1-зертханалық жұмыс. Көлбеу науа бойымен қозғалатын дененің үдеуін анықтау Керекті құралдар: кішкене шар, зертханалық науа, секундомер, сызғыш, металл цилиндр.
Жұмыстың орындалу тәртібі
Науаның бойымен кішкене шар дөңгелегенде оны 31 с кем емес уақыт кететіндей етіп орналастырыңдар.
Дене қозғалысының түрін анықтау. Дененің түзусызықты үдемелі қозғалысын бақылаңдар. Шардың науада 1 с, 2 с және 3 с орын ауыстыруларын белгілеңдер.
Шардың бірінші, екінші және үшінші секндтағы орын ауыстыру модулін табыңдар.
Шардың бірдей уақыт аралығындағы орын ауыстыру модульдерін салыстырыңдар.
Сұраққа жауап беріңдер:
а) Шардың көлбеу науамен қозғалысы бірқалыпты ма, әлде бірқалыпсыз ба?
ә) Неліктен мұндай қорытындыға келіңдер?
3. Дененің түзусызықты бірқалыпсыз қозғалысы кезіндегі орташа жылдамдығының модулін анықтаңдар. 3.1 Шардың наумен қозғалу уақытын өлшеңдер.
3.2 Шардың науамен салыстырғандағы орын ауыстыру модулін өлшеңдер.
3.3 Шардың орташа жылдамдығының модулін табыңдар.
3.4 Орташа жылдамжық модулінің абсолют және салыстырмалы қателіктерін табыңдар.
3.5 Алынған нәтижелерді кестеге енгізіңдер.
4. Көлбеу жазықтықпен қозғалатын дененің үдеуін анықтаңдар. 4.1 Шардың науамен қозғалу уақытын өлшеңдер.
4.2 Шардың науамен салыстырғанда орын ауыстыру модулін өлшеңдер.
4.3 Шардың орташа үдеуінің модулін табыңдар.
4.4 Орташа үдеу модулінің абсолют және салыстырмалы қателіктерін табыңдар.
4.5 Алынған нәтижелері кестеге енгізіңдер.
5. Зертханалық жұмыстың нәтижесін қорытындылаңдар.