6.3 Жүрістің бастапқы қабырғасының дирекциялық бұрышын есептеу
(тірек геодезиялық желісіне байланыстыру )
Түсірілімдік негіздеу мен геодезиялық байланыстыру пункттарының толық сұлбасын құрастырады. Каталогтан арнайы формулярға бастапқы пункттар фомулярына бастапқы пункттар координаталарын жазып алады және кері геодезиялық мәселені шешеді.
Теңестірілген жымдасу бұрыштары бойынша полигонның бастапқы қабырғасының дирекциялық бұрышын табады. Сонымен, мысалы, 5-суретке сәйкес Лесная-Скальная (α Л-С) тірек желісі сызығының дирекциялық бұрышын осы пункттардың координаталары бойынша табады:
. (42)
Теодолиттік жүрістің бастапқы қабырғасының дирекциялық бұрышын есептеу:
жымдасу бұрышы. (43)
Бақылау үшін Лесная-Скальная (α Л-С) сызығының дирекциялық бұрышын есептейді. β2 жымдасу бұрышын біле отырып, бастапқы қабырғаның дирекциялық бұрышын қайтадан алады: (44)
Достарыңызбен бөлісу: |