1. Тіл туралы түсінік



бет2/10
Дата08.07.2017
өлшемі0,75 Mb.
#20837
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

3.Дауысты дыбыстар.

Дауысты дыбыстарды айқындау үшін дыбыстау мүшелерінің қызметін көңіл аударған жон. Мәселен, о дыбысы мен д дыбысын алайық, біріншіден өкпеден шыққан ауа о дыбысын айтқанда кергісіз шықса д дыбысын айтқанда тілдің күрек тіске соғылып, кедергіге ұшырайтындығын байқаймыз. Дыбыстарды оқып айтылуына назар аударамыз.

а-б, ә-в, о-д, ө-г, ұ-з. а,ә,о,ө,ұ дыбыстарын айтқанда жақ ашылып, ерін дөңгелектеніп, алдыға созылып, ауа өкпеден кедергісіз шығады. Б,в,д,г,з дыбыстарын айтқанда дыбыстау мүшелер дірілдеп, еріндер бір – біріне тиіп өкпеден шыққан ауа кедергіге ұшырап шығады.

Айтылғанда ауа ауыздан кедергіге ұшырамай шығатын дыбыстар дауысты дыбыстар деп аталады

Дауыстылар да үн басым, олармен ән салуға болады. Сондықтан музыканы тануда до, ре, ми, фа, соль, ля, си дауыстылардың қасиетіне негізделген.

Қазақ тілінде 11 дауысты, (а,ә,е,о,ө,ұ,ү, у, ы,і,и) орыс тілінен енген э,ё,ю,я дауыстыларын қосқанда, небары 15 дауысты дыбыс бар.

Дауысты дыбыстардың тағы бір ерекшелігі оны буын құрайтындығы. Қазақ тілінің буын жүйесі бойынша сөзде қанша дауысы болса, сонша буын болады.

Мысал үшін: үй, үн, қыс, әе, бааар, дәіер, мұаім.



  1. Көп нүктенің орнына жақша ішіндегі дыбыстардың тиістісін қойып жаз. Буындарға бөліп оқы.

а. (ұ,ү,у) Ағаш б...ршігі, т...с көрді, б...гінгі, күн аға т...зақ қ...ру, тә...сіз ел, ғарышқа ...шу.

ә. (ә,а,ө) с...йлей бер, т...ң болды, ...рмекші ...рмек құрды, м...н оқушымын, к...мір қара алтын, бұл -...ке ақылы.



  1. Дауысты дыбыстарға сөздер тауып жаз.

  2. Ән айтып үйренейік. Дауысты дыбыстардың айтылуына назар аудар.



Ақ мамам


Менің мамам, ақ мамам,

Балын маған сақтаған.

Әнін маған сақтаған

Бәрін маған сақтаған,

Менің мамам, ақ мамам.

4.Дауысты дыбыстардың жіктелуі.

Қазақ тіліндегі дауыстылар дыбыстау мүшелерінің әркелкі мөлщерде қатысуына қарай әр түрлі болады. Дауыстыларды:



  1. Еріннің қатысына қарай: еріндік, езулік;

  2. Иектің (жақтың) қатысына қарай: ашық, қысың;

  3. Тілдің қатысына қарай: жуан, жіңішке деп бөлеміз. Кейде дауыстыларды тіл алды, тіл арты деп де атайды. Бұл әсіресе орыс тілінде жиі ұшырасады. өйткені оларда жуан, жіңішке дауысты деген ұғым жоқ.

Қазақ тілінде буынның жуан, жіңішкелігі дауыстыларға байланысты. Тілдің, жақтың (иектің), еріннің қатысына қарай дауысталардың жіктелуін жинақтап, мына секілді кестемен көрсетуге болады:


Дауысты дыбыстардың жіктелуі

Еріннің қызметіне қарай

Жақтың (иектің) қызметіне қарай

Тілдің қызметіне қарай

Еріндік дауыстылар

о,ө,у,ұ,ү

Езулік дауыстылар

а,ә,э,е,ы,і

Ашық дауыстылар

а,ә,е,э

Қысаң дауыстылар

ы,і,ұ,ү,и

Жуан дауыстылар

А,о,ы,ұ (и),(у)

Жіңішке дауыстылар

ә,ө,ү,і,е,(и),(у)

Бұл кестедегі и,у әріптерімен таңбаланып тұрған дыбыстар сөз немесе буын ыңғайына қарай бірде жуан, бірде жіңішке болып өзгереді. Мысалы: тарих, Иса,бару, қызыл ту. Сонымен бірге и мен у кейде дауысты, кейде дауыссыз болатындығын де ескерген жөн.


Дауыстыларды талдаудың үлгісі:


а

-

езулік, ашық, жуан дауысты;

ә

-

езулік, ашық, жіңішке дауысты;

е

-

езулік, ашық, жіңішке дауысты;

ы

-

езулік, қысаң, жуан дауысты;

і

-

езулік, қысаң жіңішке дауысты;

о

-

еріндік, ашық, жуан дауысты;

ө

-

езулік, ашық, жіңішке дауысты;

ұ

-

еріндік, қысаң, жуан дауысты;

ү

-

еріндік, қысаң, жіңішке дауысты;

и мен у – қосынды дауыстылар;

Ашық, қысаң дауыстыларды жете түсіну үшін былайша көрсетуге де болады:



Бір нәрсенің бетін ашқан секілді иектің төмен түсіп ашылуынан дауыстылар қалай қысаңға айналатына былай байқалады:

Бұл сызбаның сол жағындағы топтан езу еріндікке қарай қалай өтетінін көз алдыға келтіру қиын емес.


  1. Көп нүктенің орнына ө, е әріптерінің тиістісін қойып жазыңдар.

Күр...к, өлк..., бөб...к, Ақт...бе, көл...ңке, көб...л...к, көрк...м, өск...л...ң, бөлш...к, төрт...у, Ботаг...з, Ақб...п... .


  1. Көп нүктенің орнына ұ,ү,ы әріптерінің тиістісін қойып жазыңдар.

Күнд...з, ұз...н, бүг...н, күлк..., бүрс...г...ні, бұр...н, Барат...ғ...н, құр...қ, бүлд...рген, мұр...ндық, түлк..., жұлд...з, бүлдірг..., құм...рсқа, жұд...р...қ, үск...р...к, ұр...ншақ, түй...ншек, кузг...суық, түнг... салқын.


Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет