4.5.5 Вертикаль шеңбер нолінің орнын тексеру
Вертикаль дөңгелек нолінің МО орны деп дүрбінің көздеуіш осінің және цилиндр деңгейлеуіш осінің горизонталь орны кезінде вертикаль дөңгелек бойынша өлшемді атайды. Вертикаль дөңгелек нолінің МО орны 0° тең болуы немесе 0° жуық болуы керек.
МО мәнін қашық нүктені көздеу арқылы солға айналу және оңға айналу кезінде анықтайды және вертикаль дөңгелек бойынша сәйкес СА және ОА өлшемін алады. Вертикаль дөңгелек бойынша өлшем алар алдында горизонталь дөңгелек алидадасы кезінде цилиндр деңгейлеуіш үлбіреуігі ноль-пунктте болуы керек.
ТЗО және 2ТЗОМ теодолиттері үшін МО мәнін формула бойынша есептейді
МО=(СД+ОД+180)/2. (30)
Осы кезде 90 кіші өлшемге 360 қосады. 2ТЗО теодолит МО үшін МО мәнін формула бойынша есептейді
МО=(СД+ОД)/2 . (31)
Егер МО мәні өлшемдік құрылғының қос дәлдігінен асып кетсе, онда түзету жасау қажет.
МО түзету үшін дүрбінің келтіргіш бұрамасын бұрау арқылы вертикаль дөңгелек бойынша, төменде келтірілген формулалардың бірі бойынша есептелетін МО шамасынан бос өлшем орнатады
– Т30 және 2Т30М теодолиттер үшін
= (СД-ОД-180)/2; (32)
=ОД-МО=МО-ОД-180 ; (33)
– 2ТЗО теодолит үшін
=(КЛ-КП)/2 ; (34)
=СД-МО=МО-ОД. (35)
Осы кезде жіптер торының айқаспасы бақыланатын (14 -сурет) нүктеден ығысады. Сонда жіптер торы жиегінің горизонталь түзеткіш бұрамаларын босатып, жіптер торы айқаспасын бақыланатын нүктемен біріктіреді. Бұдан кейін горизонталь түзету бұрамаларын бекітіп, берілген тексеруді және коллимациялық қателікті қайталайды.
№ 5 зертханалық жұмыс – Горизонталь және вертикаль бұрыштарды өлшеу
Жұмыстың мақсаты: Горизонталь және вертикаль бұрыштарды өлшеу тәсілдерін зерделеу, теодолитпен жұмыс істеуде практикалық машықтар алу.
Керек-жарақтар: теодолит, штатив және тіктеуіш.
Горизонталь бұрышты өлшеуге теодолиттерді жұмыс қалпына келтіру қатар жүреді, ол келесі әрекеттерден тұрады: а) аспапты центрлеу; б) лимб жазықтығын горизонталь күйге келтіру; в) бақылау үшін түтік орнату. Теодолитті центрлеу өлшенетін бұрыштың төбесінен бұрыш өлшегіш дөңгелекті орнатумен шектеледі. Центрлеу жіпті тіктеуіштің көмегімен орындалады. Штативті теодолитпен бірге жылжыту арқылы, тіктеуіш шамамен өлшенетін нүкте төбесін белгілейтін нүктенің үстінде болатындай қол жеткізеді.
Горизонталь бұрышты теодолитпен өлшеу амалдармен (19-сурет):
тәсілімен;
қайталау тәсілімен;
дөңгелек амалдар тәсілімен орындалуы мүмкін.
Амалдар тәсілі кезінде өлшеуді бекітілген лимб және босатылған алидада кезінде жүргізеді (19, а - сурет). Алидаданы айналдыру арқылы СД сол дөңгелек кезінде артқы және алдыңғы нүктені біртіндеп көздейді a1 және b1 өлшемдерін алады, жарты амалда бұрыш мәнін есептейді. Түтікті зенит арқылы өткізеді және әрекетті КП оң дөңгелек кезінде қайталайды, a2, b2 өлшемдерін алады.
Бірінші жарты амал: .
Екінші жарты амал: (36)
мұнда a1, b1, a2, b2 – СД және ОД кезінде А және В нүктелерін келтіргенде лимб бойынша өлшемдер.
Жарты амалдар арасындағы бұрыштардың алшақтауы полигонометр жүрістерінде - 1/-ден, ал теодолитті жүрістерде 2/-ден аспауы керек. Екі жарты амалдан есептеп алынған бұрыштың орташа мәнін соңғы мәні ретінде қабылдайды. Егер п бұрышы амалдармен өлшенетін болса, онда әрбір амал кезінде лимбтағы бастапқы өлшемді шамасына ығыстырады.
19 - сурет - Горизонталь бұрышты амалдар тәсілімен өлшеуге берілген сұлба
Қайталау тәсілі кезінде лимб нолін алидада нолімен біріктіреді немесе өлшемді нольге жуық етеді және лимбті айналдыру арқылы дүрбіні түсірілім барысы бойынша артқы А нүктесіне келтіреді, осы күйінде бастапқы а өлшем жасалады.
Бекітілген лимб кезінде алидаданы босатып, түтікті алдыңғы В нүктесіне келтіреді және лимб бойынша bK бақылау өлшемін алады (20-сурет). Бақылау бұрышын есептейді .
Лимбті босатып, түтікті зенит арқылы аударып, дүрбіні қайтадан А нүктесіне келтіреді, осы кезде өлшемді алмайды, себебі бұрынғыдай, өзгеріссіз қалды.
Бекітілген лимб кезінде алидаданы босатып, түтікті қайтадан алдыңғы В нүктесіне келтіреді және b соңғы өлшемін алады.
Бір толық қайталаумен өлшенген бұрыш мәні мынаған тең:
. (37)
20-сурет – Қайталау тәсілімен өлшеу сұлбасы
Бақылау ретінде: - К 45 (полигонометрия), - К 90 (көлбеу қазбалар бойынша) болып табылады. n – қайталаулар кезінде бұрыш мына формула бойынша есептеледі:
, (38)
мұнда k бұрышты өлшеу кезінде алидада «0» лимб «0» арқылы өту саны. Бұл шама формула бойынша бақылау бұрышы арқылы есептеледі:
. (39)
Мысал. Бұрыш үш толық қайталаулармен өлшенген. Горизонталь бұрышты қайталау тәсілімен өлшеу жазбаларының мысалы 5.1-кестеде келтірілген. Өлшемдер алынды:
a=00; bк ; b .
K 00 3.
К=2, себебі 124° х 2 х 3 > 720°:360=2 .
Бұдан ;
K=30 (полигонометрия үшін ұйғарымды алшақтау кезінде 45") .
5.1-кесте – Горизонталь бұрыштарды өлшеу журналы
-
Нүктелер
|
Горизонталь дөңгелек
Өлшемдер
СД ОД
|
Өлшенген горизонталь бұрыш
|
Тұрулары
|
Көздеу
|
0 ' "
|
0 ' "
|
0 ' "
|
О
|
А
В
|
00 02 00
12415 30
|
180 02 00
304 15 00
|
124 13 30
124 13 00
|
Бақылау бұрышы K = 124 0 13/ 30//.
Қайталау тәсілі кезінде көздеу саны амалдар тәсілі кезіндегідей, алайда өлшемдер саны (4n-2)-ге аз, сондықтан бұрышты техникалық теодолитпен өлшеу дәлдігін арттыру үшін қайталау тәсілін пайдаланады.
Қайталау тәсілін - горизонталь және сәл көлбеулі қазбалардағы түсірілім кезінде, ал амалдар тәсілін >30° кезінде қолдану ұсынылады.
Дөңгелек амалдар тәсілі бір нүктеде бірнеше бұрыш өлшеу қажет болғанда, мысалы кен қазбаларының қиылысында қолданылады (19, в - сурет). Өлшеу бекітілген лимб кезінде жүргізіледі, алидаданы айналдыру арқылы, бастапқы нүктеге (горизонтты тұйықтау) қайта келтіріп, өлшемдер жасай отырып, сағат тілінің жүрісімен бақыланатын нүктені көздейді, сосын вертикаль дөңгелектің екінші күйінде таңдап алынған бастапқы бағыттан бастап сағат тілінің жүрісіне қарсы бақыланатын нүктені көздейді, сонда есептер СД кезінде: және ОД: болады. Горизонттың тұйықталмауы . Алынған өлшемдерден орташа мәні шығарылады: аср, bср, сср, kcp. Горизонталь бұрыштар және т.б. орташа өлшемдердің айырмасы бойынша сәйкес бағыттарда есептеледі. Мысалы: және т.б.
Достарыңызбен бөлісу: |