4.4.4 Жіптер торын тексеру
Жіптер торының горизонталь жібі теодолиттің айналу осіне перпендикуляр болуы VV (17, г -сурет) немесе жіптер торының вертикаль штрихы түтіктің коллимациялық жазықтығында орналасуы тиіс.
Осы шартты тексеру үшін жіптер торының горизонталь штрихының шетін нүктеге келтіреді және келтіру бұрамасын айналдыру арқылы горизонталь дөңгелек алидадасын бұрайды. Егер бақылаудағы нүкте горизонталь штрихтан түсетін болса, түзету жасау қажет. Вертикаль штрихты теодолиттен 10-15 м қашықтықта ілінген тіктеуіш жібімен біріктіре отырып, осы тексеруді орындауға болады.
Түзету үшін окуляр бөлігін бекіту бұрамаларын түтік корпусына қарай босатады және окуляр бөлігін шарт орындалғанға дейін жіптер торымен бірге бұрады. Бұдан кейін бекіту бұрамаларын тартады.
Достарыңызбен бөлісу: |