1 Тјрбиеніѕ теориялыќ-тўжырымдамалыќ мјселелері



бет23/45
Дата07.02.2022
өлшемі0,68 Mb.
#94226
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   45
Байланысты:
8cc4cdad-a258-11e4-8a1d-f6d299da70eeпедагогика окулык

Еңбек тәрбиесінің (еңбекке тәрбиелеудің) басты міндеттері: сан-алуан еңбек іс-әрекет түрлеріне адал, жауапты және шығармашылық тұрғыда қатынасуды дамыту мен дайындау, адамның аса маңызды міндеттерін орындау шарты ретінде кәсіби тәжірибені жинақтау.
Аталмыш міндеттерді шешу үшін түрлі тәсілдер мен құралдар қолданылады:

  • тәрбиеленуші мен тәрбиешінің өзара сабақтаса жұмыс жасауын ұйымдастыру;

  • кейбір еңбек түрлерінің отбасы, қызметкерлер ұжымы, жалпы кәсіпорын, Отан үшін пайдалы мағынасы бар екендігін түсіндіру;

  • еңбек өнімділігін арттырғаны және шығармашылық танытқаны үшін материалдық және рухани көтермелеу;

  • отбасы, ұжым, елдің еңбек дәстүрлерімен таныстыру;

  • қызығушылықтарына орай еңбекті ұйымдастырудың үйірмелік формалары (техникалық шығармашылық, модельдеу, театрлық көріністер, кулинария және т.б.);

  • нақтылы операцияларды орындау кезінде еңбек дағдыларын қалыптастыру жаттығуларын жасау (оқу, есептеу, хат жазу, компьютерды пайдалану; түрлі жөндеу жұмыстары; ағаш пен металлдан бұйымдар жасау);

  • шығармашылық конкурстар мен жарыстар, шығармашылық жұмыстарды көрмеге шығару және олардың сапасын бағалау;

  • уақытша және тұрақты үй тапсырмалары, мектепте сынып бойынша кезекшілік атқару, еңбек бригадаларында қойылған міндеттерді орындау;

  • қоғамдық пайдалы еңбекке жүйелі түрде араласу, кәсіби іс-әрекетін ұйымдастырудың технологиялары мен айлаларына үйрену;

  • уақытты, электроэнергияны және ресурстарды үнемдеуді қадағалау;

  • еңбек нәтижелерін есепке алу мен бағалау (тапсырмалардың орындалуының сапасын, мерзімін және дәлдігін, үдерісті рационализациялау және шығармашылық ыңғайдың болуы);

  • еңбек іс-әрекетіне арнайы кәсіби даярлау (инже­нер, мұғалім, дәрігер, оператор, архивариус, сантехник жіне т.б.).

Эстетикалық тәрбиенің мақсаты шындыққа деген эстетикалық көзқарасты дамыту болып табылады.
Эстетикалық көзқарас әдемілік пен сұлулықты эмоцианалдық қабылдау қабілетімен сипатталады. Бұл тек табиғат немесе өнер туындысына қатысты ғана байқалуы шарт емес. Мәселен, И. Кант кемеңгер адам қолымен жасалған көркем шығарманы қарап тұрып, біз «әдемілікке» қосыламыз. Алайда тек буырқанған мұхит немесе атқылаған вулканға адам қолынан келмес «асқақ» ретінде түйсінеміз.
Әдемілікті қабылдай білу қабілетіне орай адам өзінің жеке бас және айналасындағы адамдардың өміріне, яғни күнделікті тұрмысқа, кәсіби қызметіне және әлеуметтік ландшафтқа эстетикалық тәрбиені әкелуі тиіс. Сонымен қатар эстетикалық тәрбие бізді «таза эстетизмнен» қорғауы қажет.
Эстетикалық тәрбие үдерісінде шығармашылық және әдеби туындылар қолданылады: музыка, өнер, кино, театр, халық фольклоры. Бұл үдерісс көркем, музыкалық, әдеби шығармашылыққа араласуды, дәрістерді, сұхбаттарды, суретшілер және музыканттармен кездесулер мен концерттік кештерді ұйымдастыруды, музей мен көркем көрмелерді аралауды, қала архитектурасын зерттеуді қажетсінеді.
Еңбекті эстетикалық ұйымдастырудың тәрбиелік мәні бар: сынып бөлмелерін, аудиториялар мен білім беру мекемелерін әдемі көріктендіру, оқушылардың, студенттердің және мұғалімдердің киім үлгісінен көрініс беретін көркемдік талғам. Мысалдардың қатарына кіреберістердің тазалығын, көшелердің көгалдандыруын, дүкендер мен кеңселердің айрықша дизайндарын жатқызуға болады.
Дене тәрбиесінің негізгі міндеттері дұрыс дене-тұрқылық даму, қозғалыстық дағдылар мен вестибулярлық аппаратты шынықтыру, ағзаны шынықтырудың түрлі процедураларын жасау, сонымен қатар адамның жұмыс қабілетін артыруға бағытталған ерік күші пен мінезді тәрбиелеу болып табылады.
Дене тәрбиесін ұйымдастыру үй, мектеп, жоғары оқу орны, спорт секциялары арқылы жүзеге асырылады. Бұл оқу сабақтарының, еңбек пен демалыс режимдерін қадағалаудың болуын (гимнастикалар мен қозғалыс ойындары, туристік жорықтар мен спорттық жарыстар) және өскелең ұрпақ сырқаттарының дәрігерлік-медициналық профилактика арқылы алдын алуды меңзейді
Дені сау адамды тәрбиелеу үшін күнделікті режим құрамдас бөліктерін қадағалаудың маңызы орасан зор: толыққанды ұйқы, калориялы тамақтану, әртүрлі іс-әрекет түрлерінің ойластырылған үйлесімділігі.
Азаматтық тәрбие адамның отбасына, өзге адамдарға, өзінің халқына, Отанына деген жауапкершілікті қамтиды. Азамат өзінің конституциялық заңдарды ғана емес, сонымен бірге кәсіби міндеттерін тыңғылықты орындауы, сөйтіп елдің өркендеуіне өзінің үлесін қосуы тиіс. Сондай-ақ ол әскери немесе экологиялық кесепаттар қаупінен бүкіл планета тағдырына жауапкершілікті сезінуі мүмкін, әлем азаматына айналады.
Экономикалық тәрбие — қазіргі заман адамының өз отбасы, өндіріс орны, елі ауқымында экономикалық ойлауын дамытуға бағытталған шаралар жүйесі. Бұл үдерісс іскерлік қасиеттердің, яғни үнемшілдік, кәсіпкерлік, есепшілдіктің қалыптасуын ғана қарастырмайды, одан басқа меншік, шаруашылық жүйесі, экономикалық рентабелділік, салық салымы мәселелеріне қатысты білімдерді қордалауды қамтиды.
Экологиялық тәрбие табиғат пен жер бетіндегі барлық тірілердің қайтпастай құндылықтар екенін түсінуге негізделген. Ол адамның табиғатқа, оның ресурстары мен пайдалы қазбаларына, флорасы мен фаунасына құнттап қарауға шақырады. Бұл ретте әрбір адам экологиялық кесепатты болдырмас үшін өзіндік үлесін қосуға міндетті.
Құқықтық тәрбие адамға өзінің құқықтары мен міндеттерін және оларды қадағалаудағы жауапкершілігін түйсінуді меңзейді. Ол елдің Конституциясы мен заңдарына, адамның құқықтарына құрметпен қарауға және оларды елемегендерді сынауға тәрбиелейді.
Тәрбие үдерісін тұтастай алғанда және жекелеген бағыттары ауқымында бірнеше деңгейде бақылауға және ұйымдастыруға болады (В.И. Гинецинский).
Бірінші, социотарлық деңгей деп аталатыны, жалпы белгіленген мәдениет контекстінде қоғамның кез-келген даму сатысында, оның ішінде мәдениеттің түлі формаларда трансляциялануымен байланысты және олардың жас ұрпаққа көрінуіне қатысты қауымдастық яки әлеует (социум) өмірінің нақ сондай қырларында болсын тәрбиенің тұрақты функция ретінде қала беретіндігімен сипатталады. Қазақстанда осы деңгейдің тәрбиелік мақсаттары Конституцияда, «Білім беру» заңында, сондай-ақ адам құқықтары жөніндегі Халықаралық Конвенцияда және саяси-мемлекеттік құжаттарда анықталған.
Екінші, инстуционалдық деңгей нақты әлеуметтік институттар жағдайында тәрбие мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруды қарастырады. Бұл тұста осы мақсаттарға жету үшін жасақталған арнайы институттар болады. Осындай ұйымдар қатарына балалар үйі мен мектеп-интернаттары, балабақшалар, мектептер мен жоғары оқу орындары, шығармашылық үйлері мен даму орталықтары жатады.
Үшінші, әлеуметтік-психологиялық деңгей жекелеген әлеуметтік топтар, ассоциациялар, ұжымдар шеңберінде тәрбиеленуді меңзейді. Мәселен, кәсіпорын ұжымы өз қызметкерлеріне тәрбиелік ықпал етсе, педагогтар ұжымы педагогтардың шығармашылық қуатын дамытуға әсер етеді.
Төртіншіден, тұлғааралық деңгей тәрбиелеу спецификасын тәрбиеленушінің жеке дара психологиялық және тұлғалық ерекшеліктерін ескеру арқылы тәрбиеші мен тәрбиеленушінің арасындағы ықпалдасу тәжірибесі ретінде анықтайды. Мұндайға мысал бола алатындар: ата-ана тәрбиесі, әлеуметтік психолог жұмысы, балалар, бозбалалар және ересектермен жұмыс жасау педагогтарының қызметі, білім беру жүйесі ауқымында әңгімелесуден туындайтын мұғалімнің оқушыларға тәрбиелік әсері.
Бесінші, интракісілік деңгей мәні тұрғысынан өзін-өзі тәрбиелеу болып табылады. Әртүрлі өмір жағдайларында адамның өзіне-өзі тәрбиелік әсер етуді жүзеге асыруды нұсқайды. Мәселен, оқу тапсырмаларын орындау, емтихан немесе спорттық жарыс кездерінде болатын таңдау мен қайшылық жағдайлары.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет