1 Тјрбиеніѕ теориялыќ-тўжырымдамалыќ мјселелері



бет22/45
Дата07.02.2022
өлшемі0,68 Mb.
#94226
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   45
Байланысты:
8cc4cdad-a258-11e4-8a1d-f6d299da70eeпедагогика окулык

Тәрбиенің бағыты мақсаттар мен мазмұнның тұтастығымен анықталады.
Осы санаттан ақыл-ой, адамгершілік, еңбек, дене және эстетикалық тәрбиелерді бөліп көрсетеді. Қазіргі уақытта тәрбиелеу жұмысының жаңа бағыттары (азаматтық, құқықтық, экономикалық, экологиялық) қалыптасып келе жатыр.
Ақыл-ой тәрбиесі адамның интеллектуалдық қабілеттерін, қоршаған әлемді және өзін тануға қызығушылықты дамытуға бағдарланған.
Ол:

  • ерік, есте сақтау және ойлауды танымдық және білім берушілік үдерісстердің негізгі шарттары ретінде дамыту;

  • оқу және интеллектуалдық еңбек мәдениетін қалыптастыру;

  • кітап және жаңа ақпараттық технологиялармен жұмыс жасауға қызығушылықты ояту;

  • тұлғалық қасиеттерді – дербестік, дүниетаным кеңдігі, шығармашылыққа бейімділігі – дамыту.

Ақыл-ой тәрбиесі міндеттері оқыту мен білім беру құралдары, арнайы психологиялық тренингтер мен жаттығулар, әртүрлі елдердің ғалымдары, мемлекет қайраткерлері жайында әңгімелесу, викторина мен олимпиадалар, шығармашылық ізденіс үдерісіне тартылу, зерттеулер мен тәжірибелер арқылы шешіледі. Бір қызығы, тіпті Құраннан ақыл-ойды тәрбиелеуге пайдалы көптеген жақсы идеяларды алуға болады. Американдық зерттеуші Франц Розенталь өзінің «Білім салтанаты» кітабында Құрандағы «ілім» (білу) сөзінің түбірі шамамен 750 рет кездесіп, ондағы жалпы сөз қорының 1 пайызын құрайды. Құранда сана мен білімге үлкен мән берілетіндігі идеясын дәлелдеу үшін аяттардың бірін мысалға келтіруге болады: «Білетіндер мен білмейтіндер теңдесе алады ма екен? (39;12)». Бұхардағы Ақсақ Темір немересі Ұлықбек мешітінің ең көрнекті жерінде мынандай жазба бар: «Білімге ұмтылу - әрбір мұсылман еркек пен әйелдің міндеті». Өз кезегінде халиф Али ибн Абу-Талиб болса былай деген: «Ең басты байлық – білім, ең басты кедейлік - надандық».
Адамгершілік тәрбиесінің немесе адамгершілікке тәрбиелеудің теориялық негізін этика құрайды.
Жас ұрпақтың адамгершілікке тәрбиеленуінің міндеттері мен мазмұны қоғамның қояр этикалық талаптары арқылы анықталады. Адамзаттың жазба дәстүрінде адамның адамгершіліктік қылықтарының негіізі постулаттары ең алдымен Құран мен Інжілде, содан кейін ұлы ғұламалардың филолсофиялық-педагогикалық трактаттарында көрсетілген.
Адамгершілікке тәрбиелеу рухани тәрбиемен тығыз байланысты. Арсыздықтың рухани жұтаушылықтан келетіндігі мәлім. Үшінші мыңжылдықта рухани толысқан, кемелді адамның, басқаша айтқанда, адамның адамилығының қалыптасу мәселесі аса маңызды міндетке айналып отыр. Ұлы Абай бабамыз өзінің 45 қара сөзінде былай деген: «Бұл ғадаләт, махаббат сезім кімде көбірек болса, ол кісі - ғалым, сол – ғақил». Ресей зерттеушісі В. Зорин адамзат үшін Абайдың осы ойлары тіпті бүгінде әлемде орын алған глобалды дағдарыстан шығудың бағдарламасы болуы мүмкін деп санайды, өйткені дағдарыстың басты себептері экономика мен саясатта емес, экономикалық адамдардың рухани жұтауында-мыс. Ғалым адамдардың рухан жандануының негізгі әлеуметтік тетіктері мәдениет пен философия (біз «тәрбие философиясы» деп қосар едік) болып табылады деп мейлінше әділ түрде айтады және де осы тарихи миссияны тек қана еуразиялық рухани мәдениет, кемеңгерлікке жетудің еуразиялық философиясы орындай алмақ. Шынайы руханилылық – бұл махаббат пен жақсылық, асқақтық пен әдемілік, ар мен альтруистіктік, білім және өзгелермен бірге бейбітшілікті сақтауға құмарлық, барлық тіріге, жалпы табиғатқа сүйіспеншілік сынды сезімдердің жиынтығы. Бір сөзбен айтқанда, руханилық дегеніміз Адамшылық.
Қазақ философиясының маңызды ерекшелігі онда адамның басты орын алатындығында, оның табиғатын танып білу арқылы кемшіліктерден арылу жолдары қарастырылатындығында. Қазақ ойшылдары адам мен әлемді түсінудің таза рационалды бейнесін жасауға ұмтылған жоқ. Олар адамның табиғатпен, Тәңірімен, Көкпен және қоғаммен байланысын тұтастай түсінуге ұмтылды. Олардың қызығушылығын тудыратындар – этика мәселелері, өмірдің мәні, рухани көтерілу жолдары. Казақтардың тәрбие философиясындағы басты ұғымдардың бірі – ар-ұят немесе ар-намыс. Жүсіп Баласағұнның өзі мораль мен адамгершілік мәселелері «оянған ар-ұят мәселесіне ұласады» деп санаған. Абай: «Жүрек – адам өмірінің патшасы, егер ол ашылса, онда ақиқаттың нұры бейнеленеді... Тек сана, ғылым, ерік, ар-ұят адамды жоғарылатады « деп тұжырымдаған. Ар-ұят ғылымының негізін қалаушы Шәкерім мынадай қорытынды жасаған: «жақсы өмір негізінде адал еңбек, ар-ұяты бар сана, шын ниет болуы тиіс». Осы ойлармен А. Ламартиннің «Ар-ұят - заңдардың заңы» деуі үндеседі. Епископ Феофан ар-ұятты «адамдардың барлық лайықтылықта басшылыққа алып, басқан қадамдарын нұрландыру үшін адамдардың жүрегінде Құдай белгілеген Заң» деп атаған. Осыған байланысты еске алуға лайықты нәрсе, ол «religio» сөзінің «relegere», яғни ар-ұятты, ар-ұяттың толқуы, басқаша айтқанда, жауапкершілік сезімі дегенді, тек содан кейін ғана құдайға табыну, құдайға құлшылық ету, религия, сенім іспетті ұғымдарды білдіретіндігі.
Осындай ақылға қонымды шамалы лирикалық-философиялық шегініс жасағаннан кейін этикалық тәрбиелеу міндеттеріне оралайық. Олардың ішінен негізгілері ретінде төмендегілерді бөліп қарастырады:

  • қоғамдағы мінез-құлықтың ережелері жөнінде адамгершіліктік тәжірибе мен білім жинау (отбасында, көшеде, мектепте және т.б.);

  • адамдарға деген ықыласты және қамқорлық көзқарас; адалдық, шыдамдылық, қанағатшылдық пен әдептілік; жинақылық, тәртіптілік пен жауапкершілік, борыш пен намыс сезімдері, адам абыройын сыйлау, еңбек сүйгіштік пен еңбек мәдениеті, ұлтық игілікке сақтық көзқарас сынды тұлғаға тән адамгершілік қасиеттерді дамыту мен бос уақытты саналы пайдалану.

Күнделікті өмірде адамның моралдық-адамгершілік қағидалардан ауытқу фактілері жиі кездеседі. Мәселен, Ф. М. Достоевскийдің «Записки из подполья» шығармасының кейіпкері өзінің топас еркімен өмір сүргіс келеді; сондықтан бүкіл әлем қирап жатса да бәрібір, ол шай ішіп отыра бермек. Оның психологиясы арқылы Достоевский асқынып келе жатқан қоғамдық «нигилизм» (жалаңаштану) құбылысын әшкерелейді.
Адамгершілікті адамның негізгі критерийлері оның адамгершілік ұстанымдары, моралдық қағидалары, құндылықтары, сондай-ақ жақын және таныс адамдарға қатысты қылықтары болып табылады.
Осы ретте Л. Н. Толстойдың дүниеде «зұлымдықтың» өршуі идеясын еске алған артық болмас. «Жалған купон» әңгімесінде гимназист дүкеншіні алдап соғады; ал, ол, өз кезегінде шаруаға әкелген отыны үшін жалған ақша ұсынады. Оқиғаның ары қарай өрбуіне орай шаруа қылмыскерге айналады. Бұл ретте Л. Н. Толстой оқушының назарын «өзіңе тілемегенді өзгеге жасама» деген ежелгі постулаттың күнделікті тіршіліктегі орын алуына аударады.
Адамгершілікке тәрбиелеу үдерісінде нандыра білу мен жеке тәжірибе, кеңес, тілек, қолдау пікір, қимыл мен әрекеттерді оң бағалау, жетістіктер мен артықшылықтарды қоғамдық мойындау сияқты әдістер кеңінен қолданылады. Сонымен қатар көркем шығармалар мен практикалық жағдайлар үлгісінде этикалық сұхбаттар мен талқылаулар жүргізу дұрыс. Осымен бір мезетте адамгершілікке тәрбиелеу қоғамдық бетке басу, оған қоса тәртіптік және мерзімі шегерілген жазаларды жоққа шығармайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет