1. VI-VII ғасырлардағы ежелгі түріктердің ғылыми еңбектері. Ж. Баласағұн, Әбу-Насыр әл-Фараби, Қожа Ахмет Яссауидің тәлім-тәрбиелік тұжырымдамасы


Құрсақ және бесік тәрбиесі. Жас келінге аналарының ақыл-кеңес айтуы



бет7/12
Дата18.06.2020
өлшемі40,93 Kb.
#73893
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Этнопед, 30.05

6. Құрсақ және бесік тәрбиесі. Жас келінге аналарының ақыл-кеңес айтуы.
Баланың тәрбиесі ана құрсағынан басталады. Баланы дүниеге әкеліп тәрбиелеу, азамат ету – анаға да, әкеге де парыз. Десек те, ең бірінші әйел адамның бойында перзент 9 ай, 9 күн жататын болғандықтан, ең негізгі нәрсе соған байланысты. Осы ретте бала тәрбиелеудегі бірінші қасиет – сабырлылық. Жүкті әйел барынша таза болғаны абзал. Туғаннан соң сәбиін де таза жүріп тамақтандырған жөн. Абайдың әжесі Зере Құнанбайды дәретсіз емізбеген деген дерек бар. Дүниедегі бар сұлулық та, жүрек жылуы да ең алдымен анадан тарайды. Ананың ақ сүті адам баласы үшін аса қасиетті зат. Ана – өмір тұтқасы, өмірге адам әкелуші, тәрбиеші. «Сүтпен сіңген мінез, сүйекпен кетеді» деген қазақта асыл сөз осындайдан туындаса керек. Сондай-ақ құрсақтағы бала мен ананың өмірін бір-бірінен бөліп қарауға әсте болмайды. Ана өз бойындағы қуатты болашақ сәбиіне береді. Мысалы, дәрігердің кеңесімен түрлі дәрумендерді жеу арқылы баланың денсаулығы жақсарады. Ал, таза жүру, жақсы әңгімелер айту, біреуге көмек беру секілді жақсы істер баланы рухани жағынан байытады. Мұны көбі біле бермейді. Осы білмегендіктен бармақ тістейтін жағдайлар орын алуда.
Баланы асырап бағу, тәрбиелеп өсіру әкеге де міндет. Әке дөрекелік мінез көрсетіп, балаларына немқұрайлы қараса, ол тәрбие емес. Тәрбиешінің өзі тәрбиеленген болу керек. Сәби екеуінің ортақ баласы. Тәрбиенің негізі отбасында, әке мен ананың үлгілі өнегесінде қалыптасады. Бала не көрсе, не естісе, соны қайталайды.
Бала құрсаққа біткен сәттен бастап, ананың тәрбиесін алады. Ана құрсағында жатып, анасы нені үйренсе, нені білетін болса, соны бала тез игеріп алатын көрінеді. Тіпті медицинаның өзі құрсақтағы балаға сыртқы дыбыстың әр алуан әсері болатынын әлдеқашан дәлелдеп қойған. Бұл үрдісті біздің бабаларымыз да жақсы білген. Атам қазақ аттың жалында, түйенің қомында көшіп-қонып жүріп ән айтып, күмбірлете күй тартқан. Ән айту арқылы көңілдегі аурудың барлығының қашатынын олар әлімсақтан білсе керек. Шадыман көңіл жас анадан шаттық кернеген, мінезді ұрпақ туады деп сеніпті. Бала бойға біткен сәттен бастап, қазақтың ұлттық тәрбиесін, әдет-ғұрпын бойға сіңіріп, бойына қарап, денсаулығын күтіп, табиғаттың сұлу көріністерін тамашалап, қазақтың дәстүрлі әні мен жырын тыңдағаны абзал. Өйткені ана қуанса, іштегі бала да қуанады, ана қайғырса бала да қайғырады.
Ата-бабамыз сөз өнеріне сыйдыра білген жұрт, «Алып – анадан туады» – дейтін өсиет сөзінде ұрпағына тек тән құрылысының жетілуін ғана емес, «алып» деген сөзінің астарында тәннен де күрделі, жан-дүниесінің де ана құрсағында қалыптасатынын меңзеп отыр. Оны – қалыптастыратын да және тәрбиелеп жетілдіретін де, тек ананың ғана парасаты екенін айтып тұр. Бұл адам жанының 12-мүшесі, яки арналары – түйсік – ұят – сүю – зерде – мінез – жігер – қабылет – ішкі бес сезімдері – бар жан дүниесі де, тәннің мүшелері – жүрек – ми – бауыр – өкпе – бүйрек – тағы басқалары тәрізді, тек ана құрсағында ғана жетіліп тәрбиеленетініне жете мән берілмейді.
Адамның тән құрылыстары – дамудың қандай күрделі жолдарынан өтсе, жан-дүниесі де қарапайым түйсіктен – санаға дейін жетіледі, бұл кезеңнің адам тәрбиесіндегі орны өлшеусіз. Жүрек тәрбиесінің жүйесіне енетін, жанның тума қасиеттерін ұштап тәрбиелеуші – тек ана. Егер адам тәрбиесінің 1-ші және 2-ші кезеңдерін салалай жіктеп ашып айтсақ: Ұрық тазалығы – еркектің аталық парызы болған да, ана құрсағындағы тәрбие – әйелдің аналық парасаты екенін, тіршіліктің бұлжымайтын заңындай етіп өмірге енгізу қажет. Ана атаулы жүкті кездерінде, жаратылыстың өзі бейімдеген қасиеттеріне ауысатындықтан, оның сыртқы бес сезімдері ғана емес, сондай-ақ ішкі бес сезімдері де, аса сезімтал қозғалмалы көңіл-күйде болатындықтары белгілі. Соның салдарындай, қазіргі дүниеге келіп жатқан нәрестелер түгелге жуық жүрек тәрбиелері оянбай, жан дүниелерінің арналары ашылмаған күйлері өмірге келіп жатыр. Сондықтан да, олардың зердесі таяз, жігерлері құм, мінездері дөкір, ұяттан безген, ешкімді де сүймейді, қабілеті әлсіз, түйсігі жоқ, көкірек көздері оянбаған, денсаулықтарының да ақаулары мол, адамдар тобырын көбейтіп отыр. Осының барлығы да бұған дейін ескерілмей келген адам тәрбиесіндегі аса ауыр қателіктер болып есептелінеді. Баланы анасының құрсағында жатқанда-ақ тәрбиелеу керек деген қағида қазір кеңінен таралып кетті. Мұны біреулер құптаса, біреулер жоққа шығарады. Әлі дүниеге келмеген бөбекпен сөйлесуге, оны тәрбиелеуге бола ма, оны қалай дұрыс жасаған дұрыс, соған үңіліп көрейікші. Егер құрсақтағы балаңыздың интеллектін, ақылын, дарынын туылмай жатып дамытам деп ойласаңыз, қателесесіз. Ондай ойдың бәрін бастан шығарыңыз. Ол мүмкін емес. Сіз бұл мерзімде тек баланың эмоциялық сезімталдығын ғана арттыра аласыз. Яғни сезім мүшелерін жаттықтырасыз. Егер құрсақтағы бала айтқан сөздерді түсінеді десеңіз, оның мүмкіндіктерін асыра бағалап жібергеніңіз. Ол не айтып жатқаныңызды түсіну үшін, алдымен сөз мағынасын біліп алу керек (өзіңізді аудармашысыз өзгетілді адамдардың арасында елестетіп көріңіз). Сондықтан іштегі балаңыз сіз оқып берген «Мақта қыз туралы ертегінің» сюжетін түсінеді деп ойламаңыз: ол мақтаның не екенін, қыздың кім екенін білмейді, түсінбейді. Алайда бала сіз ертегі оқып жатқандағы, сөйлегендегі дауыс ырғағын, құбылмалылығын, интонацияны сезінеді, діріл деңгейінде сезеді. Ол діріл жағымды болса, бала рахаттанады. Егер құрсақтағы тәрбие «музыка тыңдау», «поэзия оқу», «қарынды сипау» сияқты істерден тұратын болса, бұл әрекетте де нәтиже мардымсыз болады. Анасының ішінде жатқан сәби бәрін эмоциямен қабылдайтынын айттық. Сіз сезінбей, сылдыратып оқып берген өлең балаға еш әсер етпейді. Анасының көңіл-күйі жақсы ма – іштегі бала да көңілді. Анасы мұңайды ма – баласы да мұңаяды. Сондықтан әр әрекетіңізді «сәннен қалмау» үшін емес, «шын жүректен» атқарыңыз, нәтиже де керемет болады. Тіпті балаға арнайы ештеңе оқмай-ақ, айтпай-ақ, анасы үнемі керемет көңіл-күйде, мейірімділікте жүрсе, соның өзі балаға керемет әсер етеді. Жоғарыда жазылғандарды оқып алып, аяғы ауыр аналарға өмірінен жағымсыз эмоцияларды толықтай алып тастауға да болмайды. Баланы стрестен мүлде алыстатып тастамау керек. Баланың алғашқы эмоциялық күйлері анасынан беріледі дедік, сондықтан ол көңіл-күйдің барлық тұстарын көру керек: жылауды да, ашулануды да, уайымды да, тек мөлшерімен
Бесік – өмірге жаңа келген сәбидің ақ отауы. Ежелден-ақ қазақ баласы бесікте өскен. Сонымен қатар, ырымға, салт-дәстүрге толы болып келеді. Атап өтетін болсақ: жаңа туған нәрестені күтімге алу, оны қырқынан шығару, ат қою, одан кейін бесік тойын жасап, баланы бесікке салу, сол күннен бастап оған «Бесік жырын» айтып тербеп ұйықтату, осылар арқылы барлық жақсылықты, көркем мінезді бойына сіңіру, т.б. Осы салт-дәстүрлердің мән-мазмұны: баланың жақсы азамат болып шығуына ықпал етеді. Мұның барлығы тікелей ата-ананың жауапкершілігіне байланысты болып келеді.
Біздің ардақты аналарымыз «Бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербетеді» ғой. Осымен қатар, қазақ халқында «Бесіксіз үйде береке жоқ» деген сөз де бар. Және де бабаларымыздың «Ел боламын десең, бесігіңді түзе», «Тәрбие– тал бесіктен басталады» деп келешек ұрпаққа аманат етіп, айтып кеткен сөздері де бар. Қазақ халқының бесікті қадірлейтіні соншалықты, атасы жатқан бесік немере, шөбере, шөпшегіне дейін қастерлі мүлкі ретінде сақталып, сол бесікке бөленіп,сол бесіктен ержетеді. Яғни,бір бесік жылдар бойы атадан балаға беріліп отырған. Тіпті,қазақ халқы өзінің кіндік қаны тамған жерін «Туған жерім– алтын бесігім» деп атайды. Бесік тұрмыстық бұйым ғана емес,сонымен қатар, дені сау,саналы ұрпақ өсірудің маңызды мұрасы. Халқымыз қастерлеген бесіктің, ең алдымен, баланың тазалығына, аяқ қолы мен денесінің түзу болып қалыптасуына тигізер пайдасы зор. Өзінде арнайы орнатылған түбек пен шүмек баланың үлкен, кіші дәретін төсегіне, денесіне жайылдырып жібермей, таза және ұзақ ұйықтауына жағдай жасайды. Бұл үй шаруашылығымен айналысып жүретін анаға қолайлы екені түсінікті. Бесіктегі баланың денесіне дымқыл, сыз дарымай құрғақ болады. Бұл, ең біріншіден,денсаулыққа жақсы. Бесік күн ыстықта салқын болса, күн суықта жылы болады. Бесікте баланың аяғы, кеудесі қатты байланады. Бұл нәрестенің көп қозғалмай тыныш жатуы,дәретіне былғанбауы, дене мүшелерінің бір қалыпты өсіп, жетілуі үшін өте қажет.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет