6.8 Теодолиттік түсіру жоспарын құрастыру және сызу
Теодолиттік түсіру жоспары 1:1000 немесе 1:2000 ірі масштабта құрастырылады. Оны құрастыруды координаталық торды бөлуден және 50x50 см өлшемді квадратты сызудан бастайды. Координаталық тор Дробышев сызғышының көмегімен бөлінеді (24-сурет). Дробышев сызғышы – бұл 10 см сайын орналасқан кертіктері бар металл сызғыш. Бірінші кертіктің қиғаш шеті - түзу бойымен, ал қалғандары радиустары 10, 20, 30, 40, 50,...,70, 711 сәйкес тең шеңбер доғалары бойынша жасалған. Тік бұрышты салу катеттері 50 см-ден және гипотенузасы 70, 711 см тік бұрыш салуға негізделген.
24-сурет –Дробышев сызғышы
Дробышев сызғышының көмегімен квадраттар салу 25-суретте көрсетілген.
25-сурет – Дробышев сызғышымен координаталық тор салу
I жағдайда ойықтар бойынша алты сызықша белгілейді. II жағдайда бірінші ойық ортасына салынған штрихты І жағдайда алынған соңғы доғамен біріктіреді және вертикаль бойымен ойықтар бойынша 5 доға белгілейді. ІІІ жағдайда бірінші ойықтың қиғаш шетінің ортасын І жағдайда алынған бірінші сызықша ортасымен біріктіреді, ал сызғыштың шетімен ІІ жағдайда алынған соңғы доғаны кертеді және осылайша алғашқы тік бұрышты үшбұрышты алады. Екінші тік бұрышты үшбұрышты салып, осылайша салынған тік бұрыштың қарама-қарсы жақтарында орналасқан нүктелерді қосып, квадраттар торын алады. Торды салу дұрыстығын квадраттар диагональдары ұзындықтарының теңдігі бойынша тексеруге болады.
Координата торын теодолиттік жүріс нүктелерінің координаталарына сәйкес жазады. Бұл үшін Х пен У максимум және минимум мәндерін алады, олар тор квадраттары санын осьтер бойынша табу үшін пайдаланылды.
Төменгі горизонталь тор сызығының (абсциссаның) жанына ең шеткі вертикаль сызықтың тұсына - Х минимум мәндерін, ал ең жоғарғы горизонталь сызықтың жанына Х максимум мәнін жазамыз. Олар квадраттар санын анықтау үшін керекҮ:
;
,
мұндағы xmax, ymax — берілген масштабтағы тор квадратының ұзындығына көбейтілген мәндерге дейін дөңгелектелген нүктелер координаталарының максималды мәні;
xmin, ymin — координаталардың минималды мәндері берілген масштаб бойынша тор квадратының ұзындығына көбейтілген мәндерге дейін дөңгелектенеді.
Достарыңызбен бөлісу: |