1 Зертханалық жұмыс кирхгоф және ом заңдары бойынша тұРАҚты тоқТЫҢ тармақталған сызықты электр тізбегін зерттеу


Бейсимметриялық жүктемелі үш фазалы тізбектің бейтарап сымы үзілді



бет13/15
Дата25.05.2022
өлшемі0,82 Mb.
#144973
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Электротехниканың теориялық негіздері. Зертханалық жұмыс бойынша әдістемелік нұсқау

Бейсимметриялық жүктемелі үш фазалы тізбектің бейтарап сымы үзілді
Бейсимметриялық жүктемелі тізбекте бейтарап сым үзілсе барлық фазалардағы токтар мен кернеулер өзгереді. Бұл жағдайды векторлық диаграмма арқылы көрсеткен қолайлы (3-сурет).



(3-сурет)
3-суреттегі тізбектің векторлық диаграммасында жүктеменің нөль нүктесі генератордың нөль нүктесімен бірлеспейді. Екеуінің арасында жылжыту (ығысу) кернеуі UnN пайда болады және жылжыған жүктеменің нөль нүктесінде фазалық токтардың алгебралық қосындысы нөльге тең болады.
Үш фазалы тізбектің фазалық жүктемесін қысқа тұйықтау
Бейтарап сымды үш фазалы тізбектің фазалық жүктемесін қысқа тұйықтасақ сол фазадағы ток өте жоғары өсіп кетеді. Бұл жағдай апаттық режимді туғызып қабылдағыштарды қорғау әрекетін тудырады.

Е
гер үш фазалы тізбекте бейтарап сым болмаса «А»-фазадағы жүктеме қысқа тұйықталса жүктеменің нөль нүктесі фазаның А-нүктесімен бірлеседі. Сонда «В» және «С» фазалардың кедергілері сәйкес желілік кернеулерге тәуелді болады. Бұл фазалардағы токтар √3 есе , ал «А» фазадағы ток 3есе өседі (4-сурет). Сондықтан фазалық жүктемелерді қысқа тұйықтау апаттық режимдерді тудырады.
(4-сурет)


8.2. Тәжірибелік жұмысқа тапсырма және оның орындалу тәртібі
2.1. 5-суретте келтірілген сұлбаны жинаңыз. Үш фазалы тізбектің жүктемесі симметриялы болу үшін кедергілеріңіз RA=RB=RC=1кОм.
Ескерту: УИЛС-1 стендте кедергілерді заводтың маркалық нөмірімен алған дұрыс:

RA-07 ; RB-07; RC-07 ; не


RA-05 ; RB-05 ; RC-05 .
Токтар мен кернеулерді виртуалдық аспаптармен не универсалдық Щ-43 ампер-вольт-Ом-метрмен өлшеу керек. Өлшенген мәндерін 1-кестеге жазыңыз.
2.2. Токтардың және кернеулердің мәндері өзгермейтініне сену үшін бейтарап сымды үзу керек. Токтардың және кернеулердің мәндерін өлшеп, 1-кестеге жазыңыз.
2.3. 1-кестеде келтірілген тапсырмаларды орындап, әртүрлі режимдерде өлшенген токтар мен кернеулердің мәндері бойынша векторлық диаграммаларын сызу керек.
1-кесте.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет