4.3.2 Вертикаль дөңгелек
Теодолиттің вертикаль дөңгелегінің көмегімен вертикаль бұрыштар өлшенеді. Ол лимб пен алидададан тұрады.
Лимб дүрбінің айналу осімен қатты бекітілген және түтікпен бірге бұрылады.
Алидада дүрбімен бекітілмеген және оның айналуы кезінде жылжымайтын болып қалады.
Вертикаль дөңгелекте 0 бастап 359 дейін бір градус сайын Т30 теодолитте - сағат тілінің жүрісіне қарсы және 2Т30М теодолитте сағат тілінің жүрісімен цифрлау болады. 2Т30 теодолитте вертикаль дөңгелекті секторлық цифрлау 0 бастап плюс 75 дейін және 0 бастап минус 75 дейін. Вертикаль дөңгелектің штрихтары мен цифрларын кескіндеу оптикалық құрылғы көмегімен микроскоптың көру шегіне беріледі.
4.3.3 Дүрбі
Дүрбі теодолитті нүктелерге (заттарға) көздеу үшін қызмиет етеді. Жаңа заманғы теодолиттерде іштей фокустайтын дүрбілер қолданылады.
Дүрбінің телеобъективі бақылаудағы заттың шынайы, кері және кішірейтілген кескінін береді.
Дүрбі объективтен, фокустаушы линзадан, жіп торларынан және окулярдан тұрады.
Бақылауды бастар алдында окулярдың диоптрлік сақинасын айналдыру арқылы жіп торларының көру шегінде анық көрініске қол жеткізеді. Бақылау кезінде түтікті нүктеге фокустауды фокустаушы линзаны кремальерлік сақинаны (бұраманы) айналдыру арқылы жылжыта отырып жүзеге асырады.
Дүрбіні затқа келтіруді жартылай бұралған бекіткіш бұрамалар кезінде горизонталь дөңгелектің түтігі мен алидадасын біріктіріп айналдыру арқылы орындайды. Түтіктен жоғары немесе оптикалық көздеуішті көзбен бақылай отырып, затқа дәлдемей келтіруді жүзеге асырады.
Затқа дәл келтіруді алидада мен дүрбінің қысылған бекіткіш бұрамалары кезінде келтіргіш бұрамалармен жүзеге асырады. Осы кезде бақыланатын нүктені жіп торын айқастыру арқылы дәл біріктіреді.
Өлшемдерді горизонталь және вертикаль дөңгелектердің штрихтары мен цифрларының айқын бейнесі пайда болғанға дейін диоптрлік сақинаны айналдыру арқылы көзбен орнатылатын микроскоптың сәйкес шкалалары бойынша жүргізеді. Осы кезде микроскоптың көру шегінде өлшем штрихы немесе өлшем шкаласы көрінеді (12-суретті қараңыз).
Жіптер торы дүрбі объективі беретін кескіндер жазықтығында болатын штрихтар жүйелерінен тұрады. Бір-біріне параллель екі вертикаль штрих жіптер биссекторы деп аталады. Жіптер торының негізгі штрихтарының қиылысу нүктесі жіптер торының айқасуы деп аталады. Екі қысқа горизонталь штрих жіптік қашықтық өлшеуіш болып табылады, оның көмегімен қашықтық өлшеуіш рейкасы бойынша қашықтықты анықтайды.
Достарыңызбен бөлісу: |