1,2,4-Триазол-3-тион синтезі
Реактивтер:
құмырсқа қышқылы, тиосемикарбазид,
концентрлі натрий гидроксиді, тұз
қышқылы.
Құрал-жабдықтар:
дөңес түпті колба, сулы жылытқыш, кері
салқындатқыш, сүзгі, воронка.
Жұмыс барысы:
1-саты.
Формилтиосемикарбазид синтезі.
Сулы жылытқышта қыздырылған 16,5 мл құмырсқа қышқылына 8,2 г тиосемикарбазид
қосылады. Қайнаған сулы жылытқышта 30 минут қыздырып, содан кейін 18 мл
қайнаған су қосып,
ыстық ерітіндіні сүзеді. Мұз салынған ыдыста салқындағаннан кейін түскен шөгінділерді сүзгіден
өткізеді. Балқу температурасы 180°С.
2-саты.
1,2,4-триазол-3-тион синтезі.
8 г формилтиосемикарбазидті 2,5 натрий гидроксиді ерітіндісінде 13 мл суда ерітеді, сулы
жылытқышта 1
сағат қыздырып, содан кейін 6 мл концентрлі HCl қышқылын қосып
қышқылдайды. Салқындаған кезде түзілген тұнбаны сүзіп, кептіреді. Балқу температурасы 225-
226°С.
Бақылау сұрақтары:
1. Күміс гидроксидінің аммиак ерітіндісімен формальдегидтің тотығу реакциясын көрсетіңіз
(күміс айна реакциясы). Кетондар бұл реакцияға түсе ме? Түсініктеме беріңіз.
2. Формальдегидтің мыс (II) гидроксидімен тотығуы қандай қосылысқа дейін жүреді?
3. Сірке альдегидінің альдолды және кротондық конденсациясы
мен оның шайырлануының
сызбасын жазыңыз.
4. Формальдегидті полимерлеуді қалай жүзеге асыруға болады? Реакция теңдеуін жазыңыз.
5. Хиноидтық құрылым дегеніміз не?
6. Янтарь қышқылының кальций тұзын пиролиздеу арқылы кетон алу реакциясының
теңдеуін жазыңыз.
7. Йодоформ құмырсқа альдегиді мен ацетоацетикалық эфир түзе ме? Сілтінің қатысуымен
йодпен құмырсқа альдегиді мен ацетосірке эфирінің реакция теңдеулерін жазыңыз.
8. 1,2,4-Триазол-3-тион синтезінің негізгі сатыларын және реакция шарттарын көрсетіңіз.