1 Тјрбиеніѕ теориялыќ-тўжырымдамалыќ мјселелері


Шетелдік тұжырымдамаларды талдау өзектілігі



бет4/45
Дата07.02.2022
өлшемі0,68 Mb.
#94226
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Байланысты:
8cc4cdad-a258-11e4-8a1d-f6d299da70eeпедагогика окулык

1.2 Шетелдік тұжырымдамаларды талдау өзектілігі

Қазіргі заманғы қазақстандық педагогика тәрбиенің жаңа нышандарын іздеуде, сондықтан да оған әлемдегі бар педагогикалық тұжырымдамалар үлкен қызығушылық тудырып отыр. Ғалымдардың ойынша, өзге елдердің педагогикалық тәжірибесі мен ғылымын тану арқылы біз өзіміздің елдегі мәселелерді шешуде, педагогикалық жүйемізді оңтайлы құрып, саналы бағамдауда көмегін тигізеді. Алайда бұл жерде ең бастысы тым шектен шығып кетпей, қайсысы қажет, қайсы бірі керек еместігін анықтап алған жөн. Атақты орыс педагогы К. Д. Ушинскийдің дәлелдемесі бойынша, әр бір халықтың өзіне тән ұлттық тәрбие әдістері бар, ол оның мәдениетіне, өмір салтына, сеніміне, құндылықтарына тікелей тәуелді. Ол оны халықтық білім беру деп атаған және өзге елдердің тәжірибесімен алмасып пайдалану шектеулі түрде қолдану керектігін алға тартқан. Бір халықтың педагогикалық тәжірибесін басқа халыққа дәл сол қалпында пайдалану мүмкін емес деп санаған. Бірақ оның сөзінде ғылымның, педагогикалық теорияның ұшы қиыры жоқ делінген, барлығына ортақ педагогикалық заңдар бар екндігі де ақиқат. Оның сөзінде өзгенің үлгісіне сүйене отырып қолдан жасалған әдістер мүмкін емес дегені шындыққа саяды. Алайда, қазіргі заманғы ғылым бойынша, әр түрлі елдердің педагогикасымен өзара алмасуына толық негіз бар деп саналады, оның ішінде: әр түрлі елдердің экономикасы, білім беруі мен мәдениетіндегі дүниежүзілік ғаламдық әдістері. Ғалымдар білім беру ісіндегі дағдарыс жайында айтады, жастардың әлеуметтену мәселелерін қозғайды. Өкінішке орай, бұл толығымен қазақстандық кеңістікте де орын алған: елдегі әлеуметтік-экономикалық және әлеуметтік-мәдени үлкен өзгерістер біздің жастарымызды, оқушыларымызды батысқа еліктіріп әкетуде. Дәл осы жүйелер Америка, Жапония жалпы Батыс елдерінің педагогикасын танып-білуге деген өзектілігін арттырады. Бүгінде шетелдік жүйе мен теорияны объективті сараптауға толық жағдай туғызылған. Шындығында, білім беру жүйесінде өзара ықпалдасу сауалын оңтайлы түрде қойып, жастар Қазақстанда да, шетелдерде де білім алуы қажет, біздің білім беру жүйесі өзінің беделі мен ерекшілігін жоғалтпай, озық жүйемен алға басса, ал дәстүрлі қазақи тәрбие жүйесі баршылық, оны бүгінде шетелдік зерттеушілер танып отыр. Әдебиеттер мен тәжірибе талдауы көрсеткендей, әлеуметтік-мәдени ерекшеліктеріне қарамастан білім берудің педагогикалық, әдістемелік, адамгершілік-психологиялық қырлары тұрғысынан әр түрлі елдердің педагогтерінің идеялары мазмұны жағынан бір-біріне жақын келеді. Бұған мысал, АҚШтағы гуманистік педагогика және Амонашвили жұмыстары, 80-жылдардағы оқытушы-жаңашылдарының ынтымақтасқан педагогикалық идеялары, ұстанымдары, әдістері.


Батыстың тәрбие тұғыры, жалпы айтқанда, бихевиористік психология мен психоанализге негізделеді. Бихевиоризмге сәйкес, тәрбие дұрыс, қоғам құптайтын мінез-құлықты қалыптастыру болып табылады. Ал психоанализ бойынша, тәрбие –адамның бойындағы қиратушы ырықсыз әуестіктерді («Оны») «Жоғары Меннің» талаптарымен, әлеуметтегі өмірдің ережелерімен үйлестіру үдерісі. Америка мектептерінде біріккен әлеуметтік-психологиялық-педагогикалық қызмет – психологтар, әлеуметтік жұмыскерлер, мұғалімдер, тәрбиешілер топтары – жұмыс істейді. Олардың міндеті – оқушыларға қиын жағдайда, сондай-ақ өзін және қоршаған ортаны тануда, оқуда, мамандық таңдауда психологиялық-педагогикалық кеңес беру және әлеуметтік қолдау жасау. Бұл үшін педагогтар дәстүрлі педагогикалық әдістермен қатар психологиялық және психотерапиялық әдістерді де қолданады: әлеуметтік, этикалық, психологиялық, медициналық, кәсіби мәселелер бойынша дәрістер, баяндамалар, әңгімелер; топтық пікіралмасулар мен рөлдік ойындар, тренингтер; жеке сұхбаттар, сабақтар, кеңестер. Осының бәріне сабақ кестесінде арнайы уақыт бөлінеді, сондай-ақ оқушылардың санасы мен мінез-құлықтарын қалыптастыруды көздейтін сабақтар топтамасынан тұратын арнайы оқу пәндері де жүргізіледі. Мысалы, дау-дамайларды шешуге үйрететін курстар. Батыс тәрбие әдістерін талдай келе, олардың оң жағы ретінде оқушыларды өзін-өзі тануға, дамытуға, басқаруға көп көңіл бөлінетіндігін айту керек. Алайда, тәрбиеленушінің өмірлік проблемаларын психологиялық лаборатория шеңберінде ғана талқылау – кемшілігі тәрізді.
Соңғы жылдары отандық педагогика Шығыстың дәстүрлі тәрбие тәжірибесіне қызығушылық танытуда. Мәселен, жапон және корей елдерінің тәрбие жүйелеріне.
Жапон және корей тәрбие жүйелерінен дәстүрлі қазақ тәрбиесіне ұқсас ортақ тұстарды табуға болады. Мәселен, жапондықтарда да, қазақтардағыдай, баланың барынша еркін немесе қағажу көрмей өсу кезеңі бес жасқа дейін созылады. Бұл жасқа дейін жапондықтар баласын «патшасындай» құрметтесе, бес жастан он бес жасқа дейінгі аралықта «құлдай» жұмсайды, ал он бестен асқан соң «теңдесіндей» араласады. Он бес жасқа келген бала өзінің міндеттерін нақты білетін және ережелерге мүлтіксіз бағынатын ересек адам ретінде саналады. Жапон тәрбиесінің парадоксы да осында қордаланған: балалық шағында барлығы рұқсат етілген баладан тәртіпті және заңға бағына білетін азамат өсіп шығады. Расында, бұл елде кішкентай балаларға барлығы рұқсат етіледі, алайда 5-6 жасқа қарай бала әртүрлі жағдайларда қалай әрекет етуді белгілейтін ережелер мен шектеулерге толы қатаң жүйеге тап болады. Оларға бағынбау мүмкін емес, себебі барлығы да осылай жасайды, сондықтан басқаша жасауға ұмтылу ел алдында абыройдан айрылуға және ортадан аластатылуға барабар. Жапондықтар топтық немесе тобырлық санаға бағдарланған, мұнда топ мүддесі (осы тұста - отбасы) жеке бас мүддесінен жоғары қойылады.
Жапон дүниетанымының негізгі ұстанымдарының бірі – «бәрінің өз орны бар». Жапон тілінде, қазақ тіліндегідей, бір отбасының балаларын бір-біріне қатысты жалпылап атайтын атау жоқ. Мысалы, орыстардың «брат», «сестра» деген атаулары сияқты. Жапондықтар «ани» («аға»), «отоото» («іні»), «анэ» («апа», «әпке»), «имоото» («сіңлі») деп сөйлейді. Сондықтан үлкен-кіші, жоғары-төмен деген түсінік баланың санасында жүреді.
Жапондықтар балаларына дауыс көтермейді, қол жұмсамайды. Баланы ертеден дамыту ойын жапондықтар біріншілердің қатарында айтқан болатын. Жарты ғасыр бұрын әлемге әйгілі «Сони» фирмасының негізін қалаушы Масару Ибуканың «Үштен кейін кеш» атты кітабы жарық көрді. Бұл жапон педагогикасының дамуына жаңа дем бергені анық.
Корей қоғамында да балалар мен жастардың тәрбиесіне көп көңіл бөлінеді. Бұған, мәселен, мынадай дәйек айғақ бола алады: Корей денсаулық сақтау және әлеуметтік мәселелер институтының 2003 жылғы 4 қарашада басылып шыққан деректері бойынша, орташа оңтүстік корей отбасының ай сайын жұмсайтын қаражатының 56% балаларды күтіп, тәрбиелеуге және оларға білім беруге жіберіледі. Оңтүстік Корея тұрғындарының білім алу үшін жұмсайтын шығындары – әлемдегі ең жоғарыладың бірі, кейбір деректерге сүйенсек, Даниядан кейінгі екінші көрсеткішті көрсетеді. Ал жеке меншік репетиторлардың қызметін төлеу жағынан корейліктерге тең келетін ел жоқ екен.
Жапониядағыдай, Кореяда да жеті жасқа дейінгі бала – құдайдың сыйы болып табылады. Балаларға отбасында барлық жан ықыласы мен материалдық мүмкіндіктер жұмсалады. Тіпті ата-аналар арасындағы қарым-қатынас бұзылғанның өзінде де, бұл балаларға ешқандай зиянын тигізбейді. Мектепке дейінгі жастағы баланы корейліктер өте еркін ұстайды. Алайда, мұндай тәрбие стилі бала мектепке барғаннан бастап күрт өзгереді: тәрбие қатаң, баланы мұғалімге, жалпы үлкендерге құрметпен қарауды талап ететін стильге ауысады. Жалпы корей тәрбиесі Конфуцийдің іліміне сай жүзеге асырылады: ата‑аналарын құрметтеу – адамның бойындағы ізгі қасиеттердің жоғарғысы болып саналады, сондықтан да бұл тәрбиенің негізгі міндеті деп тұсініледі. Осы дәстүрдің сақталып келуі әр түрлі әлеуметтік ауытқуларды болдырмауға мүмкіндік береді. Корей педагогикасына балаға қатаң талап қойып, одан сол талапқа сәйкес болуына баулу, сөзі мен жүріс-тұрысына жауап беруге, ерінбей еңбек етуге үйрету тән. Әлеуметтік өсіп-жылжудың корейлік жүйесі биікке жетудің тек бір ғана жолын құптайды – білім арқылы. Әрине, корей тәрбиесінің осындай тұстары үлгі болуға лайық. Өкінішке орай, балаға асыра қысым көрсетудің теріс жақтары да жоқ емес: оның адамның бірегей шешім қабылдау қабілеттілігін төмендететіні белгілі.
Сонымен, шетел білімін алу үшін өзіңді танып-білу және жетілдіру мақсатында оның тұжырымдамаларын зерделеу қажет. Мектеп тарихында көбінде білім беру мен тәрбиенің ортақ тұжырымдамаларын философтар құрастырған. Тәрбиенің мақсаттары мен маңызы туралы, адамгершілік мұрағияттар мен құндылықтар жайында, қоғам мен тәрбиенің ықпалымен тұлға дамуының үрдістері турасындағы сауалдар - осындай мәселелердің барлығын философия қамтыды, осының шеңберінде сонау Ежелгі Шығыс пен Ежелгі Грецияда педагогика дамыды. Алайда қазіргі уақытта да педагогика өз алдына жеке ғылым бола тұра, философия бұл мәселелермен айналысып келеді, бұған арнайы сала, философиялық білімді қамтыған – тәрбие философиясы бар.
Тәрбие философиясы мен педагогиканың бір бөлімі ретіндегі тәрбие теориясының мәселелері өте жақын, негізінен, бұл педагогиканың әдістемелік сұрақтары: педагогикалық шынайылықты зерттеудегі ортақ философиялық нышанын құрастыру, тәрбие тұжырымдамаларын әзірлеу, тәрбие мен білім беруде жаңа тәсілдер іздеу. Тәрбие философиясындағы негізгі мәселелер мынадай санаттардан көрінеді, ол тәрбие, тұлға, социализация, тәрбиенің мақсаттары, мұрағияттары мен құндылықтары. Бұл тұрғыдан алғанда классикалық және қазіргі заманғы тәрбиенің шетелдік талдауы әдістемелік-теориялық мүддені алға тартады, сондай-ақ тәжірибелік: тәрбие мәселесін дұрыс қоя білу және олардың философиялық түсінігі өткенді сараптап, болашаққа болжам жасауына ықпалын тигізеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет