Оны тексеру және түзету
Жұмыстың мақсаты: Оптикалық теодолиттің құрылысын, тексеруін және түзетуін зерттеу.
Керек-жарақтар: теодолит, штатив және тіктеуіш.
Теодолиттерді жіктеу және олардың сипаттамалары
Қылжіпті қашықтық өлшеуіш көмегімен жер бетінде және жер асты кен қазбаларында бұрыштар мен қашықтықты өлшеу үшін одан әрі теодолит деп аталатын теодолит-тахеометрді пайдаланады.
МЕСТ 10529-86 сәйкес теодолиттер дәлдігі бойынша 3 типке: жоғары дәлдіктегі, дәл және техникалық болып бөлінеді. Инженерлік практикада 2Т30М, Т30 және 2Т30 техникалық теодолиттер қолданылады. Теодолиттер шифрында Т әрпінен кейінгі сан горизонталь бұрышты бір тәсіл арқылы секундпен (с) өлшеудің квадраттық қателігін білдіреді.
Теодолит құрылысы
2Т30М, Т30 және 2Т30 оптикалық теодолиттер (4.1-кесте) құрылысындағы ерекшеліктер: вертикаль ось жүйесі қайталанғыш; өлшем лимбтің бір жағы бойынша жүргізіледі; массасы мен габариттері аз; негізгі тетіктердің шаң мен су тамшыларынан қорғалғандығы; теодолиттерді дүрбінің көмегімен нүкте үстінен центрлеу мүмкіндігі; бағдар-буссоли көмегімен бағдарлау мүмкіндігі және магниттік азимуттарды анықтау.
Теодолит негізгі бөліктері: горизонталь және вертикаль дөңгелектерден, дүрбі, өлшем құрылғысынан және тіреуіштен тұрады.
4.1-кесте – Теодолиттердің негізгі техникалық сипаттамалары
Достарыңызбен бөлісу: |