1. VI-VII ғасырлардағы ежелгі түріктердің ғылыми еңбектері. Ж. Баласағұн, Әбу-Насыр әл-Фараби, Қожа Ахмет Яссауидің тәлім-тәрбиелік тұжырымдамасы


А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, Ш.Уәлихановтың халық педагогикасының дамуына қосқан үлесі



бет3/12
Дата18.06.2020
өлшемі40,93 Kb.
#73893
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
Этнопед, 30.05

2. А.Құнанбаев, Ы.Алтынсарин, Ш.Уәлихановтың халық педагогикасының дамуына қосқан үлесі.

Қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы Ыбырай Алтынсарин Қостанай өңірінде белгілі атақты Балқожа бидің отбасында тәрбиеленеді, 9 жасында Орынбор қаласындағы қазақ балаларына арналған жеті жылдық мектепке оқуға түсіп, сондағы шекара комиссиясында қызмет еткен белгілі Шығыс зерттеушісі Григорьевтен сабақ алды. Оның үйінде жиі болып кітапханасынан кітатар оқиды. Мектепті үздік бітірген ол 1857-59 жылдары арасында өз атасы Балғожа бидің песірі (қағаз көшіруші) болады, 1860 жылы Орынбор облыстық басқармасына кіші тілмаштыққа ауысады. Кейіннен өз қалауы бойынша Торғай қаласындағы бастауыш мектепте мұғалім болып келеді. Осы кезден бастап оның ағартушылық-педагогикалық қызметі басталады. Ол ел-елді аралап мектеп ашуға қаражат жинайды. 1864 жылы қаңтардың 8 жұлдызында жұрттың күткен мектебі ашылады.

Алтынсарин балаларға сабақты қызықты, тартымды, әрі түсінікті етіп беруші еді. Мәселен, діни мектептерде молдалардан сабақ алған балалар бір жылда әзер хат таныса, Ыбырайдың оқушылары небәрі үш айдың ішінде хат танитын.

Оқу-тәрбие процесін ұйымдастыруда ол дүние жүзі педагогика классиктері Ушинский, Руссо, Каменский, Толстой, т.б. гуманистік идеяларын басшылыққа алады. Ыбырай Алтынсариннің көзқарастарынан бүкіләлемдік тәлім-тәрбиенің алатын діңгегі гуманистік көзқарас, яғни шәкіртке жылы жүректі болу, мұғалім мен оқушы арасындағы ынтымақтастық принциптерінің көрініс тапқанын байқаймыз. Мысалы, өзінің екі класстық мектептердің меңгерушісіне жазған нұсқау хатында ол «Егер балалар бірдемені түсінбейтін болса, онда оқытушы оларды кінәлауға тиіс емес, оларға түсіндіре алмаған өзін кінәлау тиіс. Ол балалармен сөйлескенде ашуланбай, жұмсақ сөйлесуі, шыдамдылық етуі керек, әрбір нәрсені де ықыласпен түсінікті етіп түсіндіру керек, орынсыз терминдерді қолданбау керек, мұндай сөздер оөушыларға түсініксіз болады да, жалықтырып жібереді…» Ы.Алтынсарин демократиялық-ағартушылық бағыты оның педагогикалық көзқарасының үш бірдей саласынан көрініс тапты. Біріншіден, бүкіл өмір жолын мектеп ашуға, қазақ балаларын оқуға тартуға, дүние ғылымдарын үйретуге және соған оқу құралдарын жазып шыығаруға арнаса, екіншіден, өнегелі ұстаз тәлімгер дасрлауға, оларға күнделікті ғылыми-әдістемелік басшылық жасауға көңіл бөлді. Үшіншіден, шығармаларында қазақ халқының ХІХ ғасырдағы қоғамдық өмірінде болған саяси әлеуметтік мәселелерді жан-жақты қамтып жазуға жұмсады. Ол кез келген шығармаларында шәкірттерді адал, шыншыл, еңбек сүйгіш, өнерлі азамат болуға, жат мінезден бойын аулақ ұстауға шақырды.

Абай Құнанбаев – қазақ халқының ұлы ақыны, әдебиетінің негізін салушы ғана емес, сонымен қатар ұлы ойшылы. Оның поэтикалық шығармалары мен «ғалия» сөздері пәлсапалық, этикалық, эстетикалық, психологиялық, педагогикалық ой пікірлерге толы.

Ұлы ағартушы Абай өзінің көптеген шығармаларында қазақ халқының ауыр тұрмысын және надандығын мінеп-шенеді. Қара басының қамымн ғана ойлайтын, яғни тән қажеттігін өтеуді ғана ескеріп рухани қажеттілікті ойламайтын, біреуді алдып, біреуді арбап күн көрушілерге, өзінен күшті әкімдер алдына жағымпаздықпен көзге түсіп қалуға тырысушыларға Абай мейлінше қарсы болды.Ұлы ойшыл адамның өсіп, жетілуіндегі тәрбие рөліне тоқтала келе, өзінің 19-қара сөзінде «Адам баласы туа сала есті болмайды. Естіп, көріп, ұстап, татып, естілердің айтқандарын есте сақтап қана естілер қатарына қослады. Естіген нәрсені есте сақтау, ғибрат алу ғана есті етеді» -деп ақыл-естің тәрбиенің жемісі арқылы жетілетін ғылыми тұрғыда дәлелдеп береді. Абай «сүйекке біткен мінез сүйекпен бірге кетеді» дейтін теріс көзқарасты әшкерелеп, адам мінезі өмір барысынан сабақ алып, өзін қоршаған жағдайларға байланысты өзгеріске еніп, оның іс-әрекеттері арқылы көрінеді деген тұжырым жасайды. Адам мінезінің түрлерін адамгершілік, моральдық, имандылық тұрғыдан қарастырып, оларды жақсыжәне жаман деп жіктейді. Әдептілікті, сыпайылықты, құмарлықты, тәуелсіздікті жақсы мінезге; сенгіштікті, арсыздықты, мақтаншақтықты, қулықты, жауыздықты жаман мінез деп есептейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет