1. Тіл туралы түсінік



бет8/10
Дата08.07.2017
өлшемі0,75 Mb.
#20837
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

20.Түбір мен қосымша.



Сөздің мағына беріп бөлінбейтін ең түпкі бөлшегін түбір дейді. Мысалы: жолдастық, сауыншылар, мектептердің, көрінген деген сөздердің түбірлері - жол, сау, мектеп, көр. Себебі бұлар қосымшасыз тұрып та белгілі бір мағынаны білдіреді: жол - із немесе сапар, сау - сүт алу, мектеп -оқитын орын, көр - көзбен байқау.

Осы түбірлерге жалғанған -дас, -тық (жолдастық де-ген сөзде), -ын, -шы (сауыншы деген сөзде), -тер, -дің (мектептердің деген созде), -ін, -ген (көрінген деген созде) болшектері қосымша деп аталады. Демек, түбірге жалғанған сөз бөлшегін қосымша деп атайды.

Қосымша жеке түрғанда ешбір мағына білдіре алмайды. Жоғарыдағы -дас, -тық, -ын, т. б. қосымшаларда ешбір мағына жоқ. Кей қосымша түбірге қосылғанда сөзге жаңа мағына қосады.
1.Мақал – мәтелдердегі түбірлерді ажыратыңдар.

  1. Ел ағасыз болмас,

Тон жағасыз болмас

  1. Ақылды адам елге қарайды,

Ақылсыз адам өрге қарайды.


  1. Берекелі елдің бетін ешкім қақпайды.

  2. Жолдасын таппаған ер азады.

2. Оқып шығып, мәтіндегі негізгі ойды анықтаңдар. Қарамен жазылған сөздерді құрамына қарай талдаңдар.


Адамға өмір бойы естен кетпейтін жақсылық істеу екінің бірінің қолынан келе бермейді. Құлнияз ағам мен Кәмила апам маған үй салып, әкемнің құлаған шаңырағын көтеріп берді. Мұның өзі сыртқы елге пәлендей бір керемет болып көрінбес те. Бірақ бұл оқиғаға мен ерекше қараймын. Осы бір ересен жақсылықтың түпкі төркінін ағам мен апамның адамгершілік асыл қасиеттерінен, биік ақыл – парасаттарынан іздеймін.

21.Қосымша түрлері. Жұрнақ



Қосымша екі түрлі болады: жұрнақ және жалғау. Жұрнақ өзі жалғанған сөздің мағынасын өзгертеді, ол сөзді басқа сөзбен байланыстырмайды.Өзі жалғанған сөздің мағынасын өзгертіп, жаңа сөз тудыратын қосымша түрі жұрнақ деп аталады. Жұрнақтың өзі екі түрге бөлінеді: сөз тудырушы жұрнақтар және сөз түрлендіруші жұрнақтар.






Бірінші топтағы су сөзі — заттық үғымды білдіретін түбір сөз, бүған -шы, -сын, -лық, -ат тәрізді сөз бөлшектерін қосқанда, одан төрт түрлі (сушы, сусын, сулық, суат) заттық ұғымды білдіретін әркелкі жаңа сөздер пайда болады. Сондай-ақ, екінші топтағы сездердің де су сөзі - заттық үғымды білдіретін түбір сөз, ал бүдан -ла, -ар, -сы, -са жұрнақтары арқылы өрбіген сула, суар, сусы, суса сөздері қимылдық үғымды ғана білдіріп, су сөзінен мағыналық жағынан алыстап кетпеген сөздер боп қалады. Осы екі топтағы сөздердің бірін - сөз тудыратын, екіншісін сөз түрлендіретін жүрнақтар дейміз.

Сөйтіп, өзінің жалғанған сөзінен жаңа мағыналы сөз тудыратын жұрнақ сөз тудырушы жұрнақ деп аталады. Мысалы, су, қой деген сөздерге -шы жұрнағын жалғау арқылы сушы, қойшы сөздері жасалады.

Жалғанған сөзінің алғашқы негізгі мағынасын өзгертпей, оған тек сәл ғана үстеме мағына беретін жұрнақтың түрі сөз түрлендіруші жұрнақ делінеді. Мысалы, су, қызыл сездеріне -ла, -ырақ жұрнағын жалғау арқылы жасалған сула, қызылырақ сөздерін алсақ, мүнда алғашқы сөздер мағынасының сәл ғана үстеме мағынамен өзгеріп тұрғанын байқаймыз.
1. Берілген сөздерден жұрнак арқылы туынды түбір жасап, дәптерлеріңе жазыңдар. Жұрнақ түрін анықтаңдар.

Ү л гі : ой-лы, ...

Ой, пайда, жаз, оку, күз, өктем, сый, сылдыр, үйір, іс, үлгі, жүз, тәрбие, тәлім, тежеу.

2. Сөздердің түбірі мен қосымшаларын дефис арқылы ажыратып жазыңдар.

Үлгі: айбын-ды-лық-тан, ...

Айбындылықтан, әділеттілікті, шаруашылықтар, білгіштік, имандылық, сыйлағыш, кішіпейілділік, тарыншақ, ұрыншақ, тасымалданғандары.



* Қарамен жазылған сөздерді қатыстырып шағын мәтін құраңдар.


Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет