4. А.Байтұрсынов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов т.б. ұлттық тәрбие жөніндегі зерттеулері.
Ахмет Байтұрсынұлы мен Мағжан Жұмабаевтың мақсат – мұраттары бір еді. Ахмет Байтұрсынұлы қалай елді надандықтан босатам деп армандаса, Мағжан Жұмабаев та дәл сол арманды ісінің басты мәселесі деп білді. Ахмет Байтұрсынов бай педогогикалық мол мұра қалдырды.
Ахмет Байтұрсынов өзінің ғылыми педогогика тәрбие процесінің ерекшеліктерін негізгі кезеңдерін басқа құбылыстармен байланыстырып қарастырады.Олардың заңдылықтарын анықтайды.
Ғылыми философия құлықтық және эстетикалық тәрбиеге байланысты мәселелер зерттеуде педогогика этикамен, эстетикаға ал оқыту мен білім беру проблемаларын зерттеуде таным теориясына сүйенеді.
Педогогика ғылымы философиялық білімді басшылыққа алып, тәрбиенің теориялық және практикалық мәселелерін шешуге үлесін қосады.
Ахметтің жастарға ұсынған адамгершілік жолы адалдық және ғылымды игеру. Ол үшін жастарды адал еңбек етуге, өз мінін өзі көріп түзете білуге шақырады, бар білмнің түп төркіні ақыл деп қорытындылайды. 1928 жылы еліміздің ең алғашқы жоғарғы оқу орны Қазақ Педагогикалық Институтының ашылу салтанатында Ахмет Байтұрсынов: « қазақ институтын ашу – жетілген халықтың жоғарғы мәдениетке жету қажеттілігінің көрсеткіш стимулы» деген болатын. Осы оқу орны ашылған күннен бастап Ахаң онда қазақ тілі мен әдебиет пәнінен дәріс берді. Оы оқу орнының профессоры атағын алды. Ағартушы ғалым өзінің « Оқыту жайында» баяндамасында : « Оқу жұмысының үш жағы үш нәрсеге тіреледі: бірі ақшаға, бірі құралға, бірі мұғалімге. Осы үш тіреуі бірдей тең болса, оқу ауытқымай түзу жүреді. Ол үшеуі тең болмаған жағдайда оқу жұмысы аумалы жүк сияқты, орнықсыз.
Мағжан Жұмабаев «Педагогика» оқулығын жазғанда, елдің сауатын ашу мақсатын көздеген. М.Жұмабаев «Ақынның ақыны» ғана болып қойған жоқ. Ол ең алдымен ұстаз-ағартушы еді. ХХ ғасырдың басында Ә.Бөкейханов бастаған қазақ халқының көзі ашық азаматтары елді құлдық бұғаудан аман алып қалудың жолы – тек қана оқу-ағарту жолы екенін білді. Өздерінің бар білімдерімен саналы ғұмырларын олар – қазақ халқын сауаттандыру ісіне арнады. Олардың бірі оқулық жазса, бірі мектеп ісімен, мұғалімдер даярлаумен айналысты. М.Жұмабаевтың үлесіне (Омбы мұғалімдер институтын бітірген соң) оқулық жазып, мұғалімдер курсын ұйымдастыру тиді. Соның нәтижесінде оның ұшқыр ойынан «Жазылшақ оқу құралдары һәм мектебіміз», «Сауатты бол», «Бастауышта қазақ тілін оқыту», «Педагогика» оқу құралы мен әдістемелері шықты. Әсіресе, оның 1922 жылы жарық көрген «Педагогика» оқулығы сол кез үшін таптырмайтын құрал болды. Мұнда ол тұңғыш рет ұлттық педагогиканы психологиямен байланыстыра отырып, оқытудың тәсілдерін қарастырып, бала тәрбиелеудің және олармен қарым-қатынас жасаудың жолдарын ғылыми тұрғыдан көрсете білді. Сонымен қатар, алғаш рет қазақ тілінде педагогиканың ғылыми терминдерін қалыптастырды. Ізгілік (гуманистік) педагогикасының негізін салды. Ешқандай елге еліктемей қазақ халқының өз педагогикасы, өз мектебінің болуын қалады. Оның үстінде, тіл мәселесін жоғары қойып, баланы 4-сыныпқа дейін таза қазақ тілінде оқытып тәрбиелеуді ұсынды. Халықтық педагогиканы әлемдік педагогикамен ұштастыра отырып, қазақ педагогикасының алдыңғы қатарлы елдердің санатына жақындатуды меңзеді. Баланы заманына сай оқытып, білім беру керектігін алға тартты. М.Жұмабаев пәндерді оқытуда қазақ халқының ұлттық ерекшеліктерін ескере отырып дамыта оқыту, бала қиялын өсіру, өздік ойлау мәселесіне көп көңіл бөлу, ғылымның соңғы жаңалықтарымен балаларды таныстырып отыруды – оқытудың басты принциптеріне жатқызды. Тіптен, ол баланың дұрыс дем алып, тамақтануына шейін оң көзқарас пен ұқыптылықтың қажеттілігіне шейін жазады. «Балаға тәртіпсіз тамақ беретін әйел екеу болса, біреуі қазақ әйелі»,- деп, өткір сын да айтқан. Сондай-ақ, баланы бесікке салып ұйықтатқан кезде, падагогтік білімнің қажет екендігін ескертеді. Ол «Бөлеу һәм бесік» деген бөлімінде («Педагогика» оқулығында): «Қазақ қатыны баланы бесікке екі жерден тас қып байлап тастайды. Бұл балаға зиянды. Баланы ұйықтатарда шешесі долданып тарс-тұрс тербетеді. Мұнымен баланың басы айналады. Басы айналған бала амалсыздан ұйықтайды. Бұдан бала ұйықтап жатқан жоқ. Ол талып жатыр»,-дейді. Сонымен бірге, М.Жұмабаев баланы жастайынан өнерге, бойына сұлулық сезімдерін дарытуға, ән айтып өлең айтуға баулуды нұсқайды. Тілді үйреткенде өте ұқыпты болу қажеттігін қатты ескертеді. «Тілсіз ұлт құриды – оның болашағы жоқ»,- деп, кесіп айтады. Жоғарыда айтқандай М.Жұмабаев педагогикасының басты ілімі (идеясы):
Достарыңызбен бөлісу: |