1.3.1 Бихевиористік педагогика
20-ғасырдың басында пайда болған психология осы негізде құрылған. Классикалық бихевиоризмнің пайымдауы бойынша, жеке тұлғаның мінез-құлқын бақылау кезінде оның ішкі жан дүниесін ғылыми әдіс-тәсілдерсіз зерттелінбейтінін көрсетті. Демек, психология пәні мінез-құлық, адамның белсенділігі, бихевиористердің «реакция» деп атаған және зерттеу барысында табиғи-ғылыми әдістерді қолдануға тырысқан, адам психикасы туралы объективті ғылыми білім болып саналады. Жеке тұлға, қоздырғыш жағдаяттар әсеріне байланысты психикасын таниды, ол Павлов оқуларындағы шартты рефлекстерінде де көрініс тапты. Сондықтан да олардың пікірінше, адамды оқыту мен тәрбиелеу, әлеуметтік тұрғыда қолдауға ие болатын, жігерлендіру мақсатында «дұрыс» әсер ететін, өмірде кездесетін жағдайлар ретінде қарастыру керек.
Кейінде жеке тұлғаның мінез-құлқын басқару күрделене түсті. Аса ірі необихевиористердің бірі Б. Ф. Скиннер аңғарғандай, жеке тұлғаның мінез-құлқы оның ынта-жігерін ғана анықтап қоймай, оны қоршаған ортаның әсері, сондай-ақ адамның ішкі жан дүниесі: мәселен, адамның пайымдауы (тәжірибесі, бағыт-бағдарына сай) «реакциясының» нәтижесі, белгілі бір жағдайлардағы іс-әрекеті. Жеке тұлғаның мінез-құлқын реттеп отыру үшін Скиннердің ойынша, оң реакция тудыруда жағымды әрі жағымсыз қосымша күшті пайдалану керек деп санаған.
Адамның жағымды әсер (күш) алуы үшін және жағымсыз күштен арылуы құпталмай, пікірталасу үстінде Скиннердің айтуынша, «оперантты міңезқұлыққа» жатқызады. Өзінің мінезқұлқындағы рационалды бағытты анықтап алмайынша, адам ештеңе істей алмайды, сол арқылы қоғамның құптайтын ісәрекеттеріне мойынсұнып, сынға түскен мінезқұлықтан бойын аулақ ұстай алады. Көрсетілген мұндай көзқарастан адамның мінезқұлқы оқыту мен тәрбие үрдісін құруға жағдай жасайтынын аңғару қиын емес. Скиннердің бағдарламалық оқытуды құрушылардың бірі болғандығы, әрі оқытудың нәтижесін біртіндепбақылап отыруды ұсынған ғалым екендігі баршамызға мәлім. Скиннер және оны жақтаушылардың ойынша, бұл көзқарас «дұрыс» азаматтарды қалыптастыру жолындағы мәселелердің оң шешімін табуға көмектеседі. Олар арнайы мінезқұлық туралы «мінезқұлық технологиясын» құру керек деп есептеген. Скиннердің тұжырымдамасына сәйкес, қоғамдық өмірді басқару үшін қосымша күшті пайдалана отырып жоспарлау керек, жастардың қарсылығын тудырмай, әлеуметке зиян келтірмей, осы көрсетілген қасиеттерге сай қоғам мүшелерін қалыптастыру. Бұл үрдісті ол «модификациялық мінез-құлық» дейді. Жеке тұлғаның қалыптасуында әлеуметтік құпталған мінезқұлыққа итермелеуді көздейді. Оның ойынша, оперантты ісәрекет, яғни қосымша күш жүйесіне сәйкестендірілген мінез-құлық адамның моральдік таңдауынан арылу адамгершілік және рухани факторлардың барлығы мінез-құлықты төмен деңгейге түсірмейді. Осылайша оперантты мінез-құлық адамның нағыз еркін болуына жол ашады. Егер адам қоғам тарапынан берілетін жағымды қосымша күшті пайдаланса, онда ол адам өзін ерікті әрі бақытты сезінеді. Бұдан қоғамның өзі кемелдене түседі. Ол бұл ойларын ғылыми әдебиеттерде ғана жариялап қана өоймай, «Уолден екінші» таңғажайып қияли шығармасында да дамыта түскен.
Бихевиоризмді оқу арқылы адамның мінез-құлқын зерттеу ісінде ілгері жылжу байқалып, педагогика, психология және психотерапия ілімдеріне оң әсерін тигізді. Соңынан мұғалім, әлеуметтік қызметкер, мектеп психологтары туралы кепілдеме де анықталды. Ол мұғалімдердің кәсіби мінез-құлықтарын бихевиоризм әдістері негізінде құрды: мұғалім өзінің іс-тәжірибесінде оқушыға ықпал ету әрекетін мегеріп, іс жүзінде тиімді қолдана білуі керек. Негізінен жағымды қосымша күш көілге оң әсерін тигізеді, себебі олар қанағаттану сенімі мен қол жеткен жетістіктерді бекіту сезімін тудырады. Мұғалімдардің лексикасын өзгерту жөнінде ұсыныс та жасалды. «Балалармен жұмыс барысында қолданылатын жүз сөз» тізімі де жасалған еді, мысалы, онда: жарайсың, мен сен үшін қуаныштымын, мақтауға тұрарлық және басқа сөздерді кездестіруге болады. Оқушының білімі жоғары бағаға жетпеген жағдайда, «сыпайы» түрдегі жағымсыз қосымша күшті пайдаланып, баға беруден бас тартып, «тағы ойлан» деген кеңес беріледі. Бихевиористік педагогика дами келе, гуманистік педагогикаға жақындайды: қосымша күш техникасының болмысы бойынша «Баланы психологтың жылы қабылдауы және сезім рефлексиясы, яғни аффективті-бихевиористі тұрғы ретінде қарастырылады». Бұл баланың сезімін білдіру және онымен өзара байланысындағы жағдайлардың ескеру керектігін білдіреді. Тұтасымен бихевиористік педагогика биоинженерлік тәрбиеге технологиялық тұрғыдан қарауды ұсынады. (Скиннер өзінің зерттеулерінде жануарлармен тәжірибе жасағаны бекер емес). Бихевиористік педагогика тәрбиені технологиялық тұрғысынан ынталандыра түсті. Осыған орай жеке тұлғаның көрсетілген қасиеттер жиынтығы, оқушының моделі, құралдар жүйесі мен әдістері, жобалары жасалды. Бұл педагогикада технократикалық бетбұрысқа ықпал етеді: жеке тұлғаны қалыптастыруда ғылыми-педагогикалық әдістерді жетілдіру арқылы қоғамды бақылауға алу. Оқушылар мен үлкендер арасындағы психотроптық әсері теориясы мен практикасы технократикалық тұрғысын көрсетеді. Формокологиялық препараттың көмегімен тәрбиелеу ісі барлық адамгершілік және құқықтық нормаларға қайшы келеді.
Скиннердің ғылыми ойлары ең алдымен жеке тұлғаны өрескел түрде пайдаланғандығын сынға алып және сыналу қалпында қарастырады. Бихевиоризм адам өмірін биологиялық, механикалық әсеріне қарай жіктей келе, оның сана-сезімін, құндылықтарын, адамгершілік қағидаларын, көзқарастарын, түрткілерін, ерік-жігерін яғни, жеке тұлғаның мінез-құлығын айқындайтын барлық ерекшеліктерін ескермейді. Скиннердің қарсыластары, оны адамның гуманистік қасиеттеріне қарсы болғандығын, жеке адамды басқару ойын қатаң сынға алады. Әйтсе де оның «мінез-құлық технологиясын» жақтаушылар жоқ емес. (Әсіресе, АҚШта). Олардың пайымдауынша, тәрбие жүйесінде, мектептерде тәртіпті, тіл алғыш, қоғамда өз рөлін бұлжытпай орындаушы, жауапкершілігі мол азаматтарды тәрбиелеуді жақтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |