Пән бойынша оқу бағдарламасының мазмұны
1 бөлім. Педагогиканың жалпы негіздері
тақырып. Мектеп мұғалімі
тақырып. Мектеп мұғалімі
Мектеп мұғалімі, мұғалімдік мамандықтың ерекшеліктері. Мұғалімнің профессиограммасы. Мамандық қасиеттері: балаларға деген сүйіспеншілігі, ұйымдастырушылық, коммуникативтік, дидактикалық, перцептивтік, экспрессивтік, қабілеті, іскерлігі.
Мұғалімнің педагогикалық әдеби мен шеберлігі. 12 жылдық білім жүйесіне көшу жағдайындағы мұғалімнің кәсіптік құзыреттілігін анықтаудың диагностикасы.
тақырып. Практикалық сабақ. 12 жылдық білім жүйесіне көшу
жағдайындағы мұғалімнің кәсіптік құзыреттілігін анықтаудың диагностикасы
Практикалық сабақ. «Құзыреттілік» түсінігі. «Құзыреттілік» және «құзырет» сөздерінің арасындағы айырмашылықтар. Ақпараттық құзыреттілік. Ұстаздың коммуникативтік құзыреттілігі. Мәселені шешу құзыреттілігі. Регулятивтік құзыреттілік. Интелектуалды – педагогикалық құзыреттілік. Операционалдық құзыреттілік. Педагогтың кәсіптік қызметке әзірлік деңгейін анықтау картасы. Мұғалімдер қызметінің диагностикалық бағдарламасы.
Негізгі ұғымдар: Мұғалімнің профессиограммасы. Педагогикалық әдеп және шеберлік, педагогикалық қабілет, кәсіптік құзыреттілігі.
тақырып. Педагогика пәні, зерттеу әдістері
тақырып. Педагогика пәні, оның негізгі ұғымдары
басқа ғылымдармен байланысы. Педагогиканың, этнопедагогиканың қысқаша тарихы.
Педагогика пәні (зерттейтін) арнайы әлеуметтік институттарда (отбасы, білім және тәрбие беретін мекмелер) мақсат көздеп ұйымдастыратын нақты педагогикалық процесс. Педагогиканың ғылыми таным саласы – тәрбие. Педагогика жалпы адам тәрбиесінің заңдылықтары жайындағы ғылым. Педагогикалық ұғымдар: тәрбие, білім беру, оқыту. Педагогика ғылымының зерттейтін мәсілелері, міндеті. Қазіргі педагогикалық зерттеулердің негізгі бағыттары.
тақырып. Педагогиканың шығуы және дамуы
Педагогика ғылымының пайда болу себептері. Ертедегі шығыс елдеріндегі алғашқы педагогикалық ой-пікірлер. Ежелгі дүние философиясы. Сократ, Платон, Аристотель Демокрит саясат, тәрбие, мемлекет, жеке адам тәрбиесінің мақсаттары мен мазмұны туралы. Феодалдық қоғамдағы педагогикалық идеялар. Педагогиканың жеке ғылым ретіндегі мәртебесінің Ян Коменскийдің негізгі еңбегі «Ұлы дидактика» еңбегімен бекуі.
Джон Локк, Жан-Жак Руссоның, И.Песталоццидің педагогикалық көзқарастары. Россиядағы революциялық-демократияшыл идеялардағы педагогикалық көзқарастар. Кеңес педагогикасы. Қазақстандағы педагогикалық ой пікірлердің дамуы.
тақырып. Педагогика ғылымынң салалары және оның басқа ғылымдармен байланысы.
Педагогиканың дамып, тәрбие мен білім беру жайлы ғылыми тарауларға бөлінуі. Педагогиканың жүйесі: жалпы педагогика, жас педагогикасы (мектепалды, мектепке дейінгі, мектеп және ересектер педагогикасы); арнайы педагогика; әлеуметтік педагогика.
Жалпы педагогиканың 4 бөлімі: оқу-тәрбие процесінің негіздері; дидактика; тәрбие теориясы; мектептану. Пәндерді оқытудың әдістемесі. Педагогика тарихы. Дефектология. Әлеуметтік педагогика. Педагогика ғылымының басқа ғылымдармен байланысы.
Педагогиканың методологиялық негізі және ғылыми педагогиканың зерттеу әдістері
Ғылыми педагогикалық зерттеу ұғымы, оның құрылымы.
Педагогиканың методологиясы. Педагогика методологиясының категориялары, нысаны. Педагогикалық зерттеу мақсаты. Педагогика ғылымының теориялық, практикалық, прогностикалық функциясы. Педагогикалық зерттеу әдістері. Логикалық тәсілдер (индукция, дедукция, жіктеу, анология, салыстыру). Эмперикалық әдістер.
тақырып. Қазақсатан Республикасының білім беру жүйесі
тақырып. Еліміздегі білім беру жүйесінің тарихы
Білім беру жүйесіне анықтама. Еліміздегі білім беру жүйесінің тарихы. Орта ғасырдағы білім беру мәселелері. ХVІІІғ-ХХғ білім беру жүйесіне сипаттама.
тақырып. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің құрылу
принциптері, құрылымы
ҚР «Білім туралы» жаңа заңының міндеттері. Білім беру жүйесінің принциптері. Білім беру деңгейлері (Білім туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі №319 Заңы бойынша): мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту; бастауыш білім беру; негізгі орта білім беру; орта білім беру (жалпы орта білім беруді, техникалық және кәсіптік білім беруді); орта білімнен кейінгі білім беруді; жоғары білім беру; жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру. 12 жылдық мектептің құрылымы.
1.4 тақырып Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі.
Практикалық сабақ. Қазақстан Республикасының білім беру жүйесі. Қазақстан Республикасының «Білім беру» Заңы (2007 ж.). Білім беру жүйесінің принциптерін және құрылымын талдау. 12 – жылдық білім жүйесіне көшу мәселелері.
Негізгі ұғымдар: білім беру жүйесі, принциптері, техикалық және кәсіптік білім беру.
1.4 тақырып Жеке тұлғаның тәрбиесі, қалыптасуы
1.4.1 тақырып Баланың дамуына әсер ететін әлеуметтік, биологиялық, психологиялық факторлар
Даму, қалыптасу ұғымдарының мәні. Білім беру мен тәрбиелеудің педагогикалық тұжырымдамалары. Бала дамуына әсер ететін әлеуметтік, биологиялық, психологиялық факторлар. Тұқым қуалаушылық, орта мен тәрбиенің бала дамуында алатын орны. Белсенділіктің түрлері, оның тұлға дамуындағы рөлі.
1.4.2 тақырып Жас ерекшеліктері туралы ұғым. Белгілі кезеңдерге бөлінуі
«Жас ерекшеліктері» ұғымының анықтамасы. Мектепке дейінгі балалық шақ. Төменгі сынып оқушысын дамыту мен тәрбиелеудің ерекшеліктері.
Жеткіншек балаларды дамыту және тәрбиелеу ерекшелігі. Жеткіншектің жеке басы дамуының аса маңызды факторлары. Жас өспірім шақ. (15-17 жас).
Тәрбие және балалардың дербес ерекшеліктері.
Негізгі ұғымдар: бала дамуы, орта, тұқым қуалаушылық, акселерация, өтпелі кезең, рефлексия, есею сезімі, өзін –өзі тәрбиелеу, іс – әрекет, қарым-қатынас.
тақырып. Жеке тұлғаның дамуы және қалыптасуы
Практикалық сабақ. Жеке адамның дамуына әсер ететін факторлар. Даму факторларының жүйесін, жүйедегі әрбір компонентінің өзара байланыс шарттылығын анықтау. Даму факторлары туралы өз ойларын айту. Баланың жас кезеңдеріне сай даму ерекшеліктеріне сипаттама беру. Жаңа зерттеулерге сүйеніп, жеке тұлғаның дамуы және қалыптасуы туралы ақпараттарды өз беттерінше толықтыру.
2 бөлім Тәрбие теориясы
2.1 тақырып Қазіргі қоғамдағы тәрбиенің мақсаты, міндеттері, мәні
2.1.1 тақырып Тәрбие әләуметтік құбылыс, ерекшелігі. Тәрбиенің мақсаты мен міндеттері
Тәрбие әләуметтік құбылыс. Педагогика классиктерінің тәрбие мақсаты жөніндегі пікірлері. Тәрбиенің мақсат, міндеттері. Жетілген адамның ұлттық сипаты. Тәрбие процесінің мәні. Өзін – өзі тәрбиелеу және қайта тәрбиелеу.
Негізгі ұғымдар: Тәрбие мақсаты, іс – әрекет, қарым – қатынас, тәрбиелік,білімділік, тәрбиенің заңдылықтары мен принциптері, тәрбиенің кешенді сипаты, өзін – өзі тәрбиелеу.
2.1.2 тақырып Тәрбиенің заңдылықтары, принциптері
Тәрбиенің идеялылығы мен мақсаттылығы. Жас ұрпақты іс – әрекет пен қарым – қатынас арқылы тәрбиелеу. Тәрбие барысында жеке тұлғаға қойылатын талап пен құрметтің бірлігі. Тәрбиелік ықпалдардың тізбектестігі, жүйелілігі, үздкісіздігі. Оқушылардың жас және жеке ерекщелігін есепке алу. Баланы ұжымда, ұжым арқылы тәрбиелеу. Тәрбие процесінде мұғалім, мектеп, отбасы, қоғамдық ұйымдардың күш қуатын үйлесімді педагогикалық бірізділікке бағыттау.
2.1.3 тақырып Тәрбие үрдісінде өзін – өзі тәрбиелеу мен қайта тәрбиелеу.
Практикалық сабақ. Өзін – өзі тәрбиелеу мәні. Өзін – өзі тәрбиелеудің құрамды бөліктері. Өзін – өзі тәрбиелеу әдістері. Қайта тәрбиелеу әдістері.
2.2 тақырып Тәрбиенің әдістері мен құралдары
2.2.1 тақырып Тәрбие әдістері туралы ұғым, топтастыру. Адамгершілік (қоғамдық) сананы қалыптастыру әдістері
Тәрбие әдістері, анықтамасы, оның жіктелуі. Адамгершілік (қоғамдық) сананы қалыптастыру әдістері: этикалық әңгіме, әңгімелесу, пікірталас, лекциялар, өнеге, көндіру (суггестия).
2.2.2 тақырып Қоғамдық мінез – құлықты қалыптастыру, іс – әрекетті ұйымдастыру, ынталандыру әдістері
Практикалық сабақ. Үйрету, жаттығу, тапсырма беру, ойын, педагогикалық талап. Т.б. Тәрбиедегі ынталандыру әдістері: жарыс, мадақтау, жазалау т.б. оларға қойылатын талаптар. Өзін – өзі байқау және бақылау әдістері.
Негізгі ұғымдар: Тәрбие әдістері, тәсілдері.
2.3 тақырып Оқушыларды тәрбиелеудің мазмұны және тәрбиенің түрлері
2.3.1 тақырып Ақыл-ой тәрбиесі.
Ақыл-ой тәрбиесі және оның міндеттері. Ақыл-ой тәрбиесінің құралдары. Оқу еңбегінің мәдениетіне тәрбиелеу.
Негізгі ұғымдар: ақыл-ой тәрбиесі, оқу еңбегінің мәдениеті
2.3.2 тақырып Адамгершілік тәрбиесі.
Практикалық сабақ. Әл-Фараби, Ы.Алтынсарин т.б. ұлы адамдар мен педагогтардың адамгершілік тәрбиесі туралы ойлары. Адамгершілік тәрбиесінің мазмұны, бағыттары. Діни – рухтық тәрбие. Қыздар тәрбиесі. Жастарды отбасы өміріне даярлау.
Негізгі ұғымдар: Адамгершілік тәрбиесі
2.3.3 тақырып Саналы тәртіп пен тәртіптілікке тәрбиелеу әдістері
Мектеп тәртібінің анықтамасы. Мектеп тәртібінің ерекшеліктері.
Оқушыларды тәртіптілікке тәрбиелеудің негіздері мен әдістері. Тәртіпке тәрбиелеудегі талап қоюдың және түсіндірудің рөлі. Саналы тәртіпке тәрбиелеудегі оқушылардың жас және дара ерекшеліктерін ескеру.
2.3.4 тақырып. Экологиялық тәрбие.
Экология және экологиялық тәрбие жайлы ұғым..Экологиялық тәрбиенің мақсаты мен міндеттері. Оқу – тәрбие процесіндегі экологиялық тәрбие.
2.3.5 тақырып. Еңбек тәрбиесінің маңызы мен міндеттері, мазмұны
Практикалық сабақ. Педагогтар, көрнекті адамдар еңбек тәрбиесі туралы. Еңбекке тәрбиелеудегі қазақ хылқының еңбек дәстүрлері.
Еңбек тәрбиесінің маңызы мен міндеттері. Еңбек тәрбиесінің мазмұны және жүйесі. Кәсіптік бағдар беру жұмысы.
2.3.6 тақырып. Экономикалық білім және тәрбие берудің негіздері
Негізгі экономикалық ұғымдар. Экономикалық білім мен тәрбиенің негізгі міндеттері. Экономикалық тәрбие жүйесі. Экономикалық тәрбиенің әдістері.
Негізгі ұғымдар: Еңбек тәрбиесі, қоғамдық пайдалы еңбек, өніміді еңбек, кәсіптік бағдар беру, экономикалық тәрбие.
2.3.7 тақырып. Эстетикалық тәрбиенің маңызы, міндеттері, мазмұны
Эстетикалық тәрбиенің мәні мен міндеттері. Балаларға эстетикалық тәрбие берудегі ұлттық өнердің рөлі. Оқу процесіндегі эстетикалық тәрбие. Музыка, бейнелеу өнері сабақтары. Эстетикалық тәрбиедегі сыныптан тыс жұмыстар. Күнделікті өмірдегі адамның жеке басы эстетикасы.
Негізгі ұғымдар: эстетикалық тәрбие, бала тәрбиесіндегі ұлттық өнер дәстүрлері, мінез – құлық эстетикасы.
2.3.8 тақырып. Дене тәрбиесінің маңызы, міндеттері, мазмұны
Практикалық сабақ. Дене тәрбиесінің маңызы мен міндеттері. Дене тәрбиесі, мазмұны, бағдарламасы. Бастауыш сыныптағы дене шынықтыру сабақтары. Сыныптан тыс жұмыстар. Тәртіп. Салауатты өмір салты.
Негізгі ұғымдар: дене тәрбиесі, оқушылар гигенасы, режим.
2.3.9 тақырып. Құқықтық тәрбие.
Құқықтық тәрбиенің мазмұны, міндеттері, әдістері. Құқықтық тәрбиенің нысандары мен әдістері.
Негізгі ұғымдар: құқықтық мәдениет, үкімет заңдары.
2.4 тақырып Қазіргі мектептегі балалардың қоғамдық ұйымдары. Балалар ұжымын қалыптастыру
2.4.1 тақырып Қазіргі мектептегі балалардың қоғамдық ұйымдары, міндеттері
Практикалық сабақ. Жастар қозғалысының даму жолдары және мақсаты. «Атамекен», «Жұлдыз» бағдарламаларының маңызы мен міндеттері. «Жас қыран» және «Жас ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымдары.
Негізгі ұғымдар: Ұжым, топтар, перспективалық бағыттар, дәстүлер, ұжымдық-шығармашылық істер, өзін-өзі басқару.
2.4.2 тақырып Көрнекті педагогтардың ұжым туралы зерттеулері. Ұжым белгілері, нығайту қалыптастыру жолдары. Педагогикалық басшылық
«Ұжым» ұғымының мәні. А.С.Макаренко, Н.К.Крупская, В.А.Сухомлинскийдың ұжым теориясының дамуына қосқан үлестері. Ұжымның нығаюы, даму кезеңдері. Балалар ұжымының өзін-өзі басқару мәселелері. И.П.Ивановтың коммунарлық әдістемесі.
2.4.3 тақырып. Ұжымның даму кезеңдерінде оқушылардың іс-әрекеті мен қарым-қатынасын ұйымдастыру ерекшеліктері.
Практикалық сабақ. Ұжым дамуының психологиялық күші – болашақ үміт дүниесі. Бірыңғай педагогикалық талап. Еңбек жарыстары. Іс-әрекет пен қарым-қатынастың ұжым дамуындағы рөлі. Ұжым өміріндегі гуманистік қатынастың ерекше орны.
2.5 тақырып Мұғалім – сынып жетекші
2.5.1 тақырып Мұғалім – сынып жетекшісі. Сынып жетекшісінің негізгі міндеттері қызметінің ерекшеліктері
Мектеп мұғалімінің негізгі міндеттері мен қызметінің ерекшеліктері. Оның тәрбиелік қызметі мен тәрбие жұмысын ұйымдастыруы.
Негізгі ұғымдар: Мұғалім-тірбиеші, тірбие жұмысының жоспары
2.5.2 тақырып. Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысы
Практикалық сабақ. Сынып жетекшісінің тәрбие жұмысының негізгі бағыттары. Сынып жетекшісінің ата-аналармен жұмысы. Тәрбие жұмысын жоспарлау. Жоспар жасағанда ескерілетін жағдайлар. Тәрбие жоспарына қойылатын кейбір талаптар. Жоспардың түрлері
2.6 тақырып Отбасы, мектеп, жұртшылық
2.6.1 тақырып Отбасы – бала тәрбиесінің алғашқы ұжымы. Отбасы тәрбиесінің негізгі мәселелері
Отбасы типтері, отбасының әлеуметтік сипатының белгілері. Отбасы - бала тәрбиесінің алғашқы ұжымы. Отбасы тәрбиесіндегі ата-ананың үлгі өнегесі. Баланы дұрыс тәрбиелеу шарттары.
Негізгі ұғымдар: Отбасында баланы дұрыс тәрбиелеу шарттары. Мектеп, отбасы тәрбиесі, жұртшылық.
2.6.2 тақырып Мектеп пен отбасы, қоғам ынтымақтастығы. Ата-аналармен жұмыстың формалары
Практикалық сабақ. Дәстүрлі: ата-аналар жиналысы; конференциялар; жеке ақыл-кеңестер; үйге бару
Дәстүрлі емес: пікірсайыстар, психологиялық жаттығулар; дөңгелек жоза; ауызша журнал; практикумдар; ата-аналарға арналған кештер; ата-аналар тренингтері.
3 бөлім Дидактика. Оқыту және білім беру теориясы
3.1 тақырып Оқыту үрдісінің мәні, ерекшеліктері
3.1.1 тақырып Дидактика пәні, міндеттері
Дидактика пәні, негізгі ұғымдары. Дидактиканың пайда болып дамуы. Оқыту теориясының негізін қалаушылар. Я.А.Коменский, Ж.Ж.Руссо, И.Т.Песталоцци, К.Д.Ушинский, В.Сухомлинский, А.С.Макаренко т.б.. Қазақстанда дидкатика мен жеке пән әдістемесінің негізін салушылар. Оқыту процесінің мәні, құрылымы. Оқыту процесінің функциялары: білім беру, тәрбиелік, дамытушылық функциялары. Білім, іскерлік, дағды. Оқыту процесінің қозғаушы күштері.
3.1.2 тақырып Дидактиканың негізгі тұжырымдамалары, мәні, функциялары
Дәстүрлі дидактикалық жүйе. Педоцентристік дидактика. Қазіргі дидактикалық жүйе.
Негізгі ұғым: дидактика, оқыту процесі, оқытудың функциялары, құрылымы.
3.1.3 тақырып Оқыту үрдісінің құрылымы.
Оқыту процесінің негізгі құрамдық бөліктері. Оқыту мақсаты (идеальдақ – үлгілі, эталон, оюъективтік, субъективтік). Оқыту мазмұны (ойлар, идеялар, білім, ұғым, ақыл-ой іс-әрекеті тәсілдері, іскерлік, шығармашылық). Оқытушы іс-әрекеті. Оқушының оқу-танымдық іс-әрекеті. Оқыту нәтижелері, оны бағалау.
Негізгі ұғым: оқытушы іс-әрекеті, оқу іс-әрекетінің бөліктері, оқыту іс-әрекетінің маңызды белгілері, оқу іс-әрекетінің өнімдері, құрылымы.
3.1.4 тақырып. Оқушылардың білімді ұғыну сатылары: мотив, қабылдау, түсіну, жинақтау, бекіту, қолдану
Оқушылардың білімді ұғыну сатылары: мотив, қабылдау, түсіну, жинақтау, бекіту, қолдану. Блум таксоманиясы: оқу мақсатының деңгейлері; оқушының іс-әрекеті; мұғалімнің іс-әрекеті; оқушыға берілетін нұсқаулар.
Негізгі ұғым: мотив, қабылдау, түсіну, жинақтау, бекіту, қолдану
3.2 тақырып Оқыту принциптері
3.2.1 тақырып Оқыту заңдылықтары мен принциптері
Оқыту заңдылықтары туралы ұғым. Дидактиканың заңдылықтарының ерекшеліктері. Оқыту процесінің заңдылықтары: оқытудың мақсат-міндеттерінің, мазмұнының, әдіс-тәсілдері, ұйымдастыру формаларының қоғам талабымен байланыстылығы; білім беру, тәрбие, дамыту қызметінің бірлігі, білім, іскерліктің қалыптасуының оқушының даму деңгейімен байланысы; индивидті үйретудің тек қана іс-әрекет арқылы мүмкін болуы. Принциптер мен ережелер туралы ұғым. Оқыту принциптері. Оқыту принциптерінің жүйесін дамытуға үлес қосқан педагогтар: Я.А.Коменский, И.Г.Песталоции, К.Д.Ушинский, Ы.Алтынсарин, Т.Сабыров т.б.
Негізгі ұғым: оқыту заңдылықтары, оқыту принциптері, оқыту ережелері, шарттары.
3.2.2 тақырып. Оқытудың ғылымилығы, түсініктілігі, жүйелілігі, теорияның практикамен байланысы принциптері
Оқытудың ғылымилығы. Ғылым таным. Ғылымилық принципінің талаптарының білім мазмұнына тікелей ықпалы. Ғылымилық принципінің шарттары, түсініктілік принципі. Баланың білімді меңгеру ерекшелңктері. Түсініктілік принципінің оқу материалдарын меңгертуде жүзеге асыру ерекшеліктері. Теория мен практиканың байланысы. Оқытудың бірізділігі және жүйелілігі. Ғылыми білімдердің жүйелі және оқушылардың танымдық мұмкіндіктеріне сай берілу шарты. Оқыту процесі сабақтастығының оқушылардың білімді меңгеруіне ықпалы.
Негізгі ұғым: Оқытудың ғылымилығы. Түсініктілік принципі. Теория мен практиканың байланысы. Оқытудың бірізділігі және жүйелілігі.
3.2.3 тақырып. Оқытудың саналылығы мен белсенділігі, көрнекілік принциптері, беріктігі, ынталандыру, интеграциялау проблемалық принциптер.
Саналылық және белсенділік принципі. Білімді саналы меңгеруге ықпал жасайтын жағдайлар. Көрнекілік принципі. Оның ғылыми негізі. Көрнекілік түрлері. Проблемалық принцип. Интеграциялау принципі. Оның жалпы білім мазмұнын анықтауда, оқу бағдарламалары мен оқулықтарды жазып шығаруда маңызы.
Негізгі ұғым: интеграция, саналылық және белсенділік, проблемалық принцип.
3.2.4 тақырып. Оқыту принциптері
Практикалық сабақ. Оқушылар білімінің беріктігі. Оқытуды ұйымдастыру, оқыту түрлері мен әдістерінің алуан түрін қолдану, оқытатын уақыттың білімнің беріктігіне әсері. Ынталандыру принципі. Оқушының оқуға, білімге, мұғалімнің жеке басына, оқу жұмысының барлық әдістеріне, түрлері мен формаларына ынта-ықыласының маңызы. Ынталандыру принципінің талаптары. Гуманизациялау (ізгілендіру) принципі. Ізгілендіру принципі. Барлық оқыту принциптерінің бір-бірімен байланысы. Принциптерді жүйелі, кешенді қолдану талабы.
3.3 тақырып Білім берудің мазмұны
3.3.1 тақырып Білім берудің мазмұны туралы ұғым. Білімнің мемлекеттік стандарты
Білімнің мазмұны туралы ұғым. Білім құрылымының бөліктері: білім, әлеуметтік тәжірибедегі іс-әрекет тәсілдерін оқушыға үйрету; шығармашылық жұмыс тәжірибесі; тәжірибе, адам, іс-әрекет, құрал, өзара қатынас. Жалпы политехникалық еңбек және кәсіптік білім беру. Стандарт туралы ұғым. Стандарттың негізгі функциясы. Оның заңнамалық негіздері. Стандарттың құрылымы.
3.3.2 тақырып Білім беру мазмұны: оқу жоспары, оқулықтар, оқу бағдарламалары
Оқу жоспары. Мемлекеттік базистік оқу жоспары. Базалық оқу жоспарындағы білімдік салалар. Оқу жоспарының инварианттық (мемлкеттік) және вариативтік (мектептік) бөліктері. Оқу бағдарламалары. Типтік оқу бағдарламалары. Жұмыс оқу бағдарламалары. Авторлық оқу бағдарламалары. Бағдарламаның бөліктері. Мектеп оқулықтары. Мектеп оқулығының атқаратын қызметі. Оқулықтарға қойылатын талаптар.
3.3.3 тақырып. Ғылыми дүниетанымды қалыптастыру жолдары
Дүниетанымның мәні, қызметі. Дүниетанымның түрлері. Діни дүниетаным. Ғылыми дүниетаным – қоғамдық сананың ең жоғарғы түрі. Дүниетанымның құрылымы: көзқарастар; сенім; қажымас қайрат; теориялық ой. Оқушылардың ғылыми дүниетанымының негіздерін оқу- тәрбие проецсінде қалыптастыру жолдары.
3.3.4 тақырып. Білім берудің мазмұны. Жаңа типтегі мектептердегі білім мазмұны
Практикалық сабақ. Білім беру мазмұны туралы құжаттарды талдау. Жаңа типтегі мектептердегі білім мазмұны тарихы. Дарындылықтың түрлері.
Дарынды балаларды іріктеу өлшемдері. Дарынды оқушымен жұмыстың негізгі мақсаты, міндеттері. Дарынды балалармен жұымс мазмұны.
Негізгі ұғым: Білім беру мазмұны, жалпы білім беру, поитехникалық білім, кәсіптік білім, стандарт, оқу жоспары, оқу бағдарламасы, оқулықтар.
3.4 тақырып Оқыту әдістері
3.4.1 тақырып Оқыту әдістері туралы ұғым, топтастыру.
Оқыту әдістері, тәсілдері және құралдары туралы ұғым. Оқыту әдістерінің басты қызметі. Оқыту әдістерін жіктеу мәселесі. Білімді алу көзіне қарай топтастырылған әдістер, дидатикалық мақсатқа жету үшін қолданылатын әдістер; оқушылардың таным белсенділігін көтеру деңгейіне қарай топтастырылған әдістер; оқу-танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру, ынталандыру, бақылау әдістері оқыту әдісіне сәйкес келетін оқу әдістері АКТ технологиясының әдістері: оқу ақпаратын модульдеу; ақпараттық оқыту ортасын құрастыру; қашықтан оқытуда өзара іс-әрекетті жобалау; білім сапасының мониторингісін автоматтандыру.
тақырып. Білімді алу көзіне қарай топтастырылған әдістер
Сөздік әдістері. Сөздік әдісіне қойылатын талаптар. Әңгіме әдісі. Түсіндіру әдісі. Әңгімелесу. Оқу пікірталастары. Кітаппен және оқулықтармен жұмыс. Оқытуда қолданылатын көрнекілік әдістері. Көрнекілік әдістерінің шартты түрдегі екі үлкен тобы: иллюстрация және демонстрация. Оқытудың көрнекілік әдісінің шарттарды: оқытуда қолданылатын тәжірибелік әдістер: жаттығулар, зертханалық және практикалық жұмыстар.
3.4.3 тақырып Таным белсенділігі деңгейіне қарай топтастырылған әдістер
Оқушылардың таным белсенділігіне қарай топтастырылған әдістер. Түсіндірмелі-иллюстративтік әдіс. Репродуктивтік әдіс. Алгоритм ұғымының мәні. Репродуктивтік әдістің бағдарламалық оқытумен тығыз байланысы. Мәселелеік әдіс. Ішінара ізденіс немесе эвристикалық әдіс. Зерттеу әдісі.
3.4.4. тақырып. Ойын – оқыту әдісі. Оқыту әдістерін таңдау
Практикалық сабақ. Оқыту мақсатында қолданылатын ойындардың түрлері. Ойын туралы теориялар (Ф.Врубель, М.Лазарус, Г.Спенсер, К.Крус, С.л.Рубинштейн, Д.Б.Эльконин). симулятивтік ойындар. Іскерлік ойындар. Танымдық ойындар. Идеялар банкі (А.Ф.Осборн). оқыту әдісін таңдау. Оқыту әдісін таңдаудың шарттары.
Негізгі ұғым: Оқыту әдістері, тәсілдері. Оқыту құралдары, өзін-өзі бақылау және бағалау тәсілдері.
3.5 тақырып Оқыту ұйымдастыру формалары туралы ұғым. Топтастыру
3.5.1 тақырып Оқытуды ұйымдастыру формалары туралы ұғым, тарихы
Оқытуды ұйымдастыру формалары туралы ұғымның мәні.
Жекелеп оқыту. Жекелеп-топтап оқыту. Сынып – сабақ жүйесі. Я.А.Коменский сынып-сабақ жүйсінің тәжірибесін зерттеп, оны дүние жүзінің мектептеріне таратушы.
Өзара оқыту жүйесі (А.Белл, Джон Ланкастер). Дальтон жсопары, Виннетка жоспары – жеке жұмыстарды ұйымдастыру арқылы оқыту түрі. Мангейм жүйесі (И.Зиккенер) – оқушыларды қабілетіне қарай бөліп оқыту жобасы. Бригадаларға біріктіріп оқыту.
Достарыңызбен бөлісу: |