1 Тјрбиеніѕ теориялыќ-тўжырымдамалыќ мјселелері


Неопозитивизм («жаңа гуманизм»)



бет8/45
Дата07.02.2022
өлшемі0,68 Mb.
#94226
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   45
Байланысты:
8cc4cdad-a258-11e4-8a1d-f6d299da70eeпедагогика окулык

1.3.3 Неопозитивизм («жаңа гуманизм»)

Бұл философиялық-педагогикалық тұжырымдама классикалық позитивизм негізінен бастау алған, қазіргі жаңаша бағыттағы мектептерде кеңінен қолданылады. «Жаңа гуманизмге» тән алыпсатарлықфилософия теориясын теріске шығарады, ол нақты ғылыми білімге негіздейді. Әлеуметтік ғылымдар, соның ішінде педагогика да сол ғылыми әдістерді, табиғаттағы ғылымда көрсетілгендей, тексерістен өткен тәжірибеде қолдану керек. Неопозитивизмнің ерекше көңіл аударатын аймағы - ғылыми білімнің ерекшелігі, оның логикасы, құрамдас бөліктері, дамуы. Тәрбие осы ұстанымдарды талдайды. Ол ғылыми-эмпириялық, тексеорілген және объективті деректер, жаңаша ойлау идеологиясына негізделген дүниетанымынан босауы қажет.


Неопозитивистік педагогикасы жастардың саяси, әлеуметтік индокринациясына, тәрбие идеологиясына, адамның айлалы әрекеттенуі, жеке тұлғаға қысымдылық жасауға қарама-қайшылықпен қарайды. Мектептің міндеті ретінде жеке интеллектуалдық дамуы, «танымдық құрылыстың» санада қалыптасуын қамтиды, осының көмегімен ойлау қабілеті жетілген адам дамиды, дүниедегі конфрантацияға жол ашпай, сондай-ақ еркін қалуын санайды.
Неопозитивизмге білім мәдениеті, әлемді өзінше түсіну, жеке тұлғаның интеллектуалдық дамуы жатады. Бұл Дж.Брунердің оқытуды талдау үрдісіндегі философиялық негіз болып табылады, бұл оқытуды ақпараттық-технологиялық ғылымилыққа тарту деп түсіндіріледі. Оның бағыты сцентизм деп аталуы бекер емес. Сцентистік тұрғыда да тәрбие үрдісінің талдауы айқын көрініс тапқан. Ғалымдардың айтуынша тұлғаның адамгершілік қасиеттері оның моральдік пікірі мен қабілетіне байланысы дамиды. «Жаңа гуманизмнің» негізін салушылардың бірі, теоретик Л. Кольберг тұлғаның моральдік дамуы туралы ілім жасады, осыған байланысты тұлға өзінің адамгершілік дамуының үш кезеңінен өтеді. Бала моральдік деңгейге дейін жазалаудан қорыққаннан орындайды. Конвенциялық деңгейде моральді сақтау, қоғамға, топқа кіруіне, олардың талаптарына сай өзін қорғай білу мақсатында игілікті істерге кеңелу деп анықталады. Адамгершілік дамуының үшінші сатысы - автономиялық: адам адамгершілік мінез-құлығын өз еркімен таңдайды, яғни нормаға сәйкес өмір сүруді түсіну, өзінің ар-ожданына сүйене отырып, қайырымдылық, әділдік қасиеттерін еркін түрде таңдайды.
Адамның жоғары сатысына шығуы - (Кольбергтің деректері бойынша бұған көптеген адамдар жете алмайды) қабілеттер дамуы моральдік пікірмен анықталады, моральдік қағидалардің құрылу аймағы, моральдің мазмұны, автордың ойынша бұл барлық кезеңдер мен қоғамда мәңгілік өмір сүреді. Былайша айтқанда, адамгершіліктің қалыптасуында моральдік тұжырымдарға баса назар аударылады және адамгершілік сезімі ескерілмейді, әлеуметтік институттар қоғаммен бөлінбейді. Кольбергтің моральдік дилеммасы ретінде белгілі болғандай, ол балалардың білімі мен моральдік деңгейін зерттейді. Моральдік дилемманың шешімі, олардың рөлдік ойындары - неопозитивизм педагогикасындағы моральді оқытудың бір әдіссі ретінде танылған, ол дискуссия, талдау және «мораль тілін» танып-білумен қатар жүрген, яғни, мораль білімінің түсінігі, қағидасы, мазмұны және құрамдас бөліктерінен құралған әдістері. Адамгершілік сананың қалыптасуында негізінен ауыз екі әәдістер қолданылды, ол мінез–құлықтың санадан алшақтауына әкеп итермелейді, ақыл–парасаттылық логикалық қалыптан тым асыра қолданылуы (сциентизм бағытында).
Бұл тұжырымдаманың оң көріністері ө бетінше еркін түрдегі жеке тұлғаны қалыптастыруға ұмтылу, моральдік білім негізіне сүйене отырып, адамгершілік мінез–құлықты анықтайды (дамудың ең жоғарғы сатысы); интеллектуалдық дамуға бағыттау, оқудың жоғары ғылыми деңгейі және оқытудың зерттеу әдістері. Әйтсе де тәрбие кең ауқымда тілдік, көреген пайымдаудан, көп жағдайда әлеуметтенуден алшақ, нағыз өмірдегі бар мәселелерден тұрады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет