№1 зертханалық жұмыс Жер рельефін горизонтальдармен



бет35/51
Дата08.02.2022
өлшемі2,89 Mb.
#121100
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   51
Байланысты:
геодезический практикум каз. (1)

6.10 Ситуацияны жоспарға салу

Ситуацияны жоспарға абристерді пайдалана отырып, толықтығын түсіру деректері бойынша салады. Пикеттік нүктелерді жоспарға теодолиттік жүріс қабырғалары мен төбелерінен бастап жеке заттарды және жергілікті жер контурларына тән түсіру тәсіліне сәйкес салады. Алдымен жоспарға - тұстама тәсілімен, сосын перпендикулярлар, полюстік координаталар, бұрыштық және сызықтық кертіктер тәсілдерімен түсірілген контурлар салады. Горизонталь бұрыштарды транспортирдің көмегімен, ал қашықтықты масштабты сызғыш көмегімен салады.


Жергілікті жер контурларын жоспарға салу кезінде барлық қосымша салынуларды жіңішке сызықтармен орындайды. Нүктелерді абристерге сәйкес жоспарға салу шамасына қарай бекітілген шартты белгілермен жергілікті жер заттары мен контурларын сызады (26-сурет).
Қарындашпен сызылған жоспарды түзетіп, оқытушыға тексеруге береді, сосын тушьпен «1 : 5000, 1 : 2000, 1 : 1000 және 1 : 500 масштабты топографиялық жоспарлар үшін шартты белгілер» бойынша тушьпен сызады, басылым 1967 ж.
Сызу тәртібі мынадай:
1. Геодезиялық негізі (триангуляция, полигонометрия пункттері, теодолиттік жүріс нүктелері, анағұрлым тән биіктік нүктелер).
2. Бағдарлар мен жергілікті заттар, көпірлер және өзендер бойынша құрылыстар және оларға жататын жазбалар.
3. Су айдыны беттерін ақшыл-көгілдір түспен (өзендер, көлдер, тоғандар) бояу.
4. Гидрографиялық желі, кемерлер, координаталық сызықтардың шығуы – жасыл түспен.
5. Елді мекендер және оларға жазылғандар.
6. Жол торабы.
7. Рельеф.
8. Топырақты-өсімдік жабыны.
9. Жиек және жиек сыртын рәсімдеу (26-сурет).
Жоспарды сызу кезінде жазулар сапасына көңіл аударған жөн. Олар белгілі бір өлшемдегі сәйкес шрифтімен орындалуы тиіс.

ТЕОДОЛИТТІК ТҮСІРУ ЖОСПАРЫ


6 - 8 - Г
түсірген: Иванов И.П. №6 кәсіпорын 2004 ж.
Масштабы 1:2000
1
егістік
см=20 м

26-сурет – Теодолиттік түсіру жоспары
7 зертханалық жұмыс – Нивелирді зерттеу. Биікайырымды геометриялық нивелирлеу әдісімен анықтау

Жұмыс мақсаты: Нивелир құрылысын зерделеу, оған тексеру жүргізу және биікайырымды геометриялық нивелирлеу әдісімен анықтауға үйрену.


Керек-жарақтар: Нивелир, штатив, нивелирлік рейкалар, геометриялық нивелирлеу журналы.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   51




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет