Жұмыс барысы:
Биік фарфорлы тигельдің ішіне 2,5 г фталь ангидридін, 5 г фенол, 1 мл
концентрлі H
2
SO
4
араластырып құяды. Температура 125-130
о
С-тан аспау керек. 125-130
о
С
температурада 1,5 сағат құмды жылытқышта қыздырады. Реакция конденсацияланған соң, ыстық
ерітіндіні 50 мл ыстық суы бар стаканға құяды. Абайлап фенолдың іші кеткенге дейін ерітіндіні
қайнатады (ерітіндіні қайнатқанда шыны таяқшамен араластырып тұрады). Ерітіндіні
салқындатқан соң, Вюхнер воронкасында сүзеді. Сүзген кезде тұнбаны фильтрге өткізбеуге
тырысу керек. Тұнбаны стаканда 2 рет аздап суық сумен шаяды. Егер сүзгі қағазда тұнба қалып
қойса, сол күйінде оны да суық сумен стаканның үстіне ұстап шаяды. Тұнбаны аз мөлшерде жылы
5%-дық NaOH ерітіндісінде ерітеді. Салқындатып, ерімеген қалдықтардан ерітіндіні сүзіп алады.
Қанық қызыл фильтраттан сірке қышқылының фенолфталейні түзіледі. Содан соң ерітіндіге 1-2
тамшы HCІ тамызамыз да, түнге қалдырады.
Алынған құм тәрізді сары түсті фенолфталейнді Бюхнер воронкасында сүзіп тазалайды. Ол
үшін алынған өнімді стаканға аударып, 10 мл спирте ерітеді. Содан соң, ерітіндіні салқындатады,
ерітіндіге аз ғана мөлшерде активтелген көмір салып 15 минут қайнатады. Ыстық ерітіндіні сүзеді
және тұнбаны ыстық спиртпен фильтрдің үстінде шаяды. Суытылған ерітіндіні араластыра
отырып, 8 мл мөлшерде су қосады. Май тамшылары бөлінетін спиртке батырылған фильтр
арқылы сүзеді. Фильтратты фарфор табақшаға салып, ыстық сулы жылытқышта қыздырса
спирттің біраз мөлшері жоғалып, ұшып кетеді. Ерітіндіні табақшада 30 минутқа қойып қояды.
Бөлінген түссіз немесе ашық сары кристалды сорғызып ауада кептіреді.
Фенолфталеин шығымы – 1 г.
Фенолфталеин –
түссіз, кристалл зат, суда ерімейді, спирте
жақсы ериді. Ыстық эфирде ериді.
Достарыңызбен бөлісу: