5.1 Вертикаль бұрыштарды немесе сызықтардың көлбеу бұрыштарын өлшеу
Вертикаль бұрыш анықталатын нүктеге келтірілген дүрбінің көру осі мен горизонталь жазықтықтан құралған ν көлбеу бұрышы болып табылады. Көлбеу бұрыштарын өлшеуді жергілікті жер сызықтарының горизонталь проекцияларын анықтау үшін орындайды.
Вертикаль бұрыштарды өлшеу теодолит дүрбісінің айналу осіне бекітілген вертикаль дөңгелектің көмегімен жүргізіледі (21-сурет). Вертикаль дөңгелек лимбі 1 дүрбімен 6 қатты байланысқан, оның үстіне лимбтің нольдік диаметрі КК' түтігінің көру осіне параллель. Вертикаль бұрышты өлшеу кезінде лимб жылжымайтын алидадаға 3 қатысты түтікпен бірге айналады.
Теодолиттің вертикаль дөңгелегінің цифрлануына байланысты, 0-1800 бағыты тіктеуіш сызығына сәйкес келген кезде - зениттік бұрыштарды және 0-1800 бағыты горизонталь болғанда сызықтың көлбеу бұрыштарын ( Н) өлшеуге болады (21-сурет).
Отандық аспаптарда цифрлау екінші сұлба бойынша жасалған, сондықтан сызықтардың көлбеу бұрыштарын немесе практикада аталғандай вертикаль бұрыштарды өлшейді. Көлбеу бұрыштарын өлшеу горизонталь бұрыштарды өлшеумен бір мезгілде жүргізіледі.
Көлбеу бұрыштарын Н нүктелер координаталарын және жеке нүктелер арасындағы биікайырымды тригонометрлік нивелирлеу тәсілімен есептеу кезінде теодолит жүрісінің d қабырғасының горизонталь салынуын анықтау үшін өлшейді.
Көздеу сызықтарының көлбеу Н бұрыштарын вертикаль дөңгелектің екі күйінде өлшейді, осыған орай өлшемдер алу кезінде цилиндр деңгейлеуіштің үлбіреуігі ортасында болуы қажет. МО (нольдің орны) тұрақтылығы өлшеу дұрыстығын растайды.
21-сурет – Вертикаль дөңгелектің құрылысы
Вертикаль дөңгелек лимбін цифрлау бағытына байланысты көлбеу бұрышын келесі формулалалр бойынша есептейді:
– вертикаль дөңгелегі сағат тілінің жүрісіне қарсы айналдыра цифрланған теодолиттер (Т5, ТЗО, 2Т30М теодолиттер) үшін көлбеу бұрышын есептеу кезінде мына формулаларды қолданады:
, (40)
мұнда .
Есептеулер кезінде 900 кіші СД немесе ОД өлшемдеріне 3600 қосу қажет.
– вертикаль дөңгелекті нольден бастап екі жағына секторлық цифрлау кезінде – сағат тілінің жүрісімен және жүрісіне қарсы, яғни 2Т5, Т15, 2ТЗО теодолиттер үшін және басқа көлбеу бұрышын мына формулалардың бірімен есептейді:
, (41)
мұнда .
Вертикаль дөңгелегі цилиндр деңгейлеуішпен жабдықталған теодолиттер үшін бұрышын өлшеуді бастар алдында осы деңгейлеуіш үлбіреуігін ортасына шығару керек.
№ 6 зертханалық жұмыс – Теодолиттік түсірілім кезінде камеральдық жұмыстар
Достарыңызбен бөлісу: |