде жалғаудың төрт түрі бар. Жалғау өзі жалғанған сөздің мағынасын өзгертпейді.



Көптік жалғауы

Сөздер жекеше түрде де, көпше түрде де қолданыла береді. Көптік мағынаны білдіру үшін сөздерге көптік жалғауы жалғанады. Мысалы: ағаш-тар, көше-лер, қыз-дар.

Көптік жалғауының түрлері мыналар: -лар,-лер, -дар, -дер, -тар, -тер Көптік жалғауының басқы дыбысының түрліше болуы түбір сөздің соңғы дыбысына байланысты.

Тәуелдік жалғауы
Тәуелдік жалғауы заттың біреуге немесе бір нәрсеге тәуелді(меншікті)екенін білдіреді. Тәуелденетін зат үш жақтың біріне меншікті болып тұрады.Сол себепті тәуелдік жалғауының үш жағы және әр жақтың өзіне тән жалғаулары болады.

Мысалы:



Жекеше түрі

Көпше түрі

І жақ –м, -ым, -ім

І жақ –мыз, -ымыз, -міз, -іміз

ІІ жақ –ң, -ың, -ің, -ыңыз, -іңіз, -ңыз, -ңіз

ІІ жақ -тарың, -терің, -дарың, -дерің, -ларың, -лерің, -тарыңыз, - теріңіз, - дарыңыз, -деріңіз, -ларыңыз, -леріңіз

ІІІ жақ –сы, -сі, -ы, -і

ІІІ жақ –сы, -сі, -ы, -і

Сөздердің тәуелденуі өңаша тәуелдену және ортақ тәуелдену болып, екіге бөлінеді.

Бір немесе бірнеше заттың бір ғана затқа меншікті болуын білдіретін тәуелдену оңаша тәуелдену деп аталады. Басқаша айтқанда, заттың жекеше түрде тәуелденуі.

Бір немесе бірнеше заттың көп затқа меншікті болуын білдіретін тәуелдену ортақ тәуелдену деп аталады. Басқаша айтқанда, заттың көпше түрде тәуелденуі. Мысалы:




Оңаша тәуелдену:

Ортақ тәуелдену:

Менің үй-ім, қалам-ым

Біздің үй-іміз, қалам-ымыз

Сенің үй-ің, қалам-ың

Сендердің үй-лерің, қалам-дарың

Сіздің үй-іңіз, қалам-ыңыз

Сіздердің үй-леріңіз, қалам-дарыңыз

Оның үй-і, қалам

Оның үй-і, қалам


Септік жалғауы
Сөздердің септік жалғауларын қабылдауын септелу дейді. Зат есім жекеше және көпше түрде септеледі. Септік атаулары, сұрақтары және жалғаулары төмендегінше:

Атау. Кім? Не?

Ілік. Кімнің? Ненің?

Барыс. Кімге? Неге? Қайда?

Табыс. Кімді? Нені?

Жатыс. Кімде? Неде? Қайда?

Шығыс. Кімнен? Неден?

Көмектес. Кіммен? Немен?



-ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің -а, -е, -қа, -ке, -ға, -ге, -на, -не -ны, -ні, -ды, -ді, -ты, -ті, -н -да, -де, -та, -те, -нда, -нде -дан, -ден, -тан, -тен, -нан, -нен -мен, -бен, -пен, -менен, -бенен, -пенен.

Септелудің екі түрі бар: жай септелу және тәуелді септелу. Сөздердің тәуелденбей тұрып түбір күйінде септелуі жай септелу деп аталады. Сөздердің тәуелденіп барып септелуі тәуелді септелу деп аталады.


Мысалы:


Жай септеу

Тәуелді септеу

А. Үй

А. Үйім

I. Үй-дің

I. Үй-ім-нің

Б. Үй-ге

Б. Үй-ім-е

Т. Үй-ді

Т. Үй-ім-ді

Ж. Үй-де

Ж. Үй-ім-де

Ш. Үй-ден

Ш. Үй-ім-нен

К. Үй-мен

К. Үй-ім-мен


Жіктік жалғауы

Сөздің жіктік жалғауларын қабылдауын жіктелу дейді.

Жіктік жалғауы негізінен етістікке жалғанады. Сондай-ақ есім сөздерге де жалғана беред Бірақ жіктік жалғауы кез келген есім сөзге жалғана бермейді. Тек адамның кім екенін қандай екенін білдіретін және кәсібін көрсететін есім сөзге жалғанады.(Мен оқушымын. сен ақылдысың, сіз үшіншісіз, мен кіммін? т.б.)

Жіктік жалғауының да үш жағы бар, бірақ үшінші жақтың арнайы қосымшасы (зат есім, сын есім, сан есім және есімдікте) жоқ. Есім сөздің жіктелуі:

Жақ

Жекеше

Көпше

І

Мен дәрігермін, оқушымын

Біз дәрігерміз, оқушымыз

ІІ

Сен дәрігерсің, оқушысың. Сіз дәрігерсіз, оқушысыз

Сендер дәрігерсіңдер, оқушысыңдар. Сіздер дәрігерсіздер, оқушысыздар.

III

Ол дәрігер, оқушы.

Олар – дәрігерлер, оқушылар.

1. Сөз кұрамын анықта

Оқушылар, кезекшілер, оқытушылар, тәрбиешілер, балалықты, жастықты, достықты,
2. Тәуелдік жалғауын жалға.

Менің уәде ..., оның бала ..., сіздің әке ..., сенің іні ..., біздің аға ..., сенің әже..., сіздің әпке ..., сіздердің сіңлі ..., сендердің ата ..., олардың апа ..., біздің мұғалім ... .


3. Көп нүктенің орнына тиісті жалғауларды жалға.

Мен кітап оқып отыр ... . Сен сурет салып отыр ... . Ол тақтаға жазып тұр ... . Сіз диванда жатыр ... . Олар футбол ойнап жүр ... .




Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет